Еліміздің әрбір азаматы «Мен- қазақстандықпын» деп шынайы патриотизммен жауап бере ала ма? Патриоттық сезім - адами келбеті қалыптасқан, тілін, дінін қастерлейтін, әке-шеше, Отан алдындағы парызын жауапкершілікпен түсінетін азаматтардың бойында болатын отаншылдық сезім. Сондықтан да Отанға деген сүйіспеншілікті кешенді түрде қалыптастыру керек. Осы бағытта өткен жоғары сыныптар арасында «Қазіргі заман жастары патриот па?» атты дебат өте тартысты да, тартымды өтті.