Адамныѕ ґмірінде балалыќ шаќтан алып ґткен жылы, ашыќ, мейірімді естеліктерден басќа маѕызды, керекті, пайдалы ештеѕе жоќ


Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас кезіндегі кездесетін кемшіліктер



бет4/4
Дата08.02.2022
өлшемі71 Kb.
#118327
1   2   3   4
Байланысты:
0002ae00-b2a9573b

Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас кезіндегі кездесетін кемшіліктер:
1. Әке мен шешенің өз мінез құлықтарындағы кемшіліктерімен күреспейді, бірақ балалардан адамгершілікті, әдептілікті талап етеді, оларға дөрекі сөйлейді, өтірігін айтып бетіне басады, өзі өтірік сөйлейді, оны сезіп тұрса да қорыққанынан әке- шешесіне айта алмайды.
2. Ата-аналар балалардың ішкі жан дүниесіне жеткілікті көңіл аудармайды, жылы жүзбен қарап қамқорлық жасамайды, баланың қайғы қуынышын бөліспейді
3. Оқушының үй шаруасына көп көмектесуін талап етеді, оған жасаған жақсылығын міндеттейді.
4. Мектеп мұғалімдерімен тығыз байланыста болмайды, оқушының жағдайын бірлесіп шешпейді.
Бала отбасы жағдайында өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі, кішіпейіл болу ізеттілік, сыйластық үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасында бірін-бірін сыйлау, қамқоршы болу бірлесіп еңбек ету секілді игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол ортадан қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз адам шығуы теориялық жағынан алғанда мүмкін емес. Моралдық жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Қазіргі кезде ауқатты отбасылардың пайда болуы оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес.
Ата-аналардың мінез-құлқы немесе іс-әрекеті, сөйлеген сөздері арқылы балаға ықпал ететін бірнеше әдіс-тәсілдер бар екен. Соған тоқталсақ:

Әдістер

Мазмұндық көрсеткіштер

Нәтижелері

1. Ықпал ету арқылы баланың өзіне сезімін нығайту

Нандыру, сендіру, ақыл-кеңес, іс-әрекетін қуаттау, орынды көтермелеу, дәлелдеу, дұрыс бағалау, әділ ескерту, баламен санасу, пікірлесу.

Өзіне сезімі артады.

2. Ықпал ету арқылы тежеу

Ата-ананың балаға дегенін күштеп істеуі, қақпайлау, үстемдік пиғылын көрсету, беделімен басыну, санаспау.

Тартыншақ, қорқақ, қулық, ырықсыз, өтірік, жігерсіз, жалтақ.

Ықпал ету арқылы қуаныш сезімін ояту

Орынды мақтау, мадақтау, көңілін көтеру, демалысын ұйымдастыру, керекті деңгейде қажетін өтеу.

Көңілі өсіп марқаяды, батырлық, өзіне сенімі, өмірге құштарлығы ашылады.

Теріс әрекетке түрткі болатын әдістер

Баланың ырқына көну, еркелету, балаға мән бермеу, бақылаусыз қалдыру, жәбірлеу, зекіп ұрысу, орынсыз кінәлау, алдау, мазақ ету, нашар үлгі көрсету.

Қырсық, өзімшіл, жалқау, рақымсыз, ұқыпсыз, ынтасыз, озбыр, бірбеткей, қатыгез.

Ата-аналар кодексінде:


Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті;
Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек.
Тәрбие беру – ақыл айту емес;
Баланы жақсы көргендігіңізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;

Мектептегі бір топ оқушыларына ата-аналардың бір-бірімен қарым-қатынасын анықтау үшін төмендегідей сұрақтан тұратын сауалнама жүргізіп қарауға болады. Аты-жөнін көрестпеу керек болса бала ештеңені жасырмай ақ айтып береді.



  1. Ата-анаңның бір-бірімен қарым-қатынасын, мінездерін қалай бағалайсың?

  2. Ата-анаңның арасында келіспеушіліктер саған әсер ете ме?

  3. Ата-анаңа ренжіген кездерің болды ма?

Осы үш сұрақтың өзі отбасындағы ата-ана қарым-қатынасының балаға қалай әсер етіп жатқанын көрсетіп береді.
Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.
Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.
Әрине, ата-аналардың бәрі бірдей емес, балаларына жақсы тәрбие беріп, үлгі көрсетіп жүрген отбасылар да баршылық.
Отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір айдынында жүзіп келе жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін әке мен ана дер едік. Сондықтан ата-ананың үлкен мақсаты - өз баласын үлкен әріппен жазылатын АЗАМАТ етіп тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет