Шаруашылығы. Батыс түрік қағанатының негізгі шаруашылығы маусымды жайылымға негізделген жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Малы жоқ немесе малы аз кедей шаруалар жер өндеу кәсібімен айналысқан. Әсіресе Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс қазақстан жерінде Сайрам, Тараз, Талхиз,Алмалы,Жақсылық сияқты т.б. ерте орта ғасыр кезіндегі қалалар дами бастаған. Олардың айналасындағы қыстақтардың көбеюі отырықшылықтың дамуын көрсетеді. қазақ халқының көрнекті археологы, академик К.М.Байпақовтың жүргізген археологиялық зерттеулеріне қарағанда, ерте орта ғасырдың өзінде Шу аңғарынан 18 ірі қалалардың орындары мен көптеген ұсақ тұрақты қоныс жайлардың орындары ашылған. Ғалым бұл қалаларда түріктердің отырықшыланғандығын көрсетеді. Жетісу аймағындағы қалалар туралы алғаш рет хабарлар жазған 630 ж батыс түрік қағанатында болған қытай саяхатшысы Сюань Цзань болған. Ол өзінің жазуында Ыстықкөлдің солтүстік батысынан 500 ли жер өтіп, Суяб қаласына келгендігін хабарлайды. қаланың аумағы 6 - 7 ли келетіндігін, мұнда әр түрлі елдерден келген саудагерлердің түріктермен аралас тұратындығын, жерінде қызыл тары, жүзім өсірілетіндігін, халқының жүннен тоқылған киім киетіндігін жазады. Ал Суябтың батыс жағында жиырмадан астам қалалардың бар екендігін, олардың әрқайсысының өз билеушілері бар олар бірбіріне бағынбай түріктерге бағынатындығын хабарлайды. Сюань осындай сипаттамамен Тараз қаласы туралы да жазады. қаланың аймағындағы қалалар мен тұрақты қоныс жайларда түркілердің де өмір сүріп, жер өңдеумен айналысқандарын жазған. Жазба деректердегі сақталған іс-қағаздарда қалалардың дамуына соғдалардың ролі басым болғандығы айтылады. Оның солай болғаны рас. Тек алғашқы кезде, яғни қалалық ғұмырдың басталған кезінде (VI ғ. басында). Ал, VII ғасырдың кезінде түркілер жаппай отырықшылана бастайды. Жетісу аймағында бұл екі халық араласып, бірінің тілінде бірі сөйлей де бастаған.
Қорытынды Қорыта айтканда, Батыс Түрік қағандығы - Stud.kz ты байырғы үйсін жерінде түріктер кұрган куатты, дербес қағандый ретінде Орталық Азия тарихында аса зор рол атқарды.
Батыс Түрік қағандығы Алтайдан Атырауға, Ертістен Әмударияға дейінгі Yesu-бatrink қағандығы территорияны мекендеген, нәсілдік тегі, шаруашылыгы мен тұрмыс-салты, мәдениеті мен тілі бір-біріне жақын ру- улыстарды бір шаңырақ астына біріктіру арқылы оларды өзара жакындастырып, этникалық бірігу, халық болып ұйысудың алғы шартын
жасады. Батыс түріктері Тоң Жабғу қаған тұсында өз дамуының шарықтау 1 шарықтау шегіне жетті. Шебер дипломатиялық саясат пен куатты әскери күшке сүйеніп, гасырлар бойы Иран-Тұран шекарасы болып келген Әмудариядан етіп, Парсы патшалығын тізе бүктірді. Шығыс пен батысты жалғаған <<Жібек жолына» бақылау орнатып, ұлы Даланың экономикалық, сауда
және мәдениет алмасуын жолға қойды. Орталық Азия мен Шығыс Түркістанның түріктену үрдісін орнықтырып, түркеш, қарлұқ- қарахан дәуіріндегі аса қарқынды мемлекеттік елдік, мәдени өркениетке жол ашты. Түрік халықтарының отырыктану қала жұртына айналу, дала-қаланың арасын жақындату барысын барынша тездетті. Айырбас сауда мен тауар өндірудің, акша айналымының артуына орай қалалар көбейіп, түріктердің орталық калалары алемдік маңызы бар сауда- мәдениет орталықтарына айналды.
Алайда, Батыс Түрік қағанатындағы бұл үрдіс ұзаққа созыла алмады. Түрік қағанаты 20 жылға (583-603) созылған ішкі қақтығыс және Сүй патшалығының әскери басқыншылығы салдарынан Шығыс, Батыс болып екіге бөлініп кетті. Ал Батыс Түрік қағанаты да дәл сол сияқты Кытайдын Тан империясының араласуы мен ішкі қақтығыстар салдарынан біржола әлсіретіп, ыдырап кетті. Нәтижесінде Батыс Түрік қағанаты негізінде 692 жылы Түркеш қағанаты құрылып, Батыс Түрік қағанатының елі, жері Түркеш қағанатының құзыр билігіне өтті.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақтардың және Еуразияның баска да халыктарының тарихында Алтайдын алар орны ерекше. Осынау аскар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінін бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің 1 мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала тесінде жана кезең басталды. Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы көшпенділер империялары сабактастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірінде өзінің өтесізін калдырды»