12. Эссе жазуға қойылатын талаптарға баға беріңіз
Эссе дегеніміз (фр. тіл. еззаі - тәжірбие, лат.т. ехадіит
- КҰрау) - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Қазақ тілінің тусіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе - бір нәрсенің әсерінен
болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» деген анықтама берілген.
Классикалық эссе - бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан
азат қысқа көлемді шығарма. Эссенің мақсаты - әртүрлі дәйектер мен дәлелдер келтіре отырып, берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақгар беріліп, мысал келтіріледі.
Эссе екіге бөлінеді:
1) субъективті; негізгі мақсаты - авторды жан жақты ашу, таныту;
2) объективті; негізгі мақсаты - белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.
Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде,
батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі.
Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен кейде 20 бетке дейін.
Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне негізделген жеке ұстанымның еркін мазмұндалуы тән. Мұнда стиль маңызды рөл ойнайды. Әртүрлі эссе байқауларында (оқуға пайдаланудың алдындағы сынақтарда, сондай-ақ шығармашылық байқауларда) мәселен, 500 сөздің көлемінде эссе жазу тапсырылады.
Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға кәмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар.
Ең алдымен, өзіңніңхабарлайтын, жазатын, ойтолғайтын, талқылайтын
нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса, қарсы жауап реакциясын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл- күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет - тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл,
анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу.
Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау - ойлану - жоспарлау - жазу – тексеру.
Эссе жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар:
Жеке көзқарастың көрінісі;
Деректі дәйектер (аргументтер);Теориялық негіздеме;
Терминдерді қолдану;
Дәйексөздерді келтіру;
Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
Логикалық заңдылықгың сақталынуы;
Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
Сауаттылық (пунктуациялық, орфографиялық, стильдік).
Жиі кездесетін қателер:
Проблема ашылмайды;
Автордың жеке ұстанымы көрінбейді;
Теориялық негіздемесі жоқ;
Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер қолданылады;
Келтірілген мысалдар автор ұстанымына қайшы;
Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
Логиканың болмауы.
Эссе жазуға қалай дайындалу керек?
Эссе жазуға кіріспес бұрын, ең алдымен, мына сұрақтарға жауап беру керек сияқгы: «Мен неге және не үшін жазып отырмын?», «Менің жұмысымды кім оқиды?», «Мен қандай идеяларды айтқым келеді?», «Маңызды ақпаратты мен қай жерден іздеп таба аламын?», «Мен оқырмандардан қандай пікірлер мен іс- әрекеттерді күтемін?»
Эссе жазудың нақты мақсаты қандай? Ол:
белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;
сұрақ бойынша әзінің түсінігін, ойын айту;
оқырмандарды ақпараттандыру;
мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;
өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рақатқа бөлеу;
көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;
іс-әрекетке түрткі болу.
Мақсат нәтижеге жету құралдарын анықгайды. Автор нәтиже шығатындай жағдайға дейінгі көлемде жазуы тиіс. Адам өзінің алдына қойған мақсатын біліп, өзінің жазба еңбектерін осы тұрғыдан қарастырса, мәтін түсінікті және айқын болады. Болашақ оқырмандардан құралған топтардың жалпы ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың құндылығы мен эссенің тақырыбына деген өз көзқарастарын анықгауға тырысу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |