Адамныѕ ґмірінде балалыќ шаќтан алып ґткен жылы, ашыќ, мейірімді естеліктерден басќа маѕызды, керекті, пайдалы ештеѕе жоќ



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі71 Kb.
#118327
  1   2   3   4
Байланысты:
0002ae00-b2a9573b
футбол

Ата-ана қарым-қатынасының бала тәрбиесіне әсері
«Адамның өмірінде балалық шақтан алып өткен жылы, ашық, мейірімді естеліктерден басқа маңызды, керекті, пайдалы ештеңе жоқ. Ол отбасында қалыптасып, ауыр сәттерде көмегін тигізеді». Ф. М. Достоевский
Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, тұлға ретінде қалыптастыру.
Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни болашақ тізгінін ұстар, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отыр. Осы ұлы мақсаттарға жету жолында киелі де қасиетті екі түсінік бар.
Бірі, баланың бастапқы тәрбие мектебі алтын бесік – отбасы болса, екіншісі, алтын ұя – мектеп. Бұл екі ортаның да мақсат-мүддесі ортақ. Отбасы, ата-ана адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады.
Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетасы ата-ана арқылы отбасында қаланады. Дана халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, ата-ананың әрбір іс-әрекеті балаға үлкен сабақ. Әрбір ата-ана өз балаларының тұңғыш тәрбиешілері. Бала – ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы.
Бала тәрбиесінде ұстаз мен ата-ана ең алдымен баланың мінез-құлқын бақылап, оның күнделікті айналысатын ісіне бағыт-бағдар беріп, жиі әңгімелесіп, мектептегі әр түрлі қоғамдық пайдалы жұмысқа белсенді қатысуына ықпал еткені жөн. Ал, үйде әрбір ата-ана балаларының бос уақытын қалай өткізетінін жете қадағалап, зерігуіне жол бермеуі керек. Егер бала не істерін білмей босқа сенделіп жүретін болса, олар тәртіп бұза бастайды, бетімен кетуге әдеттенеді. Жасыратыны жоқ, қазір бала тәрбиесі өте қиын, күрделі жағдайда. Оқушылардың сабаққа келмеуі, түрлі тәртіп бұзушылық сияқты фактілер кездесіп жатады. Бұл жерде кейбір отбасыларда түрлі қиын жағдайлардың қалыптасуы да, балалар тәрбиесіне кері әсер етуде. Отбасындағы дағдарыс ерлі-зайыптылардың ажырасуы, заңсыз отбасын құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, маскүнемдік т.б. келеңсіздіктерге сөз жоқ, ол баланың жан дүниесіне ауыр соққы болып тиеді. Мұндай ортада өскен бала өте қамкөңіл, тез ренжігіш, күйгелек мінезді болып өседі, ата - аналық мейірімді қатты аңсайды.
Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі қадірлеуінен, олардың өзара бірлігі мен түсінушілігінен, ата-ана мен балалар арасындағы мейірімді қарым-қатынастың қалыптасуынан, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді толып жатқан жазылмаған заңдылықтар арқылы көрініс табады.
Тәрбие ешқандай үзіліс дегенді білмейді. Ол тұрмыста, ойын үстінде, оқу, еңбек барысында барлық кезде жүре береді.
Кішкентай сәбилердің үлкендер не айтса соны айтатыны, не істесе соны істейтінін күнделікті өмірде жиі көріп жүрміз. Сондықтан да отбасы – баланың бастауыш тәрбие мектебі дегеніміз өте орынды. Ата-ананың жасөспірімдерді қалыптастырудағы рөлі өте зор. Ата-ананың бала алдында жеке басының үлгі-өнегесі, беделі жоғары болуы керек.
Ата-ананың киім кию, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы, өзгеге деген ілтипаты, үй ішіндегі тазалық пен тәртіп, сыпайы мінез, мейірімділік, төзімділік, балаға деген сүйіспеншілік тәрбие барысында өзінің оң нәтижесін берері анық. Баланың үйде көргені, ата-анасынан, жақын туыстарынан естігені – ол үшін тәрбиенің ең үлкені. Осы тұста сүрінбеу үшін ата-ананың мінез-құлқының, ізетті қасиеттерінің, жалпы мәдени дәрежесінің деңгейі өте жоғары болуы керек.
Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынас орын алады:

  • ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;

  • ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас;

  • жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;

  • бәсекелестік, барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;

  • түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас;

Психологтардың пікірінше, қарым-қатынастардың барлық түрі бар: еркек-әйел, ата-аналар- балалар, балалар- ата-аналар, балалар-балалар болған отбасы ғана толық бағалы болып табылады. Отбасы мінез-құлқының бұл құрылымы шартты түрдегі тәуелсіздікке ие болатын оның әлеуметтік-психологиялық тұтастығын көрсетеді. Алайда, өмірде отбасының мұндай құрылымының бөліктері әрқашан бола бермейді. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда толық емес отбасы көп. Оның осы заманға көп тараған түрі ерлі-зайыптылық жоқ, балаларды ата-аналардың біреуі ғана (әдетте анасы) тәрбиелейді.
Ата-анадан балаларға қиындықсыз ауысатын ең бағалы адамгершілік белгісі – бұл шеше мен әкенің ізгілігі, адамдарға жақсылық істей алуы. Әке мен шеше өз жанының бір бөлігін басқаларға беретін адамдардың қуанышы мен қайғысын бірге бөлісетін отбасында ізгі жанды, сергек, сезімтал болып өседі. Яғни, бала тәрбиесі, ең алдымен, ата-анаға, отбасындағы жағдайға байланысты. Ең басты белең алып отырған қасірет: ата-аналарымыздың жұмыссыздығы, бір жұмысты тұрақсыз істеуі, ішімдікке әуестігі, баланың көзінше былапыт сөйлеуі. Ата-аналар ұрпақ тәрбиесінде жауапкершілікті бәсеңдетпеуі тиіс. Ата-аналар балаларына үлгілі өнеге көрсете алмаса, тәрбиелі бала өсуі екі талай. Өйткені, бала ересектерге өте еліктегіш келеді, көп нәрсені: жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді.
Үлкенді сыйлау, дөрекі сөз айтпау, жанұя мүшелерінің өзара сыйластығы, біреуді сырттай жамандау, өтірік айтпау сияқты әдеттер де отбасында қалыптасады. Кей ата-ана үйіне келген жолдасын не туысын күлімсіреп қарсы алады да, үйден шығып кеткеннен кейін «ой өзі бір оңбаған адам» немесе басқаша балағаттап отырады. Ол баланың бойына да сіңетіні, ол қылықты бала да жасайтыны да белгілі. Ал, тәрбиелеудің тек сөзбен немесе айтқанын істету арқылы ғана емес, жанұя мүшелерінің өзара сыйластығы, тума-туысқан, көрші-көлемдермен түсінікте болу, сөйлеу мәнерін, бойындағы жақсы қасиеттер екенін әр ата-ана бала дүниеге келген күннен бастап ескерсе, тәрбиенің нәтижелі болары сөзсіз.
Баланы жазалау керек пе?
Неге көптеген ата-аналардың алдында ерте ме , кеш пе осы мәселе тұрады?
«Қиын бала» «Шатақ бала» деп ата-аналар өз балалары туралы жиі айтады.
Ал бала неге осылай болды?
Тәрбиенің әдісі ретінде «күшпен» тәрбиелеу- біздің заманымызда ақылға симайтын көзқарас. Шапалақтау мен тепкілеу біздің өз басымыздың тәрбиесіздігінің , өзін-өзі ұстай алмауымызды көрсету.
Баяғыда бір данышпан :
«Баланы ұрмаңдар, Есіңізде болсын, олар әлі кішкентай және қорғансыз. Баланы тәрбиелегенде дүре соғу аз жұмыс болғанымен, бірақ олар өскенде сіздер олардан Қуаныш, махаббат күте алмайсыз. Дене жазасы мен қатыгездік арқылы сіз олардың жүрегін жараладыңыз» деген екен.
Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны бәрімізге мәлім. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан ата-ана бойында жақсы, жаман әдеттерімен балаға зор ықпал ететінін ұмытпауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет