Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы



бет1/4
Дата28.01.2018
өлшемі1,17 Mb.
#35463
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы « » ___________

№ ____ бұйрығына 5-қосымша  


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына 196-қосымша 



Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы

үлгілік оқу бағдарламасы

(оқыту қазақ тілінде емес)


1-тарау.Жалпы ережелер





  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту мақсаты:негізгі орта білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасының мақсаты–оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

  3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:

  1. шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағ-дыландыру;

  2. білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру;

  3. туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу;

  4. оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;

  5. оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

  6. оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәс-түрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

4.Негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» деңгейлерін (B1, B2,) негізге ала отырып, айқындалған.

5. Бағдарлама әр деңгейдің соңындағы күтілетін нәтижелер түрінде берілген.



2-тарау.«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

6. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:



  1. 5-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

  2. 6-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

  3. 7-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

  4. 8-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

  5. 9-сынып – аптасына 5сағат, оқу жылында – 170 сағат.

7. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу мазмұны5 бөлімге бөлінеді. Бөлімдерді бөлімшелер құрайды, олар сыныптар бойынша күтілетін нәтиже-лер түрінде оқыту мақсаттарынан тұрады.

8.Оқыту мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді.

9.Оқыту пәнінің мазмұнын 4 бөлім құрайды:

1) тыңдалым;

2) айтылым;

3) оқылым;

4) жазылым.

5) сөйлеу нормасын сақтау.

10. «Тыңдалым»бөлімікелесі бөлімшелерден тұрады:


  1. болжау;

  2. назарын шоғырландырып тыңдау;

  3. сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну;

  4. көркем шығармаларды тыңдау;

  5. негізгі ойды анықтау;

  6. тыңдалым материалдары бойынша жауап беру.

11. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. мәтіндегі ақпаратты анықтау;

  2. стильдік ерекшеліктерді анықтау;

  3. көркем шығармаларды оқу;

  4. мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;

  5. қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу;

  6. өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау.

12. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

    1. әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру;

    2. эссе жазу;

    3. көркемдегіш құралдарды қолданып жазу;

    4. мәліметтерді жинақтау;

    5. орфография және пунктуация.

13. «Айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Сөздік қорының алуандығы;

  2. Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті;

  3. Орфоэпиялық нормаларды сақтау;

  4. Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау;

  5. Сенімді және еркін жауап беру;

  6. Визуалды материалдар арқылы тілді дамыту.

14. «Тілдік бағдар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) сөз таптары;

2) сөйлем.

15.«Қазақ тілі» пәнінің 5-сыныптағы білім мазмұны

16. Сөйлеу әрекеттерінің түрлері бойынша:

1) тыңдалым: тірек сөздер арқылы болжау, негізгі мазмұнын түсіну, нақты ақпаратты анықтау, күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты сөздердің мағынасын түсіну, көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну, негізгі тақырыпты анықтау, сұрақтарға жауап беру.

2) айтылым: жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу, амандасу мәнері мен ұлттық этикет формалары, қазақ тіліндегі төл дыбыстары мен үндестік заңы, мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, берілген сұраққа лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу, иллюстрацияларды сипаттау.

3) оқылым: негізгі ақпаратты анықтау, хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау, көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау, мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру, қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу, тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.

4) жазылым: ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарына сай хабарлама, хабарландыру, хат жазу, эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу, жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу, мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

17.Тілдік бағдар:

1)сөз таптары: жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау, заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін орынды қолдану, болымды және болымсыз етістіктер, мекен және мезгіл үстеулер, ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу.

2) сөйлем: хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру.

18. «Қазақ тілі» пәнінің 6-сыныптағы білім мазмұны

19. Сөйлеу әрекеттерінің түрлері бойынша:

1) тыңдалым: мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау, мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау, тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну, әңгіме, хикаялардың және шағын поэзиялық шығармалардың мазмұнын талдай отырып кейіпкерлерге сипаттама жасау, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау, тыңдалым материалдары бойынша шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру.

2) айтылым: тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу, тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу, сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту, шағын көлемді мәтіндегі жеке эпизодтарды сипаттау және тілдік ерекшелігіне салыстыру жасау, диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру.

3) оқылым: мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, ресми стильдегі мәтіндердің стильдік ерекшелігін анықтау (күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян, түйіндеме, орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау, мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру, қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді мәтін мазмұнымен салыстыру, қарама-қайшы ақпараттарды анықтау, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру.

