Негізгі компоненттерінің мәні


Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері тобын көрсетіп, мысал келтіріңіз



бет59/70
Дата13.05.2022
өлшемі4,16 Mb.
#143054
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70
Байланысты:
1-70 ответы

47 Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері тобын көрсетіп, мысал келтіріңіз
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен де ұштасады. Ол әдетте, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Оқушылармен оқудан тыс жүргізілетін бұл тәрбие жұмыстарының мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді. Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда тәрбиешіге оның қоғамдық бағытының болуын, олардың жас және дара қасиеттерін ұйымдастыру жұмыстарындағы іс-әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі. Оқыту процесінде білім, білік, дағдының өзара тығыз байланысы пайда болады, ол тәрбие процесінде ғылым негіздерімен бірлесе келіп, жеке тұлғаның айналасындағы құбылыстарға қатынасын туғызады. Соның нәтижесінде жеке тұлғаның дүниетанымы қалыптасады (28-сурет). Мектептегі тәрбие жұмыстарының негізгі бағыты тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін дамыту, сол арқылы өмірдің маңызды жақтарына қатынасын қалыптастыру: - адамның табиғатпен өзара үйлесімді қарым-қатынас ортасы; - қоғамдық қатынастар аясы (адамгершілік, құқықтық, экономикалық, өндірістік және т.б. – әлеуметтік ортасы); - психологиялық орта (саналылығы, өзін-өзі дұрыс басқара білуі, ойлаудың интуициялық тетіктері, табиғи болмысы, дарыны және т.б.). Тәрбие процесі оқыту және дамыту процесімен ажырамастай байланыста әрі ол адамның дамып қалыптасуында маңызды орын алатын негізгі өзек болып табылады.

Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру бойынша тәрбие жұмыстарының бағыттары: 1. Тәрбиеленушінің танымдық белсенділігін дамыту. Бұл бағыт тәрбиеленушілердің сабақ жүйесіндегі және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттерін өзара тығыз байланыстыру арқылы жүзеге асады. Тәрбиеленушінің танымдық белсенділігін, сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттерін күшейту арқылы дамыту жолдары төмендегідей: - оқытудың сабақтан тыс формалары арқылы (пән апталықтары, байқаулар, пән сайыстары, олимпиадалар, турнирлер, интеллектуалдық жарыстар); - пәндердің клубтық және үйірмелік қызметтері (театр клубы, дискуссия клубы, музыка студиясы, пән үйірмелері және т.б.); - музей, театр, кино үйі, кітапханаларға жүйелі түрде бару. Тәрбиеленушінің ұжымдық іс-әрекеттерінің түрлері: 1) сыныпішілік тәрбие жұмыстары (ұжымішілік); 2) сыныптан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстары (ұжымнан тыс); 3) негізінен тұрақты, қызығушылық аясы бірдей тәрбиеленушілер тобын қалыптастыратын клубтық, үйірмелік тәрбие жұмыстары; 4) оқытудың сабақтан тыс шығармашылық формаларын (пән апталықтары, олимпиадалар, викториналар, көңілділер және тапқырлар клубы және т.б.) қамтитын сыныпаралық тәрбие жұмыстары, яғни істің барысында әртүрлі сыныптар мен параллель сыныптардан уақытша шығармашылық топтар құрылады. Мұндай жұмыстарды ұйымдастыру барысында бір ғана тәрбие процесі технологиясына байланысқан бірнеше буындардың технологиялық тізбегі көрініс табады: 1 кезең – осы шығармашылық істі өткізуге деген жеке тұлғаның құштарлығы; шығармашылық істі дайындауға қызықты, тартымды жарнама жасау арқылы топ жинау. 2 кезең – шығармашылық істі өткізудің жоспарлануы («Кім үшін?», «Кіммен?», «Қай мезгілде?» дегендей жоспардың әрбір бөлігін нақтылау). 3 кезең – шығармашылық істің жүзеге асуы. 4 кезең – атқарылған іске талдау жасау, қорытындысын шығару, бұл кезең шығармашылық топтың келесі кезеңдегі шараларды қызықты ұйымдастыруына негізгі бағыт беретін кезең. Бұл технология бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру арқылы тәрбиеленушілер өздеріне қызықты шығармашылық форманы ұйымдастыру мен басқару мәдениетін үйренеді. Тәрбие технологиясының кез келгенінің ең маңызды кезеңі – қорытындылау, шығармашылық іске қатысушылардың жетістіктерін мадақтау болып табылады. Өйткені, әрбір шығармашылық іс тәрбиеленушіге қуаныш әкелуі керек, сондай қуанышты сезім ғана оларды келешекте де осындай шығармашылық істерге қатысуға немесе одан да қызықты істерді ұйымдастыруға жетелейді. 84 2. Тәрбиеленушінің қоршаған ортаға ізгілікті қатынасын туғыза отырып, оның адамгершілік негізін қалыптастыру. Жеке тұлғаның бойында адамгершілік нышандарының қалыптасу процесі бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады. Адамгершілік нышандарының соңғы нәтижесі адамгершілік тәрбиесінің тереңдік деңгейін танытатын белгілерді анықтайды. 29-суретте адамгершілік тәрбиесінің сапалық белгілері көрсетілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет