Ғылыми зерттеудің алғашқы кезеңіндегі ғылыми ақпаратты жинау және жинақтау жайлы пікіріңізді жазыңыз


Ғылыми жұмысты табысты қорғаудың маңызды факторларына тоқталыңыз



бет7/31
Дата21.05.2022
өлшемі96,53 Kb.
#144340
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
Ғылыми зерттеу

7. Ғылыми жұмысты табысты қорғаудың маңызды факторларына тоқталыңыз.
Академиялық ортада зерттеу жұмысын жазу кезінде де, оны ауызша таныстыру кезінде де мәтін мазмұны көпше түрде, бірінші жақтан, яғни біз деп беріледі. Сонымен зерттеу жүргізіп, мәліметтер жинадыңыз, оларды талдадыңыз, қорытынды мәтінді жазып шықтыңыз. Енді оны аудитория алдында қорғауыңыз керек.
Аудитория алдында жоба қорғаудың бекітілген ережесі жоқ, дегенмен көпшілік алдында сөйлеудің белгілі бір элементтері сақталуы тиіс. Бірінші элемент - аудиториямен алғашқы байланысты орнату. Бұған тоқталмаймыз, себебі көпшілік алдында сөз сөйлеу бойынша оқу-әдістемелік құралдар жеткілікті, олармен өз бетіңізше танысып алуға болады.
Аудиториямен алғашқы байланыс орнатуды зерттеу мәселесімен таныстырудан бастаған дұрыс. Бұдан соң өз зерттеу бағдарпамаңыздың басты көрсеткіштерін (зерттеудің мақсат, міндеттерін, зерттеудің шегін, басты болжамдарыңызды, зерттеу әдістеріңізді т.б.), яғни жұмысыңыздың кіріспе бөлімін құрайтын мәліметтермен таныстыру керек. Кейін басты тезисіңізді ұсынып, оны дәлелдеуді бастайсыз. Дәлелдеріңізді талданған мәліметтермен дәйектеуді ұмытпаңыз. Өз тұжырымдарыңыз бен ұстанымдарыңызға баға беруді естен шығармаңыз. Жалпы алғанда, ауызша сөйлеу кезінде аудиторияға әсер етудің қосымша мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жазбаша мәтініңізді айтып бересіз. Аз уақыттың ішінде жинақтаған мәліметтеріңіз бен алған нәтижелеріңізді толық жеткізу қиын екендігі белгілі. Сондықтан негізгілерін таңдап алып, ұзақ кіріспе сөзсіз, бірден баяндауға кіріскен жөн, әсіресе, мәліметтерді жинау әдістері мен сол мәліметтерді талдау нәтижелерін ұсыну міндетті. Сөйлейтін сөзіңіз аудитория үшін түсінікті, қысқа, нақуы және аяқуалған болуы тиіс.
Қорғау кезіндегі басты мәселелердің бірі - регламентті сақтау, сондықтан уақытты алдын-ала есептеп алып, сөйлеу кезінде бақылауда ұстап отырған дұрыс. Ғылыми іс-шараның маңыздылығы артқан сайын, регламент те қатаң бақыланады.
Келесі мәселе - «алдын ала дайындалған мәтінді оқып берген дұрыс па, өз сөзімен еркін айтып берген дұрыс па?» деген сұрақ. Тәжірибелі мамандар сөйлейтін сөзін толық алмаса да, жұмыстың мазмұнын ұстап тұрады. Бұл белгіленген тақырыптан ауытқымауға, сөзді жүйелі беруге көмектеседі. Жазылған сөзді бас алмастан оқып бермей, аудиториямен байланысты сақтай отырып, мәтін мазмұнын айтып беругетырысу қажет.
Бұл айтылғандарға қоса, сөйлеу кезінде көрнекі материалдар қолданылуы мүмкін, себебі адамдардың көбі мәтінді тыңдағаннан гөрі көрген кезде жақсы қабылдайды, түсінеді. Көрнекілікке тақтаға немесе плакатқа жазу (сызу, сурет салу), слайдтар көрсету, үлестірме материалдар тарату жатады.
Ауызша сөйлеу кезінде есте ұстайтын тағы бір жағдай - сөйлеу мәнеріңіз бен ым-ишаратыңызды, дене қозғалысыңызды (қол сермеу) бақылауда ұстау. Сөз мәнері дегенде, ойға сөйлеу кезінде қолданылатын қажетсіз «паразит» сөздер келеді. Орынды-орынсыз жиі қолданылатын сөздерге «мысалы, және, яғни, қысқасы, жаңағы т.б.» жатады, бұған қоса сөз арасындағы кідірістерді толтыратын «/-/- /-/', м-м- м-м» сияқты түрлі ұзақтықпен қолданылатын «паразит» дыбыстарды да ұмытпаңыз. Сонымен қатар дене қимылын да қадағалап тұрған дұрыс. Бұл айтылғандардың барлығы туралы арнайы әдебиеттер көп, олармен танысуға, керегін пайдалануға мүмкіндік көп.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет