НұСҚаулар психологиясы «Актуарлық математика»



бет1/2
Дата20.09.2022
өлшемі17,32 Kb.
#150116
түріНұсқаулар
  1   2
Байланысты:
Өзіндік жұмыс тапсырмалары 2022


ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС САБАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Психологиясы
«Актуарлық математика»
Кредит саны – 2.

Алматы, 2022


СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Өзіндік жұмысқа қойылатын талаптар
Өзіндік жұмыстардың мазмұны мен формасына мынандай талаптар қойылады: Жұмыс жоспары екі немесе төрт бөлімшнден артық-кем болмауы керек, ерекше бір жағдайда ғана бес бөлімше болуы мүмкін.
Жұмыстың мазмұны, әртүрлі монографиялар мен ғылыми мақалаларды оқып-талдаудың нәтижесінде құрылуы керек. Аяқталған өзіндік жұмыстардың мынандай көрсеткіштері болуы қажет: біріншіден, докторант зерттеп отырған тақырыбының мәнін, теориясы мен тарихын терең танып-білгендігін көрсету; екіншіден, автор мәдени құбылыстарды талдай отырып, оларды әртүрлі ғалымдар мен ғылыми ағымдар көзқарасы тұрғысынан түсініп, бағалай білу; үшіншіден зерттеп отырған мәдени құбылыстың өзектілігін, оның тарихтағы орны мен қазіргі заманғы маңызын ашып дәлелдеу.
Өзіндік жұмыстарда осы мәселеге қатысы бар деген пікірлер мен концепцияларды атап көрсетіп, олардың авторлары мен жазған еңбектерінің атын атап, тексте келтірілген сілтемелер болса нөмірлеп белгілеп қою қажет. Бір мәселе бойынша көп түрлі пікір қалыптасқан болса, оларды салыстыра отырып, автор өзінің түсінігіне сәйкес келетін біреуін негізге алуға тиіс. Ғылыми жұмыстың құндылығы да, докторанттың жеке өзінің пікірінің қалыптасуы және соны айғақты түрде дәлелдей алуымен бағаланады. Мәселенің мәнін ашатын жақтарына назар аудара білу, фактілер мен уәждер арқылы тұжырым жасай алатындығы, жұмыстың деңгейін көтере түседі. Жұмыстың мазмұны логикалық тұрғыдан дұрыс және жасалған жоспарға сәйкес болуы шарт. Жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде, автор, осы семестрлік жұмыстың мақсаты мен мұратын, тақырыбтың өзектілігін атап өтіп, осы мәселеге қатысты әдебиеттерге қысқаша шолу жасайды. Қорытынды бөлімде негізгі тұжырымдар айтылады және солардың нәтижесі ретінде түйіндеме жасалып, семестрлік жұмыс аяқталады. Жұмыстың сыртқы формасына келсек, оның көлемі 8 - 10 компьютерлік қағаз беті шамасынан кем болмауы керек, кіріспе, қорытынды және сыртқы бетін қоспағанда. Жұмыстың әрбір бетінде орын қалдырылып, тараулардың аттары жазылып, сілтемелер бет соңында көрсетілуі қажет. Жұмыстың сыртқы беті ғана машинкада немесе компьютерде теріліп, негізгі мазмұны көрнекті және түсінікті жазумен, таза және түзетулерсіз қолмен жазылған болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет