Ғылыми зерттеудің алғашқы кезеңіндегі ғылыми ақпаратты жинау және жинақтау жайлы пікіріңізді жазыңыз



бет1/31
Дата21.05.2022
өлшемі96,53 Kb.
#144340
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Ғылыми зерттеу


Ғылыми зерттеу



  1. Ғылыми зерттеудің алғашқы кезеңіндегі ғылыми ақпаратты жинау және жинақтау жайлы пікіріңізді жазыңыз

Енді зерттеудің материалын жинау жұмысына келейік. Материал ретінде зерттеу мәселесімен байланысты деректер, идеялар, мысалдар, бақылау нәтижелері және т.б. түсініледі. Зерттеу тақырыбына қатысгы белгілі қор жинақталмаса, жазбаша жұмысыңыз ғылыми жақтан шынайы, дәл емес, құр сөзге құрылған, қызықсыз еңбек болып шығады. Ақпарат жинауға жіберілген уақытыңызды босқа кеткен уақыт деп есептемеңіз. Алдын ала жасалған жоспарыңызға сәйкес жиналған материалыңыз неғұрлым көп болса, жұмысыңыз соғұрлым ғылыми тұрғыдан дәйекті, дәлелді еңбек болады.Ақпарат жинауды кітапханадан, өзге де электронды қорлардан бастаған дұрыс. Сіз жаңадан Америка ашып жатқан жоқсыз, сіздің зерттеу мәселеңіз бұрын-соңды, сізге дейін де жанама, ішінара түрде болса да, басқа авторлардың еңбектерінде сөз болмауы мүмкін емес. Олай болса, сізге дейін осы мәселе турасында зерттеулер жүргізген, сіздің зерттеу мәселеңізге ұқсас тақырып бойынша еңбек жазған адамдардың жұмыстарымен танысуыңыз міндетті. Ең алдымен, кітапхананың каталогімен (карточкалық немесе компьютерлік) танысыңыз. Каталогте көрсетілген әдебиеттерді жинап алып, қайсысын толық оқып шығасыз, қайсысын тек қарап шығатыныңызды анықтаңыз. Бұл үшін кітаптың аңдатпасын, мазмұнын, түрлі тараулардан бірнеше абзацтар, пайдаланылған әдебиеттерін қарап шығыңыз. Бұдан соң барлық дереккөзді:
а) сізге қажет, яғни тақырыбыңызға жақын; белгілі мамандар мойындаған; сізге керекті тараулары бар; анық, түсінікті тілмен жазылғанын;
ә) қажет емес деп екі топқа бөліңіз. Әр дереккөзді 10-15 минут шолып шығыңыз: әр тараудың бірінші және соңғы абзацын, мақала болса, кіріспесі мен қорытындысын, әр параграфтың негізгі мағыналық бөлігін (сөйлемін) оқыңыз. Қайтадан толық, мұқиятоқып шығып, қажет жерлерді стикермен, жапсырма қағазбен белгілеп қойыңыз. Интернет қорындағы материалмен де осы ретпен жұмыс жасаңыз. Керекті ақпараттың сайтын, сайт қашан соңғы рет жаңартылғанын толық жазып алыңыз, ол пайдаланылған әдебиет тізімін ресімдеген кезде қажет болады.
Қажетті дереккөзді жинап алған соң, сол материалдар бойынша жазбалар, карточкалар жасап алған жөн. Бұл арқылы сіз:
- зерттеу пәні туралы базалық деректер, фактілер табасыз;
- басқа авторлардың көзқарастары және аргументтерімен танысасыз;
- өзіңіздің көзқарасыңызды немесе идеяңызды қолдайтын немесе оған қарсы дәйектемелер табасыз;
- осы арқылы әзіңізде жаңа идеялар туындағанын байқайсыз;
- сіздің жұмысыңыз үшін пайдалы болуы мүмкін сұрақтарды, мәселелерді жинайсыз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет