Адамныѕ ґмірінде балалыќ шаќтан алып ґткен жылы, ашыќ, мейірімді естеліктерден басќа маѕызды, керекті, пайдалы ештеѕе жоќ


Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі71 Kb.
#118327
1   2   3   4
Байланысты:
0002ae00-b2a9573b

Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады.
Біріншісі – ата-анадан.
Екіншісі – ұстазынан.
Үшіншісі – құрбысынан.
Солардың ішінде қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады. Абай.
Адамды үш нәрсе қайғыға салады екен:

  • 1-шісі кәрілік, оны өзгерте алмайсың, ол табиғи құбылыс.

  • 2-шісі өлім, оны да өзгерте алмайсың, ол Алланың бұйрығы.

  • 3-шісі жаман бала, оны өзгертуге болады, тек жақсы тәрбиенің арқасында ғана.

Баланың құқығын құрметтеу – бұл олармен қарым-қатынаста әдептілік көрсету, сөйлесе білу және тыңдай білу, ұстамды болу оның адамдық құқын аяққа баспай оның орнына бір сәтке өзіңді қойып көру, мәселені қалай шешуді бірлесіп шешу, баланың жанын жараламайтындай болуы қажет.


Баланың мінез құлқы біздің көрсеткен үлгіміз. Отбасының үлкен мүшелері өздерінің қарым-қатынасын дұрыс құруы керек. Баланың көзінше сөйлескенде бала олардың үлгісімен үйренеді.
Осыған байланысты Толстойдың айтқанын еске түсіру орынды.
«Шылым тартып, арақ ішкен, жұмыс істемейтін және түнді күндізге айналдыратын адамның өздерінің жағымсыз тұрмыс қалпына қарамай, дәрігерге ауруымызды айыра көріңізші деп талап ететіні қандай күлерлік болса, адамдар өнегесіз өмір сүре отырып, баланы өнегелі етіп тәрбиелеуге болатыны жөнінде талап етуі де сондай күлерлік іс» деген екен.
Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен дамитынын ескере отырып, балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің қалай әсер ететінін жағдайларына жеке-жеке тоқталып көрелік.
Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер етуі жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп қарастыруға болады.
Бірінші топ – баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді.
Екінші топ - өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ қалай тәрбиелеу керек екенін білмейді. Мұндайлар ата-аналардың басым көпшілігі. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.
Үшінші топ – балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, педагогтарға қарсы тұратын төменгі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болмағанмен, қиын балаларды беретін отбасылар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет