2018 жылдың 1-12 ақпан аралығында «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты тақырыпта өткен онкүндік есебі
Дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп – интернатында 2018 жылдың 1-12 ақпан аралығында «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты тақырыпта онкүндік болып өтті. Негізгі мақсаты: өзінің өмірлік позициясын анықтау, өзіне, қоршаған ортаға ізгілікті қарым – қатынас жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек жасау, туыстарына, туғандарына қамқорлық жасау, өзімен өзі үндестікте өмір сүру, шынайы болу.
Бағдарлама жасалынып, жоспар құрылған күннен бастап, қызу дайындық та басталып кетті. Бағдарламада: 1. Онкүндіктің ашылуы «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»;
2. Кітаптар көрмесі «Мейірім төгетін ана»;
3. Көркемсөз байқауы «Алтын жүрек анамыз», «Сердце, наполненное любовью»;
4. «Доброта – солнце, согревающее сердце человека» атты тақырыпта оқушылардың қолынан шыққан шығармашылық көрмесі;
5. «Ән көңілдің ажары» атты ән фестивалі;
6. Ақкөл балалар үйіндегі балалармен кездесу;
7. Жоғары сыныптар арасында «Қазіргі заман жастары патриот па?» атты дебат;
8. 9 ақпанда және 12 ақпан күндері барлық сыныптарда сынып сағаттарын өткізу. Тақырыптары: «Мейірімділік – асыл қасиет», «Кәусар бұлақ тұнығынан», «Қызығы мол бұл әлем», «Утро радостных встреч», «Доброта – солнце, согревающее сердце человека», және тағы да басқа;
9. Кинотеатрларға, ойын сауық орталықтарына бару;
10. Қорытынды, онкүндіктің жабылуы.
Өзін өзі тану – барлық даналықтың бастауы. Ол үшін жас ұрпаққа «құндылық» деген ұғымның мәнін терең түсіндіре білуге тиіспіз. Ақиқат - өзін өзі танудың мақсаты. Сүйіспеншілік – өзін өзі танудың негізгін қалаушы құндылық. Дұрыс әрекет тәжірибесі – мәңгілік өмір негізі. Осындай жүргізушілердің даналық сөзінен кейін әсем әнмен мың бұралған бишілерге ұласты.
Достарыңызбен бөлісу: |