Ғылыми зерттеудің алғашқы кезеңіндегі ғылыми ақпаратты жинау және жинақтау жайлы пікіріңізді жазыңыз


Ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау және оларды іріктеудің маңыздылығына тоқталыңыз



бет14/31
Дата21.05.2022
өлшемі96,53 Kb.
#144340
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
Ғылыми зерттеу

17. Ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау және оларды іріктеудің маңыздылығына тоқталыңыз
Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:

  1. Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.

  2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.

  3. Тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек.

Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.
Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:
1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарым- қатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. 30-32 б.
2. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп.- М: Білім, 1991. 116 б.
Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу.
-Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;
-Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;
-Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.
Мәтінмен жұмыс (жоспар, рецензия)
Жоспар - мәтіннің негізгі семантикалық блоктарының тізімі.Мәтінді дайындау кезінде жоспар құру өте маңызды.Жоспардың нүктелері - авторға дұрыс бағытта қозғалуға көмектесетін анықтамалық нүктелер.Әрі оқырман жоспар арқылы мәтіннің идеясы мен мазмұнын оңай түсіне алады.
Жоспарды құрастырудың келесі үрдісі ұсынылады:оқу,кейін мәтінді бөлімдерге бөліп, олардың әрқайсысына қысқаша атау беру.
Рецензия (орысш.: обзор, ағылш.: review, лат.: recensio) — талдау, саралау, көпшілік назарына ұсынылған жарияланымдарға (кітап, кино, т.б.), əдеби шығармаларға, өнімдерге баға беру. Рецензия материалдық заттарға да жасалады. Сондай-ақ қоғамда болып жатқан жағдайлар мен оқиғаларға да жазылады.
Ғылыми тұрғыдан алғанда рецензия — белгілі бір туындыға, еңбекке не болмаса шығармаға қатысты сарапталған, қорытылған ақпараттардың жиыны, оған берілген сараптамалық баға. Рецензия көбінде əр саланың мамандарының арасындажасалады. Мысалы, əдебиетке жақын адам, сауатты оқырман дегендей адамдар рецензия жазуға жақын болады. Жəне бір мысал ретінде ескеретіні, жаратылыстану ғалымы əдебиет саласында жаратылыстану ғылымындағы көзқарасы бойынша бағалау жасай алмайды. Əр саланың өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мен саралау критерийлері болады.Рецензияның көлемі əр түрлі болады. Бір беттен бастап бір кітапқа дейін жазып шығуға да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет