Негізгі бөлім Батыс Түрік қағанатыны мемлекеті және этникалық тарихы


Батыс түрік қағанатының әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы



бет3/4
Дата03.03.2023
өлшемі20,61 Kb.
#170996
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
ТАРИХ
жылдық жоспар, 1. XX асырды басында ы аза станда ы нерк сіпті дамуы (1)
1.4.Батыс түрік қағанатының әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы
Қағандықтағы билік патриархалды-феодалдық түрде жүргізілген. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде беріліп отырды. Бірақ та жазба деректерге қарағанда қағанның билігі Шығыс түрік қағанының билігіндей күшті бола алмаған. Одан кейінгі билік қаған сайлаған ұлықтың қолына берілді. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болған. Оларға ябғу, шад, елтебер сияқты атақтар беріліп отырған. Ал сот істерін бұрықтар мен тарқандар атқарған. Жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі бектер болған. Жалпы түрік қағандығында мемлекеттің ең жоғарғы билеушілері қағаннан бастап ру-тайпа бастығы бектерге дейін 28 дәрежелі лауазым иелері болған. Олардың барлығы феодалданып келе жатқан шонжарлар болды. қарапайым халықты "қарабұдындар" деп атаған. Бұл сөз қазақтардың "қалың бұқара","қара халық"деген сөздерінің мағынасымен бірдей. Алым-салық төлейтін яғни ауыртпалық мойнына түскендер осы "қарабүдындар". Түрік қағандығы кезінен бастап әрдайым жүргізіліп отырған соғыстарды әскер және ат, азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған шонжарлар бұрын қауым болып пайдаланып келген шұрайлы жерлерді өздеріне жеке иемденіп отырған. Түрік қағанатында "қанмен төлейтін" салықтың да түрі болған. Ол әскерде міндетті түрде қызмет атқарған. Ондай адамдар майдан шебінің алдыңғы қатарында жүрген. Мұндай қызметті көбінесе тәуелді тайпалардың адамдары атқарған. Бағынышты тайпалар азықтүлік салығын да, қымбат бағалы аң терілерін де төлеп отырған. Түрік қағандары өздеріне бағынышты, алым-салық төлеп отырған соғдыларды "таттарым" (құлдарым) деп атаған. Шындығында Батыс түрік қағанатының барлық экономикалық жұмыстарын соғдылар шешіп отырғын. Әсіресе қағанаттың ақша айналым сауда жұмыстарын соғдылар жүргізген. Сондықтан да түрік қоғамында "татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас" деген сөз түрік байларының бәрінде таттардың (құлдар) болғандығын көрсетеді. "Он жебе ұлдарына,олардың таттарына" деген теңсіздікті білдіретін тіркестер бар. Мұндағы "тат" сөзі құл деген мағынаны білдіреді. Үлкен Күлтегін жазуында да "Бек ұлдарың құл болды", "Пәк қыздарың күң болды" деген шумақтан түрік қоғамында құлдықтың болғандығы ешбір дәлелсіз-ақ көрініп тұр. Батыс түрік қағандығында үй жұмыстарында, көп жағдайда соғыс кезінде қолға түскен тұтқындар құлдың жұмысын атқарған.
Батыс түрік қағанатында мемлекетті аймаққа бөліп басқару жүйесі болған жоқ. Бүкіл ел ру-тайпа бөліктері бойынша "он оқ" деген он ірі тайпаға бөлініп басқарылды. Бұл тайпалардың ірі бастықтары шад деп аталып, он ірі тайпаны он шад басқарған. Он ірі тайпа оң және сол қанат болып екіге бөлінген. Сол қанатқа дулаттардың бес тайпасы, ал оң қанатқа нүшбелердің бес тайпасы кірген. Cонымен бірге рутайпалардың басында шор, еркін, тархан және бектер тұрған. қағанның әр жерлердегі өкіл әкімі тегіндер мен яғбулар іс жүзінде бір бағыттағы армияның қолбасшылары болды. Ал мемлекеттік лауазымдар 28 дәрежеге бөлінгенімен оларға шектеу болмады. Мұндай биліктегілер соғыс жағдайына байланысты көбейіп отырған. Ал оның үстіне бұлардың қол астында әскери күшпен бағындырылған тайпалар болды. Басқарудың мұндай жүйесі қағандықтың берік бірлестігін жасай алмады. қағанның күш-қуаты әлсіреген кезде, соғыс жорықтарында үлкен сәтсіздіктерге ұшыраған кездерде,жергілікті шонжарлардың жасақтары күшейіп, олар өздерін қаған деп жариялауға тырысып, ішкі қиян кескі талас-тартыстар басталып ішкі соғыстар туып отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет