49.Мектептегі тәрбие жұмысының бағыттары, ерекшеліктері, негізгі қағидалары, құраушы компоненттеріне сипаттама беріңіз 45 суракта жауабы бар 50.Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы және оның тиімділігінің мазмұнын ашыңыз Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы және оның тиімділігінің шарты Сынып жетекшісі әрдайым даму үстінде сондықтан, өзінің еңбек жолының барлығында зерттеуші болып табылады. Әсіресе сынып жетекшісінің кәсіби шеберлігін қалыптастыру барысында ғылыми-әдістемелік іс-әрекет үлкен әсерін тигізеді: - білім саласында болып жатқан қазіргі кездегі өзгерістермен әрдайым таныстыру; - өз әріптестерінің әртүрлі формадағы тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесін үйрену; - жаңа тәрбие тұжырымдамасы, бағдарламасымен және т.б. танысу. Сынып жетекшісінің өз білімін жетілдіруі дегеніміз – басқаның көмегінсіз, өз бетімен дайындалу арқылы білімін арттыруы, кәсіби-әдістемелік білім мен біліктілігін тереңдетуі және кеңейтуі. Сынып жетекшісінің өз білімін жетілдіру жұмыстары 99-суретте ашылды.
Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуының мақсаты: 1) оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру мақсатында психологиялық және педагогикалық білімдерін кеңейту; 2) озық педагогикалық іс-тәжірибелер мен педагогикалық ғылым жетістіктерін меңгеру және білімділік, біліктілік деңгейін жетілдіру. Өздігінен білім алудың тақырыптарын әдістемелік отырыстарда талқылап, ұсыныстар беріп отырған дұрыс. Сынып жетекшісінің өздігінен білім алу жұмысын сабақтарға қатысу арқылы бағалаған жөн. 1 • Тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгейін арттыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы 2 • Кітапханаға бару, ғылыми-әдістемелік және педагогикалық түрлі кітаптармен танысу 3 • Педагогикалық кеңеске, сынып жетекшілері бірлестіктерінің отырыстарына қатысу 4 • Өз әріптестерінің тәрбие сағаттарына қатысу, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру 5 • Тәрбие сағаттарын өткізу әдістемесі және т.б. мәселелер жөнінде пікір алмасу 6 • Әртүрлі формадағы тәрбие сағаттарын, сыныптан тыс іс-шараларды және оқу материалдарын теориялық талдаудан, практикалық өндеуден өткізу 302 Мектептің педагогикалық Кеңесі мен сынып жетекшісінің семинарлары (сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі) Білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі – білім беру ұйымдарын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады. Педагогикалық кеңестің құрамына білім беру ұйымының басшысы (төраға), оның орынбасарлары, педагогтар, тәрбиешілер, психолог, әлеуметтік педагог кіреді. Педагогикалық кеңестің отырысына ата-аналар комитеттерінің мүшелері шақырылады. Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі. Педагогикалық кеңестің өз құрамынан 1 жылдық мерзімге хатшы сайланады. Педагогикалық кеңестің басты міндеттері 100-суретте ашылды