Титрометрлік әдіс мс 8218-89



бет2/9
Дата25.12.2021
өлшемі194,99 Kb.
#105297
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2 аптаны4 тапсырмасы ВСС
Тарих Даяна
Индикаторлық әдіс. Қағаз бетіне көлденеңінен жол-жол етіп жағыл-ған бромкреозолпурпурдың 1% спирт ерітіндісі индикатор болады.

Мұндай индикатор кағазды зауыттан бірден дайындап шығарады. Оны ветеринариялық дәріханадан алуға болады. Сүтті жақсылап араластырып болғаннан соң, индикатор қағаздың бір шетін оның ішіне салады. Шамамен жарты минут өткеннен кейін қағазды алып, үстіндегі артық сүтті сілкіп тастайды да, көлденең жолақтардың түсін (иидикатор) сүт қышқылдығының градусын анықтайтын эталонмен салыстырады. Сөйтіп, сүттің қышқылдығын индикаторлық қағазбен, шкала эталонының бірдей болуы арқылы анық-тайды.

Индикаторлық қағазбен желінсау ауруымен сиыр сүтін, сүтке сода араласқанын анықтауға болады, ол уақытта қағаз үстіндегі жолдар қара көк түс болады.

Суалу қарсаңындағы сиыр сүті де индикатор қағазына осылай түс береді.

Бұл қағазды күндіз пайдаланса, оның түсінің өзгеруін анық көруге болады. Қағазды сақтағанда немесе пайдаланғанда оның мал қорасы мен зертханада болатын аммиак иісіне сезімталдығын естен шығармау керек.

Ондай қағазды ауызы жақсы жабылған банка ішіне салып қояды, пайдаланғанда пинцетпен алады.


Спирт үлгісі. Пробиркаға бірнеше мл сүт құяды да үстінен тең етіп 6-8% этил спиртін қосады. Мұқият араластырады. Сүттің қышқылдығы 21-22 градустан жоғары болса, оның ақзаты іріп кетеді де, ақ үлпек пайда болады, оның үлкен немесе кішілігіне қарап, шамамен сүттің титрлік қышқылдығын анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет