Негізгі бөлім. Ата-мұра болған қара сабын



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі55,19 Kb.
#91610
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Гагарино орта мектебі Бейісханқызы Қарақат - копия

Сексеуіл- түрік сөзі, қазақшаға аударғанда «аттың құйрығы» деген мағына береді. Ауа райы ыстық, құрғақ болғанда жапырақтары түсіп, төмен қарай иілген бұтақтары шыныменде аттың құйрығына не жалына ұқсайды. Алоэның грекше «халоксилон» атауы «тұздыағаш» деген мағына береді. Олар әбден қурағанда топыраққа өте көп мөлшерде тұз бөлінеді, сондықтан сексеуілдің діңінің астына көптеген өсімдіктер тіршілік ете алмайды. Жеті қат жер астынан кен іздеушілер еліміздің заңдары бойынша орман қорының меншігіндегі аумақта бұрғылау ісін орындауға кірісер алдында сол тұстағы құнарлы топырақ қыртысын залалсыз орынға ішінара белгіленген алқаптасынған бақтақтарын, қурағандарының санитарлық мақсатта ғана кесуге рұқсат етіледі. Бірақ, кейбір үйлердің ауласында тау-тауболып үйілген сексеуіл дөңкелері оған місе тұтушылықтың, қанағатшылдықтың жоқ екендігін айқын аңғартып тұр.
Сексеуіл егістік қорғау қормен алқабын отырғызуда, құмға, әсіресе топырағы тұзданған құмдарға отырғызуға пайдаланылады. Сексеуіл ормандарын мемлекет өз қорғауына алды. Сексеуіл тұқымын кейде самолетпен шашады. «Қаланы құм баспасын десеңіз, далаға сексеуіл егіңіз!» деген сөз бар емес пе? Бүгін де кең-байтақ қазақ жерінің 60 пайызы шөлді аймаққа айналып, топырақтың құнарлылығы төмендеп, тұзданып барады. Сәйкесінше,мал және өсімдік шаруашылығындағы өнімділік азайды. Қоршаған ортаға орасан зор залал келіп, халықтың денсаулығынашарлап кетті.
Ақ сексеуіл – бойы 1,5-тен 2,5 метрге дейін жететін тал-шілік. Негізінен құмдауыт әрі сортаңдау жерлерде өседі. Құрғақшылыққа бейім. Жапырақтары өте кішкене. Бұтақтарында ұсақ, жұмыр, шырынды, күңгірт.
Органикалық заттар өркендерде ғана бар. Көктемнің бас кезінде өркендерінде ұсақ – ұсақ жасыл түсті гүлдер шығады да, тұқымы күзде піседі. Тұқымы жалпақтау келеді де, оның бозғылт немесе қызғылт түсті үлпілдектері болады, сол арқылы бір жерден екінші жерге ұшып кетеді. Сексеуілдің өркенін ауызға салып шайнаса, оның дәмі сортаң-кермек татиды. Сексеуілдің жас бұтақтары мен тұқымын түйе жыл сайын күзде және қыста жейді. Оның тамыры 10-11 метр тереңдікке дейін кетеді. Сирек те болса ара-арасында бұтақтарының биіктігі 5 метрге дейін өсетіндері бар [3]
Қара сексеуіл аққа қарағанда жуандау әрі ірі келеді. Оның өсу биіктігі көбіне 10-12 метрге дейін жетеді. Ал тамыры 11 метрден де тереңдікке кетеді. Сұрғылт қоңыр түсті діңінің диаметрі 35см. Оның ұшында жоғары қарай тік өскен әжептәуір шырынды жас бұталары бар. Жетілмеген жапырақтары сүйел тәрізді. Топырақтың тұздылығына төзімді. Тұқымдары және түбірінен шыққан сидам шыбықтары арқылы көбейе алады. Ағашының көлденеңінен сынуы өте қиын, оның есесіне ұзынынан жақсы ажырайды. Бұларшоғырланы пөседі. Алыстан қарасаң қалың жынысты орман тәрізді. Өз ұрығы есебінен табиғи түрде өсуге бейім. Біздің елімізден басқа Орта Азияның шөлді, құмды, сортаң жерлерінде көп кездеседі. Сондай-ақ, тақыржерлерде де өсуге бейім. Қарасексеуілдің де жас әріжұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар сүйісініп жейді

2.1 ҚАРА САБЫННЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ.


Сабын - жоғары май қышқылдарының тұздары сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған; Әбу Әли ибн Сина өз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәліметтер бергені белгілі. Ал скифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9-10 ғасырларда Орта Азияның Асбара(Исфара, Бахи,Термез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастаған. [4]
Сабын – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты әлемге әйгілі болды. Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды.Ал біздің ата-бабаларымыз да сабынды ерте кезден-ақ қолдан қайнатып жасап шығару тәсілдерін білген.
Сабын ұғымы әр елде әр-түрлі аталады. Мысалы италяндықтардың "sapo" сөзін ағылшындықтар күнделікті тұрмыста "soap" деп атаған. Ал франсуздықтар - "savon" деп атаған. Осыдан топшылай келе сабын ұғымын франсуздардан келді деуімізге әбден болатын секілді. Батыс ғалымдары археологиялық қазба жұмыстары кезінде осыдан 2500 жылдай бұрын жазылған қыш тақта тапты. Онда сабын жасау технологиясы тәтпіштеп жазылған. Онда бұл әдіс, ағаш күлі мен суға қайнатылған майдың қоспасы негізінде жасалады делінген. Бірақ бұл қоспаның нақты атауы жазып көрсетілмеген. Ал Мысыр археологторы Ніл өзені аңғарындағы қазба жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, сабын өндірісінің шамамен 6 мыңдай жыл бұрын пайда болғанын дәлелдеп отыр. Сабынның шыққанына мыңдаған жыл уақыт өтсе де, кейбір ел тұрғындары сабын орнына хош иісі үшін ұнтақтар әзірлеп сонымен денелерін ысқылаған. Сондай-ақ желім, бұрша ұнын, балшықты да пайдаланған.
«Қара қойдың терісін,Сабындап жусаң ағармас», – деп Бұхар жырау жырына қосқан сабын сөзі Шал ақынның өлеңінен де байқалады: «Сабының сақар болды дені келін,Көрмедің шыбын құрлы мені келін». Демек, қара сабынның қазақ арасындығы қолданысы арыда жатыр. Оған қара сабынның VII-VIII ғасырдағы әдебиеттерден кезіккені дәлел. Кейбір деректер Ресейде сабынның ХІХ ғасырдың ортасына дейін орыс ақсүйектеріне ғана белгілі болғанын алға тартады. Ертеректе қара сабынды адам уланғанда құстырып, ішін тазалауға да пайдаланыпты. «Көбінде кездесетін ілме, шетпеге де қолданылады. Қара сабыннан біраз қырып алып, баланың арқасын ысып тараймыз. Оны денеге жағып, біраз сіңіргенше сылап-сипаймыз. Сыртын табиғи, мақтадан жасалған шүберектермен орап тастаймыз. Сөйтіп, ет пен терінің ортасындағы желді кетіріп, шетпе, ілме болған адамдарды емдеуге болады. Түрлі тері аурулары, сиыр теміреткісі де ет пен терінің ортасындағы азықық жетіспеуінен, жүйке-жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінен туындайды.

2.2.ҚАРА САБЫННЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ.


Итсигектің күлін суытып, кендір қалтаға салады. Әсіресе, кесек - кесек боп ұйыған күл қорытпасынан сақар көп шығады. Күлің қанша көп болса, сонша жақсы, себебі, төрт - бес қалта күлден, жарты қалта сақар алынады. Қалтадағы күлді шиден жасалған шыптаның үстіне жұқа бұл жайып, айналасын кенеулеп, ойыққа төгіп, астына үлкен тегене қояды, күлдің үстінен сақылдап қайнаған суды құяды. Сол кезде күлдің сөлі, нәрі сумен бірге ағып, тегенеге жиналады. Сол суды тұнытып, астындағы тұнбасына қоспастан майланған қазанға құйып қайнату керек. Нілі сорғыған күлді ауыстырып, жаңалап, астындағы жиналған суды тұндырып, майланған қазанға дер уақытында құйып алу керек. Қарағай, қайың, тораңғы секілді бір қалыпты маздап жанатын ағаштармен қайнаған күлдің суы құрғақ сақарға айналады. Төрт - бес қазан күлдің сөлді суынан жарты қазан сақар жинауға болатынын ескерсеңіз, қыруар еңбектің жемісі арқылы келетінін бағамдай беріңіз. Мұнда ескеретін бір жайт, күнбағыстың немесе итсигектің күлі болса да, оның үстінен құйған сумен ағатын ащы нілі көбірек болғаны өте маңызды. Әдетте, тегенедегі күл суының түсі қызылкүрең бояуға жуық. Оны қайнату барысында, алған сақарыңыз майда, уытты болады. Бұл өзара қоспалар арқылы ажырату әдісі. Бұрынғы апаларымыз күз келсе болды, алаботаны өртеп, неғұрлым көбірек сақар жинауға ұмтылатын. Себебі, алған сақары бір жыл бойы сабын жасауға жетуі керек.
Сақар – сабын құрамының негізгі қоспасы. Сақар алу барысы бір күннің шаруасы емес. Бір қазанмен қайнатар болсаңыз, үш - төрт күн қатарынан нілді суды қайнатқанда, үлкен бір әулеттің бір жылдық сабынына қажетті қоспаны даярлай аласыз. Мұны үш - төрт түтін бірігіп, бірге итсигекті өртеп, күлдің нілін ағызып, одан сақар жасап та жатады. Есесіне, үш - төрт жерошаққа қара қазан асып, сақарды да көбірек алуға тырысады.Сақардыңсабын жасаудан бөлек, өзіндік емдік істерге қолдануға тұрарлық қасиеттері де жетерлік. Соның бірі – әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алатын бұрындары. Қара қазан қайнағанБіз сабынға қажетті ең негізгі қоспаны алуды үйрендік делік, енді сабынды қалай жасауға болатынын айталық. Ауыл - аймақта сабын жасау үрдісі үш - төрт ақ жаулықтыға ғана бұйыратыны бар. Өйткені, сабынды көрінген адам қайната алмайды. Мұнда халқымыздың түсінігінше, сабыны дұрыс қайнамаса, тасып - төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, сабын қайнатқан адамның жолы ауыр болады деп пайымдаған. Жақсылыққа жорымаған. Мұндай кезде сабын жасайтын адам қазан маңына бөгде кісіні жолатпаған. Көбінесе, оңаша, қалтарыс жерде қасындағы от жағып, ошақтың күлін төгіп, қолғабыс ететін адамнан басқаларға қазанға қарауға рұқсат бермейді. Бұл – ырым. Оны бұлжытпай орындау өте маңызды. Алдымен, ішіңізден бісімілләны айтып, алладан игілікке істеуін сұрайсыз жасар жұмысыңызды әбден тазалап жуылған, майланған қазанға бір кесе сақар салсаңыз, оның үстіне дәл сол кесемен қойдың немесе басқа малдың екі кесе майын қосасыз. Бұл жерде қандай малдың немесе ненің майын қосуыңызға байланысты өзара теңшемелі бұл өлшем өзгеруі де мүмкін. Қазаныңыз үлкен болса, үш - төрт кесе сақар салып, соған сай май құясыз да, еппен қайната бастайсыз. Қазаныңыз қайнаған сайын оны арнайы ағаштан жасалған қалақшаңызбен үзбей араластырып отырыңыз. Бұл күймей, барлығы бір қалыпты қайнау үшін қажет шара. Қазан үш рет қайнайды. Қайнаған сайын, бетіне суық су бүркіп, ожаумен аздап құйып отырасыз. Үшінші рет қазаныңыз тасыған соң барып, қазандағы араласпаңыз болды деуіңізге болады. [5]
Бір қазан сабынды ыстық күйінде сабынға бөлудің де өз жөні бар. Егер жасаған сабыныңыз көп болса, үлкен сабыннан екі - үшеуін домалақтап, арнайы матаға әдемілеп орау ләзім. Мұндай сабындар көбінесе кір - қоң жууға арналады. Жалпы, сабынды көптігіне қарай, үшке, беске, жетіге бөледі. Тақ санға бөлудің де өзіндік мән - маңызы бар екендігі анық. Кейде сабын әбден даяр болғанда оның ішіне жуылған, майдалап түтілген жүнді қосып жатады. Бұл жыл бойы істету үшін домалақтап жасаған сабыныңыз бөлініп кетпес үшін қолданатын амал. БұзаушықСабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке сынды. Бұл өзі қиындығы көп жұмыс болғандықтан әрі кім көрінген жасай бермейтіндіктен, ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса соған сәлем айта келіп, сабын қалап - сұрайтыны бар. Қазандағы сабынды үлкен шүберектерге әртүрлі деңгейде ораған соң, қазанның түбінде қалған азырақ бөлігін кішкентай ғып, әдемілеп домалақтап, балаларға сақтайды. Мұны бұзаушық деп атайды. Бұзаушық баланы шомылдырғанда істетіледі. Мынау сенің бұзаушығың деп, қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған. Кейде көрші - қолаңның келіндері қасына жас баласын ертіп келетіндіктен, баласына арнайы бұзаушық жасап та беретін болған. Ауыл - аймақ сабын сұрап келсе, өзінен артылғанын беру дағдылы іс. Бірақ үлкен сабынды ортасынан бөліп, жартысын беру дәстүрі жоқ. Ондай кезде сабыннан берек, үйден құт кетеді деп ырымдайды.
ҚАРА САБЫНДЫ ЖАСАРДАҒЫ ЫРЫМДАР:
1. Қайнап жатқан сабынды ешкімге көрсетпеген
2. Дайын сабынды қатқанша ешкімге бермеген
3.“Бұзаушық” сабын жасап, жас аналарға берген
4. “Сопақша” сабынды қызмет көрсеткен қыз - келіншектерге берген.
2.3ҚАРА САБЫННЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ.
Сабын - тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Сабындану дегеніміз- химиялық реакция басында майларды гидролиздеу жолымен сабын жасау процесі. Сабындану процесі кезінде триглицеридтер натрий немесе калий гидроксидімен реакцияға түсіп, глицерин мен сабын деп аталатын майлы қышқыл түзеді. Сабындану реакциясы барысында күшті қышқылдар немесе негіздер катализаторретінде қолданылады. Сабын — жоғары карбон қышқылдарының тұздары RCOOMe Сабынның құрамына пальмитин С15Н31СООН және стеарин С17Н35СООН қышқылдарының тұздары (негізінен, натрий мен калий тұздары) кіреді және оның суда ерігіштігі құрамындағы металл катионына байланысты болады. Калий тұздары суда натрий тұздарына қарағанда жақсы ериді, ал магний, кальций, барий тұздары суда ерімейді. Сұйық сабынның құрамына калий, қатты сабынның құрамына натрий катиондары кіреді.
Қара сабынның ғылыми заңдылығына тоқталсақ өнеркәсіпте май мен натрий тотығының гидритін шикізат етіп, кір сабын жасайды.Кірдіжуу барысында, киімдегі май дақтары сабынға тигеннен кейін, сабын молекулалары май дақтарын қоршайды.Онан соң үйкелу, шайқалу барысында үлкен май дақтары кішкене май дақтарына айналып, ең соңында киімнен шығып,суға таралады да , эмулся қалыптастырады, міне осылай кірді кетіру мақсатына жетуге болады Ал қара сабынның негізгі шикізаты май мен сақар. Ал сақардың негізгі құрамы натрий, калий тұздары қоспасы. Әдетте сақар өндіруге істетілетін өсімдік күлінің құрамында калий негізі, натрий тұздары қатарлы құрамдар молболады. Міне бұл өнеркәсіпте кір сабын жасау техникалық заңдылықтарымен сай келеді
CI-ионын Ag- ионымен анықтау KCI+ AgNO 3 ⇾ KNO3 + AgCI Тұнба түзілді
Br- ионын Ag- ионымен анықтау KBr +AgNO3 ⇾ KNO3 + AgBr Сары тұнба түзілді
СО32- ионын анықтау K2CO3 + 2HCI ⇾ 2KCI+ H2 + CO2 Газ болінді.
K2CO3 HOH ⇾ 2KOH + H2 CO3
CH2 – COO – R1 CH2 - OH │ │CH –COO – R2 3KOH - CH – OH 3R - COOK │ │ СабынCH2 – COO –R3 CH2 - OH май глицерин [7]
2.4ҚАРА САБЫНЫҢ ПАЙДАСЫ.
1. Кір қоңды кетіру деңгейі жоғары (бұрын қазақ майлы тағамдарды, етті көп жегендіктен, киімдері соған сай майласып кететін, оны тап - таза етіп қара сабынмен жуған. Қазіргі кір кетіргіш тазартқыштар сияқты қолды бөріттіріп, қышытпаған.
2. Жұқпалы тері ауруының емі. (Қышыма, қотыр, бөрітпе, безеу сияқты жұқпалы ауруларға кір сабынды жағып күніне төрт - бес рет жуған)
3. Шаш тазартқыш (Қазақ қыздары төгілген қара қолан шаштарын осы қара сабынмен жуған. Шаштары майланбаған түспеген.
4. Тұмау емі (тұмауратқан адамға жұқа матаға қара сабынды сулап жағып, иіскеткен. Әр иіскегенде он минут жұмсаса мұрны ашылып аурудан тез айыққан.
5. Ыдыс тазартқыш (ыдыс - аяқтарын қара сабынды суға езіп сумен жуғанда ыдыс тап - таза болған.
Ал, емдік қасиетіне келсек.Қара сабын адам денесіне шыққан жараны, сыздауықты қоймайды. Қара сабынмен қотыр болған адамды да емдеп жазады. Ол үшін ешқандай да дәрі-дәрмек сатып алудың қажеті жоқ. Қазір біраз аллергологтар көптеген тері ауруларының бүгінгі заманғы сабыннан пайда болып жатқандығын да жоққа шығармайды.«Көбінде кездесетін ілме, шетпеге де қолданылады. Қара сабыннан біраз қырып алып, баланың арқасын ысып тараймыз. Оны денеге жағып, біраз сіңіргенше сылап-сипаймыз. Сыртын табиғи, мақтадан жасалған шүберектермен орап тастаймыз. Сөйтіп, ет пен терінің ортасындағы желді кетіріп, шетпе, ілме болған адамдарды емдеуге болады. Түрлі тері аурулары, сиыр теміреткісі де ет пен терінің ортасындағы азықық жетіспеуінен, жүйке-жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінен туындайды. Аурудың асқынбаған жағдайында қара сабынмен шомылдырып да, сырқатты құлан-таза айықтыруға болады», – дейді дәрігер. Сақармен ауруға шалдыққан малдарды емдеуге де болады екен. Бұрынғы кездері бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдепті. Мал тұяқтарын сақарлы суға малып-ақ жазып алған екен [6]
Сондай-ақ адамның өкпе ауруы, әсіресе, малдың өкпе жөтел ауруларын емдеген.«Сабынды дайындап біткенде әке-шешелеріміз ыстықтай беліне орап алатын. Денеге өткен ыстығы пайдалы деп. Мұның жас балаларға пайдасы бар, бөрткен, қотыр шықпайды» дейді. Кішкене нәрестелердің іші кеуіп ауырғанда кіндік бөлімін қара сабынмен сыласа пайдалы.Қарамайлысабынның пайдасы Қарамайлы сабынның пайдасы Кейбір косметикалық бұйымдар сымбатты көрінуге жол ашқанмен, оларды сатып алуға кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Бірақ, косметикалық бұйымдардан кем болмайтын әрі қолжетімді бағамен сатылатын қарамайлы сабын (дегтярное мыло) бар. Қазіргі таңда қарамайлы сабынға деген сұраныс күн сайын артуда. Себебі қарамайлы сабынға деген нәзік жандылардың қызығушылығы басым. Қарамайлы сабынның 90%-ы жәй сабыннан, ал 10%-ы қайың қарамайынан тұрады. Емдік қасиеттерге бай қайың қарамайы псориаз, дерматит, сүйел т.с.с. тері ауруларының алдын алып, бактерияларға төтеп береді. Қайың қарамайы терідегі сызаттардың болмауына, жарақаттардың жазылуына ықпал етіп, теріні күйік шалғанда да көмекке келеді. Беттегі қара дақтар мен безеулерден арылам десеңіз, тұрақты түрде қарамайлы сабынды қолданыңыз. Қарамайлы сабынның иісі жағымсыз келеді. Иістің жағымсыз келуі оның құрамындағы табиғи құрамдас бөліктердің басым болуында. Жағымсыз иістен құтылу үшін сабынды тұрақты пайдалану керек немесе сабын сауытқа салып қою керек. Қарамайлы сабынмен күніне екі рет бет-қолыңызды жуса, тері қатайып, нәрленеді. Қарамайлы сабын тері ауруларына ғана емес, шаш күтіміне де өте пайдалы. Қайызғақтан арылам десеңіз, шашыңызды қарамайлы сабынмен жуып тұрыңыз. Шашыңызды жуған кезде сабынсуды қолданбас бұрын, қарамайлы сабынды қолданыңыз. Қарамайлы сабын шашты жалтыратып, оның ұштанып, түсуіне жол бермейді. Бас терісін қатайтып, шаштың өсіміне оң әсерін тигізеді. Косметикалық сабындарға қарағанда, қарамайлы сабын әлдеқайда жақсы. Оның құрамында химиялық заттар болмайды. Бағасы да қолжетімді. Бір сабынның бағасы дәріханаларда 100-150 теңгені құрайды. Ал сабынның сұйытылған түрі әлдеқайда қымбаттырақ. Қарамайлы сабыннан ешқашанда аллергия болмайды. Бұл сабын кез келген тері түріне жағады. Әсіресе, құрғақ теріге өте пайдалы. Қарамайлы сабынды жаз мезгілінде сирек, ал қыс мезгілінде жиі қолдану керек. Себебі, сабын қыстыгүні теріні суық-аяздан сақтайды. Жаз мезгілінде сирек қолданудың себебі аптап ыстықта тері майлы болады. Сондықтан да жаз күндері сабынды екі рет қана қолдану керек.
ЗЕРТТЕУ ЖАҢАЛЫҒЫ:
Зерттеудің нәтижесі бойынша, біз мынандай жаңалыққа қол жеткіздік. Ата – мұра болған қара сабыннынң құрамын өзгерту арқылы қарапайым тұрмыс тіршілікте кеңінен ,қолданылатын заттардан істеуді жөн көрдік. Практика барысында; ең қарапайым ас содасы қолданылды .Өздеріңізге белгілі ас содасының құрамында тазарту компониенттері енгізілген . Ол да қара сабын сияқты тек қана тазарту үшін емес, емдік қасиеттері жетерлік . Бір қызығы зертханалық жұмыс барысында жүргізілген зерттеулер арқылы нақты зерттеудің жаңалығы ашылды.
Жаңалық кез келген жерде табыла бермейтін шөптесін өсімдіктер арқылы жасалатын қара сабынның құрамын өзгертседе, нәтижесі сол күйі қалатындығына көз жеткіздік. Құрамы ас содасынан жәнеде малдың майы арқылы істелсе, ал жасалу жолы дайын сақардың қайнатылу жолымен бірдей.
Ендігі кезекте түр түсін қара сабындағыдай емес өз қалауыңызға қарай көп бұлғаса қара түсте, ақшыл алам десеңіз ертерек алған жөн .
Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, жаңа қара сабын тазартқыш құрал ретінде бұрынғысынан 2-3 есе әсерлі болса да, емдік қасиетін толық сақтай алмайды екендігін тәжирибе барысында дәлелдедік.
Бұл жаңа қара сабын тұрмыс тіршілікте, майлы заттарды кетіру дәрежесі өте жоғары екен. Бұл қара сабынды киім жууға ғана емес, техника, ыдыстарды, шәйнек түбіндегі қақтарды, автокөліктердің қиын кететін дақтарын кетіру түк қиындық туғызбады.
