3.11 Бағыттарды айналдыру тәсілімен өлшеу немесе Струве тәсілі
Лимбтің қозғалмаған күйінде теодолит алидадасын сағат тілі бойынша бұрады, көру дүрбісін бірінші, екінші, ... , соңғы көздейді; сонымен қоса горизонталь дөңгелек бойынша есеп алады. Берілген өлшемдердің комплексі бірінші жартылай тәсілді құрады. Одан кейін дүрбіні зенит арқылы сол пункттарға бұрады, бірақ кері кезектестіктен: соңғы, ... , екінші, бірінші, яғни екінші жартылай тәсілді жасайды. Екі жартылай тәсіл бір тәсілді құрайды.
Егер әрбір жартылай тәсіл соңында дүрбіні қайтадан бастапқы бағытқа бағыттаса және қайта лимб бойынша есеп алса, яғни горизонтты тұйықтаса, бұл әдіс бағыттарды айналдыру тәсілімен өлшеу деп аталады. Бұл әдісті 1816 жылы белгілі орыс геодезисі және астроном академик В.Я. Струве ұсынды.
Айналдыру тәсілімен өлшенген бағыттың теңдеуі және оның дәлдігі (Струве тәсілі)
Мысалы: Р пунктінде n бағытымен 1,2,3,...n пункттеріне айналма тәсілмен өлшеу керек болсын дейік.
Ол үшін лимбті бекітіп, алидаданы сағат тілі бағытымен дүрбіні ДС қалпында 1,2,3,...n пунктеріне кезектеп нысаналайды, қайтадан 1 пунктіне нысаналап, n+1-ге көздейді де есепті лимб бойынша алады. L 1, L 2, L 3, ... L n, LІ1. Бұл бірінші жарты айналым болады.
Содан дүрбіні зенит арқылы айналдырып, лимб сол қалпында, ал алидада айналымы сағат тілі бағытына қарсы болғанда, дүрбіні 1, n, n-1, ... 3,2,1 пунктеріне кезектеп көздеп, n+1 нысаналайды да, лимбтан есеп алады: R 1, R 2,
R3 ... Rn, R1. Бұл өлшенгендердің бәрі 2-ші жарты айналым, ал екі жарты айналым толық айналма әдісін құрайды.
1-ші пункте бағытталған бағыт екі рет қарастырылады. Оны бастапқы бағыт деп атайды және оны әдетте жақсы көрінісі бар жерде таңдайды.
Толық айналма әдіспен өлшенген бағыттарды өңдеу, ДС және ДО өлшенген аттас есептердің орташа арифметикалық мәнін есептеуден басталады.
А111=1/2(Li+Ri). (3.33)
Нәтижесінде А1, А2, А3 ... Аn, А, «есеп» қатары пайда болады, олар арасында 1 пунктінде өлшенген қателігі пайда болады.
∆=А1-А№1. (3.34)
∆ қателікті есептеу үшін, түзетпені бүкіл бағыттарға ендіру керек.
Δі= - ∆/n(і-1). (3.35)
Бұдан бағыттардың тұрақты мәнін есептегеннен соң, М1=0,М2...
Мі=(Аі+бі)-А1. (3.36)
1961 жылға дейін СССР бойынша ∆ арқылы бастапқы бағытты өлшеу ғана болды, бұдан
А№1=1/2(А1-А№1),
Мі= А1-А№№1.
(3.37)
Бұл қателіктерді өлшеу, яғни қателіктерді толық жою болып табылады. Олар аспаптан, қоршаған ортаның әсерінен пайда болады. Лимб бөлінділерінің қателігін болдырмау үшін, есепті лимб доғасына тегіс және олар лимбтің әр бөлшектеріне тиетіндей етіп орындалады. Ол үшін лимбті әр айналым сайын 180/m+б бұрышына қояды, m – айналым саны. ρ=5№- микроскоп микрометрлік теодолиттер үшін, ρ=4№ - оптикалық теодолиттер үшін.
Бағыттың дәлдігін есептеу, жеке айналым бағытынан оның орташа арифметикалық қосындысының ауытқуына тең. Практикада Петерс формуласын қолданады.
μ=1,25/√m(m-1)·Σ(U)/n=K· Σ(V)/n; (3.38)
«m» айналыммен өлшенген орташа квадраттық қателік бағыты мынаған тең:
М=-+М/√ m (3.39)
мұндағы n – пункқа бағытталған амалдар саны; m – айналым саны;
U – жеке айналым бағытынан орташа арифметикалық қосындысының ауытқуы.
«К» мәні айналым амалдарының санына байланысты:
К6=0,23; К9=0.15; К2=0,11. (3.40)
-кесте - Горизонталь бұрышты айнaлу тәсілімен есептеу
Достарыңызбен бөлісу: |