Автор:
Ескожина Самал Сембаевна
Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 8-сынып
Бөлім: Махаббат және абырой
Тақырып: «Бақытсыз Жамалдың»
көркемдік әлемі
Оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтемеу):
М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы көркемдегіш құралдарының (психологиялық
параллелизм, ирония, перифраз) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау
Сабақтың мақсаты:
Шығармадағы
психологиялық параллелизм, ирония, перифраз тәсілдерінің қолданысын тауып
талдау арқылы автордың стилін анықтайды
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар орындай алады:
Автордың жазу стилін анықтайды; Шығармадағы көркемдегіш әдіс-
тәсілдердің қолданылуын талдайды; Пәндік лексика мен терминология:психологиялық параллелизм,
перифраз, ирония, автор стилі. Талқылауға арналған сұрақтар: Романның оқырманына ерекше әсер
етуінің себебі неде? Қаламгердің жазу мәнері қандай? Ой түйінін ашу тәсілі қалай көрініс тапқан?
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар шығарманың көркемдік құндылығын анықтайды, табады, талдайды.
Автордың жазу
стилін айқындайды.
Бағалау критерийлері:
-Психологиялық параллелизмді, перифраз, иронияны табады -Автордың
жазу стилін анықтайды
Құндылықтарды
дарыту:
Құрмет (талдау барысында аналық қамқорлық және әлеуметтік-тарихи мәселелердің мәнін
жеткізудегі автордың көркем тілін, ана тіліміздің байлығын құрметтейді)
АКТ-ны
қолдану
дағдылары:
Пәнаралық байланыс:
Тарих, педагогика , этнопедагогтика
Бастапқы білім:
Оқушылардың
көркемдегіш құралдар перифраз, ирония, психологиялық параллелизм туралы
түсініктері бар, таба алады.