Оқу жоспарындағы ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
|
Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
|
Оқыту мақсаттары. Білім алушылар білуге тиісті
|
1-тоқсан
|
1-бөлім:
Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
|
Тыңдалым және айтылым
|
8.1.1.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;
8.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу;
|
Оқылым
|
8.2.1.1 - тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру.
8.2.2.1 - публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;
|
Жазылым
|
8.3.3.1 - мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу;
|
Әдеби тіл нормасы
|
8.4.1.1 - тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу;
|
2-бөлім:
Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті
|
Тыңдалым және айтылым
|
8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау;
8.1.5.1 - перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау;
|
Оқылым
|
8.2.5.1 - перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру;
8.2.6.1 - оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу;
|
Жазылым
|
8.3.1.1 - тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру;
8.3.4.1 - эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу;
(аргументативті эссе)
|
Әдеби тіл нормасы
|
8.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;
|
2-тоқсан
|
3-бөлім:
Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары
|
Тыңдалым және айтылым
|
8.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;
|
Оқылым
|
8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау;
8.2.7.1 - ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау;
|
Жазылым
|
8.3.6.1 - БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау;
|
Әдеби тіл нормасы
|
8.4.3.1 - сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану;
|
4-бөлім:
Ғарышты игеру жетістіктері
|
Тыңдалым және айтылым
|
8.1.3.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;
8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау.
8.1.5.1 - перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау;
|
Оқылым
|
8.2.3.1 - мақала, аннотация, презентация, құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
|
Жазылым
|
8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу;
|
Әдеби тіл нормасы
|
8.4.4.1 - сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану;
|
3-тоқсан
|
5-бөлім: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер
|
Тыңдалым және айтылым
|
8.1.5.1 - перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау;
|
Оқылым
|
8.2.2.1 - публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;
8.2.5.1 - перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру;
|
Жазылым
|
8.3.6.1 – бұқаралық ақпарат құралдары материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау;
|
Әдеби тіл нормасы
|
8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану;
|
6-бөлім: Қоршаған орта және энергия ресурстары
|
Тыңдалым және айтылым
|
8.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;
|
Оқылым
|
8.2.7.1 - ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау;
|
Жазылым
|
8.3.2.1 - жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, аннотация, тезис құрастырып жазу;
8.3.3.1 - мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу;
|
Әдеби тіл нормасы
|
8.4.4.3 - сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолдана білу;
|
7-бөлім: Жасөспірім және заң
|
Тыңдалым және айтылым
|
8.1.2.1 - әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау;
8.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу;
|
Оқылым
|
8.2.6.1 - оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу;
|
Жазылым
|
8.3.4.1 - эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу;
(аргументативті эссе)
|
Әдеби тіл нормасы
|
8.4.4.4 - жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану.
|
4-тоқсан
|
8-бөлім: Театр өнері мен мәдениеті
|
Тыңдалым және айтылым
|
8.1.1.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;
|
Оқылым
|
8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау;
|
Жазылым
|
8.3.1.1 - тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру;
8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақымәтін (аннотация, тезис) жазу;
|
Әдеби тіл нормасы
|
8.4.1.1 - тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу;
8.4.5.1 - сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану;
|
9-бөлім:
Қазақстандағы туризм және экотуризм
|
Тыңдалым және айтылым
|
8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау;
|
Оқылым
|
8.2.1.1 - тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру;
8.2.3.1 - мақала, аннотация, презентация, құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
|
Жазылым
|
8.3.2.1 - жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, аннотация, тезис құрастырып жазу;
8.3.3.1 - мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу;
|
Әдеби тіл нормасы
|
8.4.5.1 - сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану.
|