МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Батыс Түрік қағанатыны мемлекеті және этникалық тарихы
1.1. Батыс түрік қағанатының құрылуы және мемлекеттік құрамы
1.2. Батыс Түрік қағанатының этникалық құрамы
1.3. Батыс Түрік қағанатының саяси жағдайы
1.4. Батыс түрік қағанатының әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы
2. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса кұрделі өзгерістер болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет құрды. Бұл мемлекет аумағы Шығыс Кореядан басталып Орта Азияның жерін де толық қамтыды. Бүгінгі Қазақстан территориясы да осы қағандықтың құрамында болды.
Бұл мемлекет туралы жазба деректер Түрік тайпаларының өз тілінде жазылған "Үлкен Күлтегін", "Кіші Күлтегін", "Тоныкөк" құлпытастарындағы жазулардан белгілі. Бұдан біздің білетініміз түркі сөзінің алғашқы айтылған (542ж.) және пайда болған жері Моңғолиядағы Орхон өзенінің жағасы. Бір тілде сөйлеп түрік халқы деп аталған оғыз, қарлұқ, қырғыз, түркеш, үйғыр, қыпшақ сияқты т.б. 30-дан астам ру-тайпалар шығыстан батысқа қарай жылжып, қәзіргі қазақ жеріне орын тепкен.
Түрік ордасының алғашқы қағаны Түмын болған, оған Елхан деген атақ берілген. Оның бұл атаққа ие болуы, түрік елінің ата жауы болып келген авар қағаны Анағойды талқандап, оны біржола жеңуінен еді.
Жазба деректерге қарағанда, VI ғасырдың аяғында түрік қағандығының саяси жағдайы нашарлайды. Өз ішінде саяси билік үшін талас, тартыс басталып, үлан-байтақ жерді алып жатқан қағандық VII ғасырдың басында Батыс түрік қағандығы және Шығыс түрік қағандығы болып екі дербес мемлекетке бөлінді. Шекара Алтайдан болған.
1. Батыс Түрік қағанатыны мемлекеті және этникалық тарихы
1.1. Батыс түрік қағанатының құрылуы және мемлекеттік құрамы
Батыс Түрік қағанаты Қазақстан мен Орталық Азияда билік құрған ерте орта ғасырлардағы әскери- феодалдық мемлекеттердің бірі. Оның аумағы Алтай тауынан Тәңіртауына дейін, шығыста Баркөлден батыстағы Арал, Каспий теңіздеріне дейінгі ұлан-байтақ өңірді алып жатты. Қағандыктың негізгі орталығы Жоңғар даласы мен Жетісу өңірі болды, ал халқы осы өңірді ежелден бері мекендеп келе жатқан түркі тілдес үйсін, қаңлы, дулат, түркеш, қарлұқ, теле, басмыл, оғыз, яғма т.б. py ұлыстардан құралды. Бұл тайпалар «Он оқ будун» (он оқ халқы) деп аталады да, кейінірек «Бес арыс дулат» және «Бес тайпалы нушабе» аталатын болды. Оларды жалпылама "Он оқ" деп атауда дағдыға айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |