Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Бранхиомикоз және сапролегниоздар



Pdf көрінісі
бет120/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН
2 СРСП, eng email, қарттар, Практикалық сабақ 11, 30 сұрақ, силлабус 3 курс эпизоотология және инфекциялық аурулар
Бранхиомикоз және сапролегниоздар
(дерматомикоздар) – патогенді 
саңырауқұлақтар тудыратын, желбезектердің қабынуымен сипатталатын 
жұқпалы аурулар. Біріншісімен тұқы балық пен сазан жиі ауырады. 
Соңғысымен кез келген балықтың түрі ауруы мүмкін. Сонымен қатар бұл 
ауру секундарлы инфекция ретінде басқа аурулармен қабаттасып байқалады. 
Балықтың жүзу жарғағының қабынуы. 
Мұнымен көбінесе тұқы 
балық 2 жас кезінде ауырады. Сазан бұл ауруға біршама төзімді. Ауру 
қоздырушысы толық анықталмаған. Ауырып жазылған тұқы балық, бұл 
аурумен қайтып ауырмайды.


200 
Балық ауруларына нозологиялық балау: клиникалық, патанатомиялық, 
лабораториялық зерттеу нәтижелері негізінде қойылады. Аурудың нақтылы 
балауын қоюда, лабораториялық зерттеу басты рөл атқарады.
Лабораториялық зерттеуге инфекциялық процестің түрлі сатысындағы 
айқын клиникалық белгілері бар 15-20 дана тірі балықтар арнайы суы бар 
ыдыстарға салынып жіберіледі. Ыдыстағы су балықтар тіршілік еткен су 
қоймаларынан алынуы керек. Балықтар орналасқан ыдыстардағы судың 
температурасы олардың тіршілік еткен ортасындағы су температурасынан 
айырмашылығы 7˚С аспауы қажет. 
Егер, тірі балықты лабораториялық зерттеуге жіберу мүмкіндігі болмаса 
онда, ауру балыққа патологиялық-анатомиялық зерттеу жүргізіп, жарақат-
танған ағзалардан сынамалар алынып 40 % глицериннің судағы ерітіндісіне 
салынып жіберіледі. Қан және басқа да сұйықтар стерильді Пастер түтігі 
арқылы сорылып алынып, ұштары балқытылады. Материал жаз айларында
алынғанан кейін екі сағат ішінде зерттелуі шарт. 
Гистологиялық зерттеуге алынған сынамалар 10% формалин ерітіндісіне 
немесе 70-95˚ спиртке салынады. Ыдыстағы спирттің көлемі материалдан 10 
есе көп болуы қажет.
Сенімді бактериологиялық зерттеу нәтижелері - балықты тірі кезінде 
зерттегенде алынады. Балықты түрлі инфекциялық ауруларға зерттеу 
әдістемелері арнайы нұсқауларда көрсетілген. 
Д а у а л а у ш а р а л а р ы балық өсіретін тоғандар мен су 
қоймаларында зоогигиеналық талаптар мен технологиялық процестердің 
сақталуына, балықтарды орналастыру параметрлеріне, рациондарына және су 
қоймаларында гидрологиялық және гидрохимиялық ережелердің сақталуына,
су қоймаларын сырттан енетін ауру қоздырушысынан қорғау мақсатында 
жүргізілетін дезинфекциялық, карантиндік шараларға байланысты. 
И н ф е к ц и я л ы қ а у р у л а р д а н а р ы л у ш а р а л а р ы су 
қоймалары мен тоғандарда жүргізілген індеттанулық зерттеу нәтижесі 
негізінде құрылған жоспарға сәйкес жүргізіледі. Індетке қарсы жалпы және 
арнайы шаралар індет процесінің негізгі буындарына бағытталуы қажет. 
Негізінен ауру қоздырушысының бастауын анықтауға баса назар аудары-
лады. Ол үшін алдымен ветеринариялық құжаттармен танысып, сұрау 
арқылы балықтардың ауырып, су бетінде қалқуы, өлгені жайында деректер
жинақталады.
Балықтың сырттан әкелінгені, әкелінбегені анықталады. Аналықтарын
толтыру мақсатында сырттан балық әкелінген болса, олардың дауалық 
карантин мерзімінде ұсталғандары, ол кезде зерттелгендіктері анықталады.
Су қоймаларында балықтың тіршіліктеріне мән беріліп, оларды аулау 
арқылы ұстап, клиникалық және патология-анатомиялық зерттеулермен
ауруға алдын ала балау қойылады. Мұнымен қатар олардан алынған
сынамалар вирусологиялық, бактериологиялық зерттеулерге жіберіледі.


201 
Аурудың нозологиялық балауы анықталғанан кейін індеттің шығу 
таралу себептері, індет процесінің негізгі буындары нақтыланады. Яғни, 
ауруға індеттанулық балау қойылады.
Балықтардың аса жұқпалы ауруларында (қызыл балықтың фурун-
кулезінде, форелдердің геморрагиялық өлітиюінде, бронхомикозда су 
қоймалары мен бөгеттерде карантин жарияланады.
Студенттің өзіндік жұмысына тапсырма: 
1. Жұқпалы аурулар анықталып балықтар жаппай өле бастағанда жүргіз-
ілетін зерттеу жүйелері схемасын жасау. 
2. Балықтың инфекциялық ауруларын ерекшеліктері бойынша ажыратып 
балау кестесін құру. 
37-сурет. Қоян миксоматозы мен балық аурулары 
А – қоян миксоматозында бас, құлақ терісінің жарақаттануы; Ә - жүзу 
жарғағының қабынуындағы құрсақ қуысының кебінуі және 
гидростатикалық тепе-теңдіктің бұзылуы; Б – тұқы балықтың 
аэромонозындағы жаралар (язвалар); В – форельдің көктемгі вирус ауруы 
кезіндегі қанталаулар. 
 
 


202 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет