Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Тілме мен обаны балау, дауалау және



Pdf көрінісі
бет98/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Тілме мен обаны балау, дауалау және
сауықтыру шаралары жүйесі 
 
Керекті құралдар. 
Шаруашылықтың инфекциялық аурулардан ветери-
нариялық есеп құжаттары, вакцинация жүргізуге қажетті жабдықтар, 
лабораториялық экспертизалар. 
Орны және жүргізілу әдістемесі. 
Сабақ доңыз фермасында жүргізіледі. 
Студенттер індеттанулық зерттеу жүргізу арқылы шаруашылықтың тілмеден, 
обадан басқа да жұқпалы аурулардан індеттік жағдайын анықтайды. 
Жүргізілген күрес шаралар жүйесіне талдау жасап, бағалайды. Практикалық 
жағдайда жануарларды егу әдістемелерін меңгереді. Тілме мен обаны 
өздеріне тән клиникалық және патологиялық ерешеліктеріе байланысты 
ажыратып балауға арналған іскерлік ойын тапсымаларын шешеді.
Студенттер сабаққа келесі сұрақтар бойынша алдын ала дайындалып 
келулері қажет: 
1. Оба мен тілменің Қазақстандағы доңыз өсіретін шаруашылықтары 
мен фермаларында індеттік жағдайы қандай? 
2. Бұл аурулардың балауында қандай тәсілдер маңызды рөл атқарады? 
3. Бұл ауруларда қандай вакциналар қолданылады? 
4. Обаны тілмеден қандай клиникалық белгілері, паталогиялық-
анатомиялық өзгерістер арқылы ажыратуға болады? 
Оба 
(Pestis suum) – геморрагиялық диатезбен, өлі тиюмен, ішектің 
крупозды-дифтериялық және ойық жаралы жарақаттануымен сипатталатын, 
өте жұғымтал вирустық ауру. 
Қоздырушысы РНК-лы тоговирус. Сыртқы ортада вирус ұзақ уақыт 
сақталып (негізінен қыс кезінде) вируленттігін жоймайды, тиімді дезин-


170 
фектанттар ретінде күйдіргіш натрдың және формальдегидтің 2-3% 
ерітінділері қолданылады. 
Індеттанулық зерттеу 
жүргізгенде обамен үй және жабайы 
доңыздардың жасына, жынысына, тегіне қарамай ауыратыны назарға 
алынады.
 
34-сурет. Доңыз обасы. 
А – терідегі қанталаулар; Ә - лимфа түйініндегі қанталаулар;
Б – жұтқыншақтағы қанталаулар; В – Еуропа обасында талақтағы 
инфаркттар; Г – бүйректің нүктелі қанталаулары; Ғ – тоқ ішектің кілегей 
қабығындағы «бутондар». 
 
Ауру қоздырушысының бастауы ретінде вирусты тасымалдаушылар, 
ауырып жазылған доңыздар басты рөл атқаратыны ескеріледі. Талдықорған 
обылысының шаруашылықтарында 1980 жылдары бұл аурудың шығуына 
европалық мемлекеттерден әкелінген ет-сүйек ұнтақтары (витаминді-
минералды азықтар) себеп болған.
Обаға індеттанулық тұрғыдан талдау жүргізгенде шаруашылықтың 
немесе індет анықталған ауылдық округтің басқа аймақтармен шаруашылық-
экономикалық байланыстары, ол өңірлерден мал өнімдерінің қалдықтары 


171 
әкелінгендігі, әкелінсе ондай азықтардың залалсызданғандығы анықталады. 
Шаруашылыққа жануарлардың өзге өңірлерден әкеліп, әкелмегендігіне назар 
аударылады. Обаның ошағын табиғатта жабайы доңыздардың сақтайтыны 
назарға алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет