Негіздері



бет3/3
Дата27.12.2016
өлшемі0,54 Mb.
#5871
1   2   3

МУСТАКРУҺ
Мустакруһ – Мұхаммед (с.а.у.) мүлде жасамауды жөн көрген іс-әрекеттер. Ол мустакруһ жасаған адамның тек қана зиян шегетінін түсіндірген. Мұстакруһ үлкен күнә болып табылмаса да адамның аса тәрбиесіздігін паш етеді.

  1. Өте ыстық сусындарды, тамақты қабылдау.

  2. Тым суық суды ішу.

  3. Бірден, тамақтың әр түрінен көп жеу.

  4. Аса қажеттілігі болмаса да тамақтану кезінде түрлі құралдарды (қасықтарды, шанышқыларды, пышақтарды) қолдану.

  5. Өзінің аса мәденниетті екендігін көрсету мақсатында биік үстелде тамақтану.

  6. Қажеті болмаса да нанды және піскен етті пышақпен кесу.

  7. Тамақ ішіп отырғанда жан-жағына жалтақтау.

  8. Ауызды толтырып шайнау.

  9. Тамақтанып отырғанды бақылау.

  10. Үстел басында отырып, тамақтың берілуін бақылау.

  11. Тамақты ыдыстың ортасынан алу.

  12. Тістелген үзімді үстелге қайта қою.

  13. Дұрыс шайналмаған тамақты тез жұтып қою.

  14. Ас үстінде көп сөйлеу.

  15. Ас үстінде көп сұйық ішу.

  16. Тамаққа қол сілтеу.

  17. Тамақ ішіп отырғанда тамаққа басты қатты еңкейту.

  18. Судан бас алмай, сиыр құсап ішу.

  19. Бастаудан, судың жағасынан суды жатып ішу.

  20. Күніне екі рет қоректілігі аса жоғары тамақ ішу.

  21. Тамақты қараңғыда ішу.

  22. Қабылдайтын тамаққа үрлеу.

  23. Тамақ ішіп отырып, басқа іс бойынша үзіліс жасау, содан соң қайта кірісу.

  24. Қарны ашпаса да қоректілігі жоғары тамақты қабылдау.

  25. Өте көп ішіп-жеу.

  26. Сырты қапталмаған мыс немесе қола ыдыстан тамақ қабылдау.

  27. Шеті кертілген ыдыстан ішу.

  28. Ыдыстың құлағы жағынан ішу.

  29. Базарда, елдің ортасында, көшеде тамақ жеу.

  30. Пияз, сарымсақ қосылған тамаққа тойып алып, елдің арасына бару.

  31. Ағзаға зиян келтіретін бірдеме қабылдау.

  32. Жуылмаған азық-түлікті қабылдау (жеміс-жидектерді).

  33. Тістің арасынан алынған тамақты жұту.

  34. Майланған қол, ауызбен жүру немесе ұйықтау.

  35. Шикі жемістерді жеу.

  36. Ішіндегісі көрінбейтін ыдыстан ішу.

  37. Алдымен біраз төгіп тастамай, шайнектен су ішу.

  38. Дәрігері жоқ ауылдарда тұру.

  39. Алапес науқасқа (немесе сондайларға) ұзақ қарау.

  40. Жұқпалы аурумен ауырған адамға үш аршиннан (3 құлаштан) жақын бару.

  41. Өте қатты есінеу, түшкіру, жөтелу.

  42. Ауызды қалқаламай есінеу.

  43. Көп кекіру.

  44. Аяқты бір-бірінің үстіне қою, яғни айқастырып отыру.

  45. Саусақтарды айқастырып отыру.

  46. Саусақтардың сүйектерін сыртылдату.

  47. Жан-жағына жалтақтап жүру.

  48. Бір аяққа ғана аяқкиім киіп жүру.

  49. Дамбалды, шалбарды тұрып кию.

  50. Сақалды төрт еліден ұзын өсіру.

  51. Күнге қарсы отыру.

  52. Күн мен түнектің арасында отыру.

  53. Екінті және ақшам намаздарының арасында жазу және оқу(яғни, үшінші және төртінші намаздың аралығында).

  54. Қауіп төніп тұрғанда, жолға шығу.

  55. Жүзу білмейтін адамның судағы саяхат үшін кемеге (қайыққа) отыруы.

  56. Қауіпті жерлерде (жыртқыш аңдар, қарақшылар) кәсіппен шұғылдану, қолөнермен айналысу, тіршілік үшін қаражат табу.

  57. Тістеп, сүзіп алуы мүмкін жануарларға жақын бару.

  58. Түнде үйде жалғыз ұйықтау.

  59. Оттарды өшірмей, ұйқыға жату.

  60. Қанжарды немесе қылышты қолға қынсыз беру.

  61. Тісті қамыспен, қатты ағашпен тазалау.

  62. Өнімді түнде жинау.

  63. Ағаштағы жемістерді түнде жинау.

  64. Лас кәсіппен айналысу (қасапшылық, тері илеуге байланысты жұмыстар).

  65. Қонаққа сый-сыяпат көрсету үшін қарыз ақша алу.

  66. Өзіңнен кедей адамнан қайыр-садақа алу.

  67. Жеу үшін тамақты пышақтың ұшымен, шанышқымен алу.

  68. Тіптен оны тыңдаушылар жалған деп қабылдаған күнде де шындықты айтпау.

МАЗМҰНЫ

Шариғат негіздері 3

Парыз 4

Айн парыз 4



Кифая парыз 7

Уәжіп 8


Сүннет 11

Мұстахаб 16

Мүбаһ 23

Харам 26


Харам зүлми 27

Харам хайри зүлми 31

Мәкруһ тахрими 39

Мұстакруһ 53



«Шариғат негіздері»

Теруге 04.09.2009 ж. берілді.

Басуға 12.09.2009 ж. қол қойылды.

Формат 60/90/16.

Шартты баспа табағы 3,6.

Қағазы офсеттік. Тапсырыс № 106

Таралымы 1000 дана.

“Шығыс Полиграф” баспаханасы.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет