-лай (-лей), -дай (-дей) жұрнактары аркылы: жартылай, шикілей, тікелей, осылай т.б.
Көлемдік септіктердің көнеленуі аркылы: бірге, зорға, окыста, лезде, шалқасынан, кенеттен, жайымен, ретімен, кезекпен, шынымен т.б.
Күрделі түбір сын-қимыл үстеулері сөздердің бірігуі, косарлануы арқылы жасалады.
Сөздердің бірігуі арқылы жасалған сын-қимыл үстеулер: ауызекі, бір жола.
Сөздердің косарлануы арқылы жасалған сын-кимыл үстеулер: қолма-қол, бетпе-бет, бостан-босқа, жападан — жалғыз т.б.
«Өте» сөзі
1986 жылы жарык көрген «Қазіргі казақтілінің морфемалар жүйесі» деген еңбекте профессор Н.Оралбаева былай деп жазады: «Өте сөзі казак тілінің грамматикаларында күшейту үстеуінің тобына жаткызылады. Бұны үстеу деп тану оның лексикалық мағынасын тануды талап етеді, оның бірлі — жарым етістіктермен тіркесте қолданылатыны рас: өте асықты, өте ұрысты, өте кейіді, өте мақтады.
Ғалым өте катты асыкты, өте қатты ұрысты, өте катты кейіді, өте қатты мақтады деген колданыстар барын тілге тиек ете келіп, бұнда «өте» сөзі сын есімнің алдында тіркесіп тұрғанын айтады. Күшейткіш сөздердің бұлай қолданылуын олардың алғаш етістікпен тіркеспегендігін көрсетеді деп дәлелдейді. Шынында, үстеулердің күшейткіш деп аталып жүрген кейбір түрлерін үстеуге жаткыза қою қиын. Сондықтан оларды күшейткіш көмекшілер деу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |