Кіріспе
Табиғат адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған. Адам оны қорғап, терең зерттеп, көркейте алады, бірақ ол табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат дегеніміз- біз өмір сүретін жер, орман, өсімдіктер және жануарлар әлемі, бірақ сөзбен айтқанда бүкіл әлем.
Табиғат- тіршілік атауының құтты қоныс мекені. Алтын ұя, қоршаған ортасы. Табиғат байлығы-адамзат өмірінің баға жетпес байлығы. Тірі табиғат арасында неше түрлі қызықты байланыс бар. Бұл мыңдаған жылдар бойы қалыптасып келе жатқан құрлыс. Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, олардың кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу-фитотрепияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрәсәз ем-домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес сондықтан оларды орынды пайдаланып қорғай білудің маңызы зор. Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр деген халақ даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын ролі аса зор екені тәжірибеден мәлім. Алғаш рет қазақстанда өсімдіктердің емдік құрамы туралы мәліметтер жазылды. Көптеген орыс қалаларында жасыл өсімдіктерді сататын аптекалар ашылды. Ғасыр бойы емдік өсімдіктерді қолдану тәжірибелері жүргізілді. Бұл жазбалар- ғасылдың соңына дейін жалғасты, қаншама рет толықтырып, ауру түрлері ажыратылды. Дәрілерді жасау әдістері қарастырылды. Елімізде өсетін 20 мыңнан астам түрлерінің 2500-інің шипалық маңызы бар. Бұның 600-ге жуық түрінен дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады. Алайда медицинаға 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктің түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатақы. Жусан (Artemisia) – гүлді өсімдіктердің күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптектес өсімдіктердің туысының атауы. Сонымен қатар дәрігерлер мыңжылдық деп атайды. Ол- денсаулық пен ұзақ өмірдің символы.
3
Негізгі бөлім
3.1 Жусанмен танысу
Жусан — күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде — шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10-60 см, кейде 1,5-2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі — тұқымша. Жусанның 17 түрі - сирек кездесетін эвдемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасындаулытүрі (таврийжусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан — құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлыөсімдік. Жусандықолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |