Негізгі бөлім. Ата-мұра болған қара сабын



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі55,19 Kb.
#91610
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Гагарино орта мектебі Бейісханқызы Қарақат - копия

Зерттеу нысаны: Қара cабын жасау үрдісін дәріптеу (шикізат, өнім, шикізат сапасы, өнім сапасы).
Зерттеу жаңашылдығы: Сабын жасау дәстүрін зерттеу жұмысы арқылы қайта жаңғыртып, жетілдіру.
Зерттеудің өзектілігі: Күнделікті тұрмыста қара сабынды жасап, оның емдік қасиеттерін ескере отырып, экологиялық таза өнімді дәріптеп, пайдалану.
Зерттеудің кезеңдері:
І. Ізденіс
ІІ .Мәлімет жинау
ІІІ. Зертханалық бақылау
ІV. Талдау жасау
Зерттеу тәсілдері: Ақпаратты жинау, сұхбаттасу, танысу, жоспарлау, саралау, талдау, салыстыру, іздену, зерттеу.
КІРІСПЕ
Бағзы халқымыз көшіп - қонып, жазжайлау, қысқыстауда күнелтіп жүріп, өзініңкір - қоңын, киім - кешегін, көрпе – жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Даласы қалай таза болса, үй - іші де сондай ретті, оюлысырмағы қағулы, түскиіз, шымылдығы жуулы тұратын. Әсіресе, халы өз іқолдан жасайтын қара сабыны кірді кетіруімен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше. Бүгіндері ұмыт болып бара жатқан бұл сабынды жасаудың өзі оңай шаруа емес [1]
Бұрын қара сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке болған екен. Себебі, қара сабынды әркім жасай бермеген. Ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса, соған сәлем айта келіп, қара сабынды қалап сұрап алады екен.
Адам - табиғаттың перзенті, бір бөлшегі. Табиғат - адамның асыраушысы, яғни тамағы, киімі, үй - панасы, дәрі - дәрмегі. Әрбір тұтынған затымыз таза табиғи болса - деніміз сау болады. Бүгін мен сіздерге табиғаттан алынатын - қара сабын туралы мағлұмат бермекпін. Медицина дамымаған кезде жұқпалы дертпен қалай күрескен? Қазіргі дәріхана сөресінде толып тұрған дәрі - дәрмек орнына не қолданған? Міне, осы сұраққа жауап іздедім. Тапқан жауабымды сіздерге жеткізсем деп едім. Ғажайып табиғаттың сырын білген халқымыз жұқпалы дертке ем болатын және адам қажетіне жараған сабынды ерте кезден – ақ қолдан әзірлеген.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.


1.АТА-МҰРА БОЛҒАН ҚАРА САБЫН,
БОЙЫНДА БАР ҚАСИЕТІ -АРАСАННЫҢ.
Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Адам - табиғаттың перзенті, бір бөлшегі. Табиғат - адамның асыраушысы, яғни тамағы, киімі, үй - панасы, дәрі - дәрмегі. Әрбір тұтынған затымыз таза табиғи болса - деніміз сау болады. Бүгін мен сіздерге таңғажайып табиғаттан алынатын - қара сабын туралы мағлұмат бермекпін. Медицина дамымаған кезде жұқпалы дертпен қалай күрескен? Қазіргі дәріхана сөресінде толып тұрған дәрі - дәрмек орнына не қолданған? Міне, осы сұраққа жауап іздедім. Тапқан жауабымды сіздерге жеткізсем деп едім. Ғажайып табиғаттың сырын білген халқымыз жұқпалы дертке ем болатын және адам қажетіне жараған сабынды ерте кезден – ақ қолдан әзірлеген.
1.2ҚАРА САБЫН ТУРАЛЫ АҢЫЗ.
Қазақтың қара сабынымен біріншіден кір жуамыз. Қара сабын кірдің өңін түсірмейді, өңін ашып, реңіне жарқындылық силайды бұл ертеден бері келе жатқан қазақ ауылындарындағы басты кір жуу құралы жас балалар, жаңа туылған сәбилердің қаны жүрмей, денесі көкшіл тартып, құсып ауырады, тіпті бұл ауыру кезінде шыдай алмай өліп кетуі мүмкін бұл ауыру «Шетпе» деп аталған шетпе екіге бөлінген:
1. Жел шетпе
2. Қан шетпе
Қан шетпені адамдар қойдың терісіне салып емдеп алған,бірақ жел шетпе емдеуге ырық бермеген. Міне, сол кезде осы қара сабынмен баланы шомылдырған. Сол кезде бала жел шетпеден құлан –таза айыққан. Ал үлкен адамнан жас балаға дейін «Ілме»ауруымен ауырған. Бұл ауру кезінде адамның еш нәрсеге тәбеті тартпай,басы айналып,құсып, іші өтеді. Ол ауруды адамдар инемен адамның терісінің астындағы жіпшелерін үзу арқылы қиын тәсілмен емдеген. Бірақ, оның тағыда бір шипасы бар болған. Ол осы қара сабынмен ілме болған адам шомылса ауруынан лезде айығып кетеді. Қазақ халқы мал баққан халық , малдарының ішінде әсіресе жылқы «қата» ауруына ұшыраған. Қата ауруы кезінде жалбыршақ қарын жұмысын тоқтатқан. Осы ауру кезінде қара сабынды көпіршітіп малдың аузына құйған. Сол күннен кейін малдың шөпке тәбеті ашылып, ауруынан айыққан. Оның медицинада ғана емес косметикалық пайдасы да орасан . Ертеде қыз-келіншектер бетін осы қара сабынмен жуған. Ол терінің түлеуін (қартаюын ) тежеуілдеткен және ол теріге өң беріп, ажарландыра түскен. Бәрімізге белгілі ертеде қыз-келіншектер бұрымды болып келген. Олар шаштарын жуу үшін арнайы терек күлінен қара сабын жасаған. Теректің күлінен жасалған қар сабын өте жұмсақ және құнарлы болған. Онымен жуған шаш өңін жоғалтпаған. [2]
1.3ҚАРА САБЫН ЖАСАЛАТЫН ӨСІМДІКТЕР
Алабота (лат. Atriplex) — біржылдық шөп текті өсімдік.Биіктігі 20 — 80 см, кезек жапыратқты, шөлге шыдамды өсімдік. Денесінде ұсақ тозаңы болады. Орталық Азияға, Қытайдың батыс бөлегіне (лат. Atriplex centralasiatica), және өзге бір түрі Сібірге көп тараған. Жемісін күзде жиып алып дәріге пайдаланады.
Алабота тұқымдасына бүкіл жер шарына тараған бір жылдық немесе көп жылдық сортаң топыраққа төзімді өсімдіктер жатады. Сабақтарының түрлеріне қарай ағаш (сексеуіл); бұта (баялыш); жартылай бұта(изен, итсигек); шөптесін (алабота) болып бөлінеді. Қазақстанда бұлардың 47 туысы, 218 түрі бар. Бұлардың көпшілігінің сабағы бұтақты болып келеді, жапырақтары кезектесіп, немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ құрайды. Жемісі – жаңғақша. Тұқымының сақиналы немесе оралма ұрығы болады.
Алабота – бұл кәдімгі арамшөп, жол жегінде, егістіктерде кездеседі. Алабота тік сабақты, жапырақтары өте жиі тармақталған сабаққа кезектесіп, кейбіреулерінде қарама-қарсы орналасады, жапырақтарының пішіні әр түрлі, Жапырақ бетінде ақшыл дақтары болады. Алабота – бір үйлі, дара жынысты гүлді өсімдік. Көріксіз майда гүлдері шоқ-шоқ болып топтанып масақ тәрізді гүл шоғырын құрайды.Гүлсерігі – бес тармақты, жеміс қабы- үлпекті. Аталығы – 5, аналығы – 1. Тұқымы тығыз қабықты бозғыл қара түсті, жылтыр болып келеді. Бозғылт тұқымдары ерте, түсі қарасы кеш піседі. Оны халық медицинасында және бояу дайыдауда пайдаланады.Алабота өсімдігінің биохимиялық құрамы мен дәрілік қасиеттері.
Алаботаның арамшөп ретінде зиянынан гөрі адам өмірінде емдік, азықтық қасиеті басым екенін білдім. Бүгінгі таңда халықтың әл-ауқатының төмендеуіне байланысты қышыма ауруы ауылды жерлерде көп таралуда. Осыған қарсы күресуде алаботаны пайдалагуға болады.
1 л суға 40-60 г ұнтақталған алаботаны 10-15 минут бұқтырып, бөлме температурасында суытып, сүзіп алып, қотырды жуады.Оның «Денсаулық» журналының және Пастушенковтың «Дәрілік өсімдіктер» кітабындағы деректер айғақтады.
Жас өспірімдердің тік ішегіндегі паразит құрттарды (аскарида) түсіру үшін алаботаның 1- 2,5 грамын 1 стакан суға бұқтырып, аш қарынға тамақ ішуден 1 сағат бұрын 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішкізеді. Бұл емді ежелгі грек дәрігері Гиппократтың өзі ұсынған.
Алаботаны күн тимейтін көлеңке жерге кептіру. Алабота қызып, шіріп, кетпес үшін күнделікті екі уақыт аударыстырып, отыру керек. Бір айдан кейін кептірілген алаботаны өртеп, күлін алу. Сақар алу. Ол үшін қазанға су құйып, қайнаған су үстіне алаботаның күлін, күлдің нілі суға әбден шыққанша 20 минут отқа қайнату. Қайнау барысында күл құрамындағы еритін тұздар ериді, түзілген ерітіндіні шұңғыл ыдысқа құйып алып, күл түбіне шөккенше тұндырған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет