Ғылыми зерттеудің алғашқы кезеңіндегі ғылыми ақпаратты жинау және жинақтау жайлы пікіріңізді жазыңыз


Әдіснама мен әдістер арасындағы айырмашылық жайында сипаттап жазыңыз



бет18/31
Дата21.05.2022
өлшемі96,53 Kb.
#144340
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
Ғылыми зерттеу

21.Әдіснама мен әдістер арасындағы айырмашылық жайында сипаттап жазыңыз
Әдіснама /методология (грек. methodos — зерттеу жолы, теория және logos — ілім) — ғылымды дамыту үшін керек.
1.ғылыми таным әдісі;
2.ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Психология теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы психологиялық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші психологтың нәтижеге жетуі оның ғылыми құрал-жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты;
3.дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теорияны игертуге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.
Әдіснама — әдістер туралы ілім, әдістер теориясы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және жаңалықтарды бірізге келтіру тәсілдерінің жүйесі. Ғылыми әдістің негізгі мақсаты — объективтік ақиқатты aшy. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жол да, әдіс те ақиқат болуы қажет. Әдіснаманың негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар, заңдылықтар) жүйесі жатады. Әдіснаманың ақиқаттығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқаттығына байланысты. Ғылыми әдіснама дұрыс құрылған теорияға негізделгендіктен, қате болуы мүмкін емес. Дегенмен, объектіні тану кезінде әдіснаманы қолдануда қателік болуы мүмкін. Әдіс пәннің ерекшелігі арқылы анықталғанымен, олар бір-бірімен қарама-қарсылықта болады.
Әдіс — көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.
Әдіс - дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі.
2. Құбылыстарды танып-білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.
3. (Грек.odes – «бір нәрсеге жетудің жолы») – көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі.
Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты болып табылады. Танымның даму процесінде ғылыми ойлау жүйесінің индукция, дедукция, талдау және жинақтау, аналогия, салыстыру, эксперимент, бақылау және басқа да әдістері жасалып, қалыптасты. Нақты ғалым түрлерінің арнайы әдістері де болады. Өйткені олардың зерттеу объектілеріне тән өзіндік ерекшеліктері бар. Философияның өзге нақты ғылымдардан айырмашылығы — мұнда танымның жалпыға ортақ әдістері жасалады. Бүкіл танымдық әдіс негізінде болмыстық объективті заңдылықтары жатады. Диалектикалық әдістің объективті негізін материалдық әлем дамуының неғұрлым жалпылама заңдылықтары құрайды. Бұл әдіс өзге ғылым әдістерін алмастырмайды, тек олардың жалпы философиялық негізі болып табылады және барлық салалардағы таным құралы ретінде қызмет атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет