Автокөлікті құрастыру және оның агрегаттары. Құрастыру ережелері. Құрастыру тәсілдері. Құрастыру жұмыстарының механизмдері. Технологиялық құрастыру орны металл құрылымының кеңістігі болып табылады, оған механизм құралдары орналасып, бейімделіп, жүк көтеретін құралдар орналасқан. Шарнирлі-балансирленген манипуляторлардың универсалды жұмыс орындарын қолдану қолмен басқарылады. Құрастыру жұмыстары мен құрастыратын жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Автокөлік бөлшектерін қосу және құрастыру талаптары. Бұрандалы қосылыстарды құрастыру ерекшеліктеріне келетін болсақ, осы кезде қолданылатын (кілт, аша сомын, ауыстырмалы бастиектері бар қапталды және қаптамалар, сонымен қатар ұрғылы кілттер, сомын кілттері) механизмденген (бұрандалы сомын, шпилькабұрағыштар) құралдар алынған. Қосылыстарды тарта отырып құрастыру (трбеліс мойынтіректері, төлкелер, тегершік, саусақшалар, сұққыш) остік күштерімен бірге жылу деформацияларын (қамтылған бөлшектерді қыздыру немесе суыту) қолдануға бағытталады, демек бұл кезде келесі құралдар қолданылады: баспалар, алынғыш, құралбіліктер, жұмсақ ұштары бар қаққы, газды қыздырғыштар, индукцялық қыздырғыш қондырғы.
Бөлшектердің дефектациясы.Дефектілер түрі мен сипаты: орнаасқан орны бойынша-локалды (жарылымдар, бұзылыстар және т.б), барлық беткі қабат немесе көлемі бойынша дефектілер (химиялық құрамының сәйкес келмеуі, механикалық өңдеулердің сапасы және т.б), бөлшек бетіндегі шекті зоналардағы бұзылыстардың көлемі (толықсуарылмаған зоналар, жемірленген жаралар, жергілікті тойтарылыған жерлер және т.б), ішкі (треңдетілген) және сыртқы (беткі және қабат үсті); түзетілу мүмкіндігі бойынша - түзелетін және түзелмейтін; нормативтік құжаттамалардағы көрінісі бойынша-жасырын және ашық; пайда болу себептері бойынша-құрылымды, өндірістік және эксплуатациялық. Құрастыру бірліктерінде пайда болған бұзылыстар: қосылыс қаттылығының жойылуы, беткі байланыстардың бұзылыстары, бөлшектерді орналастыру және өлшем тізбектерін орнату. Бөлшектерде пайда болған жалпы бұзылыстар: біртұтастылықтың бұзылыстары (жарылымдар, сынықтар, ажыраулар және т.б), бөлшек пішіндері (иілгіштік, бұралу, жұмсартылуы және т.б) мен өлшемдерінің сәйкес келмеуі. Жеке беткі қабаттарда пайда болған бұзылыстар: цилиндрлік емес, тегіс еместік, перпендикулярлық емес, өстік сәйкессіздік және т.б. Бақылау әдістері: визуалды тексеру (бөлшектің сыртқы жағдайы, деформацияларды табу, жарылымдар, сызаттар, тесіктер және т.б); бұзайтын құралдарды қолдана отырып тексерістер жүргізу (бөлшектердің жасырын бұзылыстарын анықтау), шкалалы өлшегіштер (калибрлер мен деңгей өлшегіштер) мен микрометриялық құралдар (сызғыштар, штангенин құрал, микрометрлер және т.б) бөлшектің беткі қабатын, пішіндерін, өлшемін алуда қажет. Бөлшектердің жасырын бұзылыстарын бұзбайтын құралдармен бақылап анықтауға болады, атап айтсақ: визуалды-оптикалық, магнитті-ұнтақты, электромагнитті, ультрадыбысты, капиллярлық және компрессорлау әдістері мен ағызу әдістері. Бөлшектерді жарамдылықтарына қарай, қалыпқа келетін немесе жарамсыз түрлеріне сұрыптау жүргізіледі. Жарамдылық коэффициенті, ауыстыру және қалыпқа келтіру. Бөлшектердің бұзылыстарына қойылатын техникалық талаптар картасы. Дефектілер тізімі.
Достарыңызбен бөлісу: |