Зерттеу жаңалығы арқылы ашылған жаңа қара сабын әсерлі болып қана қоймай , қарапайым халықтың ақшасында үнемдейді.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Қорытындылай келе мынандай ойға келдік, еліміздің Президенті Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мəдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн», - деген талапты білдіреді. Олай болса, басты мақсат - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, тəрбиелеу керектігі күн өткен сайын маңызды болып отыр.
Ұлттық құндылықтарымызды əлемдік-деңгейге шығару үшін: ана тілі мен дінін, тарихын, салт-дəстүрін, жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тəрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру бағытында ғана басты мақсатқа жетеміз. Қазах халқына ата – мұра болған, қара сабын өндіруді мемлекеттік деңгейде қолға алайық деп отырған жоқ.
Шындықтың бетіне тура қарасаңыз оның мүмкін еместігіне көзіңіз жетеді. Алайда, қара сабынды керек қылатындарға оны даярлау түк те қиындық тудырмайтынын айтқымыз келеді. Жоғарыда аталған өсімдіктер елімізде жеткілікті. Жасалуы да қарапайым, ешқандай техника керек емес, жуан қара қазаныңыз болса болғаны.Қарасабын ұмытылып бара жатқан ұлттық өнімдеріміздің бірі ғана. Басқа да қаншама ұлттық өнімдеріміз ескерусіз ұмытылып бара жатыр. Өткен тарихымызға мойын бұрып қарасақ, қазақтың патенттелмеген тапқырлықтары жетерлік. Осылардың барлығын зерттеп, зерделеп, заман талабына сай жаңғыртып, қоғамдық өндіріске салсақ, сұранысқа ие боларына еш күмән келтірмейміз.
Бүгінде қара сабынды жасау мен пайдалану қытай мен моңғолиядағы қандастарымыз арасында жақсы сақталған. Алайда оны қазақ елінде зерттеп, зерделеп, кең қолданысқа енгізу жағы аз. Алда осы бағыттағы жұмысты жандандырған дұрыс. Өйткені, ол біздің атадан қалған асыл қазына, ардақты мұрамыз!!!
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. “Дала мен қала” газеті №4 2012 жыл
2. “Жұлдыз” журналы №3 1998 жыл
3. https://massaget.kz/
4. Емші газеті №15 2005 жыл
5. Алтын сақа газеті №9 2011 жыл
6. Алматыкітап баспасы,география оқулығы,2018ж,37бет.
7. Атамұра баспасы,химия оқулығы,2018,57бет.

ҚОСЫМША
Ұсыныстар:


1) зертханалық жұмысты қосымша сабаққа енгізу
2).Дәріханаларда, дүкендерде, сәндік журналдарда қара сабын алға тартылып, жарнамаланса.
3) Қара сабынды дәрілік ем ретінде ауруханаларда дәрілер орнына қолданса.
Арасан(моңғ. аршан – бұлақ), шипалы су – емдеуге қолданылатын жер асты су көздері. Суының темп-расына қарай жылы немесе субтермальді (20 – 37°С), термальді (37 – 42°С), ыстық немесе гипертермальді А. (42°С-тан жоғары) болып бөлінеді. Суының температурасына қарай жылы немесе субтермальды Арасан (20 – 37°С), термальды Арасан (37 – 42°С), ыстық немесе гипертермальды Арасан (42°С-тан жоғары) болып бөлінеді. Су жер қыртысының тереңіндегі жоғарғы температуралы тау жыныстарының арасынан өткен кезде ысып тектоник жарықтар арқылы жер бетіне шығады.
Арасан сулары негізінен жанартаулы жерлерде, артезиан алаптарында және тектоник. қозғалмалы аймақтарда пайда болады. Арасан сулары химиялық құрамына және шипалы қасиеттеріне қарай көмір қышқыл газды, күкірт сутекті, құрамында темір, күшәла , марганец, мыс, алюминий, органикалық заттар болатын сулар, бромды, йодты, радонды және кремнийлі сулар болып бірнеше топқа бөлінеді. Құрамында тұздар ерітіндісі аз болатын Арасан сулары асқазан ауруларын емдеуге, ішуге (Сарыағаш, Аяққалқан, Қорам, т.б. минералды сулары), ал тұз ерітіндісі көп сулар сүйек, буын, жүйке жүйесі мен қан тамырлары сырқаттарын (Алмаарасан, Арасанқапал, Жаркентарасан, т.б. минералды сулары) емдеуге пайдаланылады. Қазақстанның Арасан сулары емдік қасиеттері бойынша дүние жүзіндегі атақты шипалы сулардан (Нарзан, Боржоми, Есентуки, т.б.) кем түспейді. «Арасан» термині Кавказдан Қиыр Шығысқа, Сібірден Тибетке дейінгі халықтар тілінде жиі кездеседі. Шипалы суға байланысты жер-су, елді мекен, емдеу орындарының атауларын білдіретін бұл термин түрлі өзгерістерге ұшыраған: аршан, арашан, арасан, нарзан, назрань, арзни, т.б.
24.11. 2018 ж . сағат 10.00 Машан Жаңагүлден сұхбат алдым.
Сұхбат :
- Ең соңғы рет қара сабынды қашан жасадыңыз?
- Мен Қазақстанға Қытай Халық Республикасынан 58 жасымда, яғни осыдан 5 жыл бұрын көшіп келдім. Ең соңғы рет сары балақтың күлінен осыдан 4 жыл бұрын жасадым деуге болады.
- Соңғы рет қара сабынды қашан қолдандыңыз?
- Сол жасаған жылы сарыбалақ шөбі мол шығып , өнімді жақсы алдым . сонымен осыдан 4 жыл бұрын қолдандым .
- Алғаш рет қара сабынды неше жасыңызда жасап үйрендіңіз ?
- Иа, әлі есімде. Ең алғаш апам өз қасыны алып, шамамен, 12 жасым болу керек, қолғабыс қылып әй Жаңагүл мынаны былай жасайсың дегені көкейімде әлі сайрап тұр.
- Қара сабынның өміріңізге тигізген ықпалы болды ма?
- Қара сабын киелі зат. Осы киелі зат арқылы талай өмір құтқарылған.Осы сәтте ойыма бір оқиға түсіп отыр. Қазақстанға енді көшіп келген жылдары еді. Көршіміздің келіні шекесі тоқпақтай ұл тапты. Перзентханадан шығып, үйге келіп, бауырына салғаны сол еді бала шыжылдап, тынып таппай тоқтаусыз жылай бастайды. Басында жаңа туылған сәби, деп мән бермедік. Бәр күні сәби қатты ауырып , көрім ақ жылады . Сосын мен барып әй осы балаға шетпе құсайды деп болжам жасадым. Дәрігерлерде мандымды жауап бере алмады. Ақыры баланы қара сабынға салып шомылдырып, арқасын сылағанымыз сол еді бала шырт ұйқыға кетті. Сол кезде қара сабын болмаса соңы не болатынын елестете де алмаймын.
- Апа қара сабынды дүкенен сатып алып көрдіңіз бе? Сатқанын естідіғіз бе?
- Естімеген елде көп демекші, жоқ қарағым, менің кезімде қара сабынның саудасы болмады. Болсада қара сабын әр шаңырақта бар болғандықтан сатып алуға мәжбүрлік туындамаған еді.
- Сіздің ойыңызша қазіргі таңда қар сабынды күнделікті қолдануға не кедергі деп ойлайсыз ?
- Қара сабын Қытай, Монғолиядағы қандастарымыз арасында қазір қолданыста. Елімізде қара сабынды ешкім қолданбайды, оған керектілікте жоқ. Кейбір адамдар қара сабынның не екенін де білмейді. Дүкен сөрелерінде толған ұнтақ, сұйық, қатты түрлері жеткілікті. Жаныңызға жаққан түсімен, хош иісімен таңдайсыз. Сонда қара сабынды әуреленіп жасаудың не керегі бар.
-Ақ жаулықты әжелер еліміздің алтын қазынасы депте бекер айтылмаған. Сіздей көпті көрген, келер ұрпаққа берер үлгісі бар қарияларымыз аман болсын. Сұхбатыңызға көптен –көп рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет