Негізгі бөлім Батыс Түрік қағанатыны мемлекеті және этникалық тарихы


Батыс Түрік қағанатының саяси жағдайы



бет2/4
Дата03.03.2023
өлшемі20,61 Kb.
#170996
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
ТАРИХ
жылдық жоспар, 1. XX асырды басында ы аза станда ы нерк сіпті дамуы (1)
1.3.Батыс Түрік қағанатының саяси жағдайы
Қағанаттың саяси жағдайы. Алғашқы кезде қағандықты Тардуш (дато) хан басқарған. Бұл уақытта Батыс түрік қағанатының өкімет билігі саяси басқару жағынан күшейген кезі еді. Ал, Шығыс түрік қағанаты, керісінше, саяси басқару жағынан әлсіреп, қытайлардың шабуылына ұшырап отырды. Шығыс қағанатының мұндай күйге түсіп отырғанын білген Тардуш қаған оларды басып алуды,екі қағандықты қайта қосуды да ойластырды. Ол өз ойын іске асыру үшін Алтайдағы телелерге (теле тайпасы) шабуыл жасап, олардың жерін басып та алған. Сөйтіп өзін Шығыс қағанаттың да қағаны деп жариялайды. Алайда телелер қайтадан оған қарсы көтеріледі. Батыс түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі Шегу (610618 ж.ж.) мен оның інісі Тон жабгу (618-630 ж.ж.) қағандардың билік құрған мезгілі болды. Егер Шегу қаған қағанаттың (хандықтың) Шығыстағы шекарасын Алтайға дейін жеткізіп бекітсе, ал Батыстағы шекарасын Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізген. Тон жабғу оңтүстігіндегі Тахористанды билеуді баласы Тарду шадқа тапсырады. Оның орталығы қүндызда болған. Тон қаған өзінің назарын батыстағы елдерді жаулап алуға да бөлген. Қаған Орта Азиядағы басқару жүйесіне жаңа реформалар кіргізеді. Салық жинауға жергілікті адамдардан салық жинаушыларды бекітіп, оларға "селиф" деген атақ береді. Олардың үстінен бақылау жүргізетін өздерінің жасауылдарын тағайындайды. Селифтер жасауылдарға есеп беріп отырған. Кейбір атақты қалаларды өз қолында тапжылтпай ұстап отыру үшін кейбір амалдар да қолданған. Мәселен, Самарқанд сияқты үлкен қаланы бағынышты етіп өзінің айтқанына көндіріп отыру үшін оның билеушісіне қызын әйелдікке беріп, өзінің орынбасары деп жариялаған. Жалпы жергілікті билеушілерді орынбасарым деп тағайындап отырған. Билік жүргізудің мұндай тәсілі қағандықтың саяси және экономикалық жағынан өте тиімді болған. Тон қаған өзінің батыстағы ықпалын нығайтуды және одан айырылып қалмауды ешқашан есінен шығармаған. Әсіресе Иран мен Византия сияқты ірі мемлекетердің арасындағы жағдайды бақылап отырған.Екі елдің арасындағы келіспеушілік туа қалса, өзінің одақтасы Византияға көмектесуге дайын тұрған. Тон жабғу өзінің Византиямен келісіміне берік болып, оны іске асыру үшін император Ираклидің 627628 ж.ж. Кавказ бойына жасаған үшінші жарығына қатынасқан. Ол Дербент, Тбилисиді алып, қолға көптеген олжа түсіреді. Император оны Тбилисиде қарсы алып, оған өзінің тәжін кигізіп, қызы Евдокияны беруге уәде берген. Бұл көмек Батыс түрік қағанатының халықаралық жағдайдағы саяси беделін көтеріп, үстемдігін арттырады. Алайда кең байтақ жерді алып жатқан қағандықтың сыртқы жағдайына қарағанда ішкі саясатын қалыптастыру қиынға соқты. Халқының құрамы алуантүрлі тайпалардан тұрған қағандықта 630 жылдардан бастап билік үшін таластартыстар басталады. Осындай талас-тартысты тоқтату үшін Тон жағбудың ағасы Күл-багатүр інісін өлтіріп, өзін қаған жариялайды. Алайда мұны тайпалардың бір бөлігі жақтаса, екінші бөлігі қолдамайды. Сөйтіп қағандықтың ішінде ұзақ жылдарға созылған талас-тартыс басталады. 630-634 жылдардың арасында қағандық Сырдарияның батыс жағындағы Орта Азия жеріндегі көптеген иеліктерінен айрылып қалады. Екі тайпалық одақтың арасындағы билік үшін талас батыс түрік қағанатын саяси кризиске ұшыратады. 634 жылы нүшби тайпалық одақтың қолдауымен өкіметтің билігін Ешбара Елтеріс Шир-қаған қолына алады. Ол әскер құрамында "он оқ" системасын қайта жандандырып, тайпа көсемдерінің жаңа басқару жүйесін құрады. Жаңа реформа бойынша тайпа көсемдері еркіндер мен шорлар деп аталып, олардың әрбіреуі бір оқ деп аталады. Әр оқта бір түмен әскер болады. Бір түменде 10 мың әскер болған, сонда он тайпадан тұратын он оқта он мыңнан жүз мың әскер болған. Он оқты басқарған еркіндер мен шорлар өз тайпаларын да билеген. Мұндай әскерді де, елді де басқару жүйесін "он оқ бүдын" деп атаған. Бұдын сөзі қалың ел дегенді білдіреді. Алайда еркіндер мен шорларды тек қаған руынан жіберілген шад бақылап отырған. Басқарудың бұл жүйесі тайпа көсемдерінің биліктеріне үлкен тежеу салған. Бес арыс дулат көсемдері 638 өздерінің адамдарын қаған көтеріп, ел ішінде қайта билік үшін қайшылық туып, нүшбелермен дулулар арасында қанды шайқас болып, Ышбар қаған Ферғанаға қашып кетеді. қағандық екіге бөлініп кетеді. Сонымен VII ғасырдың 30-жылдарынан батыс түрік қағандығында ішкі жағынан ыдырау басталады. Тоқтаусыз жүргізілген жорықтар оған қажетті алынған ауыр алым-салықтар халықтың жағдайын мүлдем нашарлатады. Ел ішінде қарулы көтеріліс басталады. Көтеріліс басшылары қытайдың Таң патшалығына барып бағынады. 632 жылы Ыстықкөл маңын мекендеген шеп тайпасының билеушісі Хели Таң патшалығына бағынып, өз елін бастап шығысқа қарай көшіп, ішкі өлкелерге қоныс аударады, 639 жылы батыс түрік қағандығы ақсүйектерінің бірі Ашнамсе Жемсары ауданындағы шоре тайпасы мен Манас маңындағы шымыр тайпасын бастап Таң патшалығына қосылады. Таң патшалығы өзіне келгендерді мейлінше қолдап, олардың бастықтары бауырына басып,оларға шен-шекпен жауып, үлкен мақсатқа тағайындап, өзіне әскери күшке пайдаланды. Таң патшалығы 640 жылы Тұрпанды алып, өкіл әкім мекемесін оған көшіреді. Таң әскерлері 643 ж. қарашәрілі, 648 ж. Құшарды алады. Құшарды алудың алдында ысты, ботбай, шимойын тайпалары Таң патшалығына бағынған. Таң патшалығының өкім әкім мекемесі Құшарға көтерілгеннен кейін, Құшар, Қашқар.Қотан тағы басқа қалалар осы өкіл әкім мекемесіне бағындырылады. Сөйтіп, қағандықтың Шығыс Түркістан жерін өз еріктері - мен ғана Таң патшалығына бағынып болған соң, патша батыс түрік қағандығына елші жібереді. Алайда бұл елшілікті Батыс түріктің Ибн Дулы қағаны тұтқынға алып, Таң патшалығының батыс өңірге аттанған әскерлеріне шабуыл жасайды. Бірақ бұл шабуыл Ибн Дулының жеңуімен аяқталып.қаған Тохар еліне қашып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет