6.Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлардың мәнін ашыңыз, ең маңыздысын мысалмен дәлелдеңіз Жеке тұлғаның дамуы — процесс-сандық және сапалық өзгерістер, адам ағзасындағы. Нәтижесі — даму немесе қалыптасу — адамның биологиялық түр ретінде және әлеуметтік мәні бар. Биологиялық адамда сипатталады жеке дамуын қамтитын морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістер. Ал әлеуметтік дамуын табады өрнек психикалық, рухани, интеллектуалдық өсуі.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз – ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Ал олардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемдік, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше дараланған жеке тұлға деп қараймыз. Бір қоғамда өмір сүрушілерге ортақ әлеуметтік, моральдық-этикалық заңдардың ортақтығына қарамастан, жеке тұлғалардың әлеуметтік қарым-қатынаста айна қатесіз бірдей болуы да мүмкін емес. Олай болса, «жеке тұлға» деген түсінікке не кіреді? Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерінің қандай түрлері жеке тұлғаны анықтай алады дегенге, ол сана мен өзін-өзі саналандыру қасиеттері деуге тура келеді. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бірін-бірі бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Олар көбінесе өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Абайдың өмірде «Көре алмас іші тар, несі артық менен»деушілердің көп болатыны дөп басып айтуы да осы ойға саяды. Сонымен бірге, жеке тұлға өзін-өзі бағалауға да, өзінің іс-әрекетін, оның нәтижелерін басқалардың бойындағы қасиеттермен салыстырып көре, тани білуге, соған теңелсем, сондай болсам екен деп ұмтылыс, іс-әрекет жасауға да қабілетті.
Жеке тұлғаға тән қасиет – ақыл, ес, яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу дегеніміз – миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.