4) жазылым: мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазу, эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастыру, жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу, мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау, үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

20.Тілдік бағдар:

1)сөз таптары: деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді қолдана білу, өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін орынды қолдану, етістіктің шақтарының (нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы келер шақ) қызметін білу, сын-қимыл (бейне) және мөлшер үстеулерді орынды қолдану, талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін және себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу,

2) сөйлем: жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастыру.

21. «Қазақ тілі» пәнінің 7-сыныптағы білім мазмұны

22.Сөйлеу әрекеттерінің түрлері бойынша:

1) тыңдалым: мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау, мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау, әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну, повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардың тақырыбы мен идеясын талдау,сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау, өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру.

2) айтылым:мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдану, мәтін мазмұнын дамыту, кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап, ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу, екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту, шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау, коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру, кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттау.

3) оқылым:кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, ресми -іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін талдау, прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау, мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып талдау, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну, мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу.

4) жазылым:мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу, эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу, жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу, тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну, тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер), оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

23.Тілдік бағдар:

1) сөз таптары:мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, топтау сан есімдерін, одағай түрлерін орынды қолдану, етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу, мақсат және себеп-салдар үстеулерді орынды қолдану, септеулік шылаулардың қызметін білу.

2) сөйлем: жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.

24.«Қазақ тілі» пәнінің 8-сыныптағы білім мазмұны

25.Сөйлеу әрекеттерінің түрлері бойынша:

1) тыңдалым:мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау, мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау, оқу - еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну, орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау, тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау, деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру.

2) айтылым:тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау, көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу, сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айту, идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісін салыстыру және талдау, тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру, кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру.

3) оқылым:перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау, публицистикалық стильдің (мақала, интервью, қысқа очерк, жолдаулар) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау, прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру, мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып талдау, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолданып, мәтінге өзгеріс енгізу, тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстырып, баға беру.

4) жазылым:мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, пікір, интервью жазу, эссе құрылымы мен дамуын сақтап, берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну, жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу,тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану, тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер), сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

26.Тілдік бағдар:

1) сөз таптары:болжалдық және бөлшектік сан есімдерді орынды қолдану, еліктеу сөздерді орынды қолдану, етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін білу, күшейткіш үстеулерді орынды қолдану, демеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарында орынды қолдану.

2) сөйлем: жазба жұмыстарында себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.

27. «Қазақ тілі» пәнінің 9-сыныптағы білім мазмұны

28. Сөйлеу әрекеттерінің түрлері бойынша:

1) тыңдалым:тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжау, мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау, әлеуметтік - қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну, орта көлемді прозалық, поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, көтерілген (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, өз пікірін білдіру, мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтау, көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіру.

2) айтылым:мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрау, коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдай білу, сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз ойын жеткізу, шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалау,тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу, кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды өзара салыстырып бағалау.

3) оқылым:мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау, ғылыми стильде (аннотация, пікір, тезис, мақала, баяндама, презентация) жазылған еңбектердің тілдік және жанрлық ерекшелігін анықтау, прозалық және поэзиялық шығармалардағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, оқырманға әсерін бағалау, мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін талдау, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру, мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып сыни тұрғыда баға беру.

4) жазылым:мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, аннотация, шолу, нұсқаулық жазу, эссе құрылымы мен дамуын сақтап, өз ойын дәлелдеп жазу, жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып жазу, түрлі стильдегі мәтіндер құрауда мәліметтерді жинақтап, дереккөздеріне сілтеме көрсетіп жазу, тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазу, сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

29. Тілдік бағдар:

1) сөз таптары:өздік, өзгелік, ортақ және ырықсыз етістің қызметін білу, мекен және мезгіл үстеулерді орынды қолдану, ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтыққатынасты білдірретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

2) сөйлем: жазба жұмыстарында (шартты, қарсылықты, мезгіл, себеп, қимыл-сын, мақсат бағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.


3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
30. Бағдарламада, оқыту мақсаттары кодтық белгімен берілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім мен бөлімше ретін, төртінші сан оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 7.2.1.2 кодында: «7» – сынып, «2.1.» – бөлім мен бөлімше, «2» – оқыту мақсатының реттік саны.

31. Оқыту мақсаттары:

1) 1-бөлім: «Тыңдалым»:

Білім алушылар

Дағдылар

Оқу мақсаттары

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

1.

Болжау


5.1.1.1 -тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.

6.1.1.1 - тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау.

7.1.1.1 - мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау.

8.1.1.1 - мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау.

9.1.1.1 - тыңдала-тын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжау.

2.

Назарын шоғырлан-дырып тыңдау



5.1.2.1 -тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.


6.1.2.1- тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау.

7.1.2.1- тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.

8.1.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау.

9.1.2.1 -тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың шынайылы-ғы мен нақтылығын анықтау.

3. Сөздер мен сөз тіркестері-нің мағынасын түсіну

5.1.3.1 -

күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердіңмағынасын түсіну.



6.1.3.1 -

тұрмыстық - әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің

мағынасын түсіну.


7.1.3.1 -

әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.



8.1.3.1 -

оқу - еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну.



9.1.3.1 -

әлеуметтік - қоғамдық тақырыптар аясында

айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну.


4.

Көркем шығарма-ларды тыңдау




5.1.4.1-фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну.

6. 1.4.1 -

әңгіме, хикаялардың және шағын поэзиялық шығармалардың мазмұнын талдай отырып кейіпкерлерге сипаттама жасау.



7. 1.4.1 -повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау.

8.1.4.1 -

орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау.




9.1.4.1-

орта көлемді прозалық, поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, көтерілген (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, өз пікірін білдіру.



5.

Негізгі ойды анықтау



5.1.5.1 -

тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау.



6.1.5.1 -

тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау.



7.1.5.1 -

тірек сөздер, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау.



8.1.5.1 -

тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау.



9.1.5.1 -

мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтау.



6.

Тыңдалым


материалдары бойынша жауап беру

5.1.6.1 -

тыңдалым


материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.


6. 1.6.1 -

тыңдалым


материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру.

7.1.6.1 -

тыңдалым


материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру.

8.1.6.1 -

тыңдалым


материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру.

9.1.6.1 -

тыңдалым


материалдарының мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіру.

2) 2-бөлім «Айтылым»:

Білім алушылар

Дағдылар


Оқу мақсаттары

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

1.

Сөздік қорының алуанды-лығы



5.2.1.1 -

тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу.



6.2.1.1 -

тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу.



7.2.1.1 -

мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту.



8.2.1.1 -

тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау.



9.2.1.1 -

берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрау.



2.

Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті



5.2.2.1-

қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану.



6.2.2.1-

тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу.



7.2.2.1-

кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап, ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу.



8.2.2.1-

түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып,

көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу.


9.2.2.1 - коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдай білу.

3. Орфоэпия-лық нормалар-ды сақтау

5.2.3.1 -

ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту.



6.2.3.1-

ауызша мәтіндер құрауда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту.



7.2.3.1-

ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту.



8.2.3.1 -

ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айту.



9.2.3.1-коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз ойын жеткізу.

4.

Мәтіннің негізгі аспектіле-рін анықтау және талқылау.



5.2.4.1 -

шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау.



6.2.4.1 -

шағын көлемді мәтіндегі жеке эпизодтарды сипаттау және тілдік ерекшелігіне салыстыру жасау.



7.2.4.1 -шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау.

8.2.4.1 -

идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау.



9.2.4.1 -шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалау.

5.

Сенімді және еркін жауап беру



5.2.5.1-

берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу



6.2.5.1-коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру.

7.2.5.1-

диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру.



8.2.5.1-пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру.

9.2.5.1 -

сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу.



6.

Визуалды материал-дар арқылы тілді дамыту



5.2.6.1-

тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау.



6.2.6.1-

тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру.



7.2.6.1-

кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттау.



8.2.6.1-

кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру.



9.2.6.1-

кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды өзара салыстырып бағалау.



3) 3-бөлім «Оқылым»:

Білім алушылар

Дағдылар


Оқу мақсаттары

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

1.

Мәтіндегі ақпаратты анықтау.



5.3.1.1-

мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.



6.3.1.1-

мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру.



7.3.1.1-

кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, қолдана білу.



8.3.1.1-

перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау.



9.3.1.1-

мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау.



2.

Стильдік ерекшелік-терді анықтау



5.3.2.1-

хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау.



6.3.2.1-

ресми стильдегі мәтіндердің стильдік ерекшелігін анықтау (күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян, түйіндеме)



7.3.2.1-

ресми -іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау



8.3.2.1-публицистикалық стильдің (мақала, интервью, қысқа очерк, жолдаулар) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау

9.3.2.1-

ғылыми стильде (аннотация, пікір, тезис, мақала, баяндама, презентация) жазылған еңбектердің тілдік және жанрлық ерекшелігін анықтап, талдау жасау



3.

Көркем шығарма-ларды оқу



5.3.3.1 -

фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау.




6.3.3.1 -

орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.



7.3.3.1 -

прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау.



8.3.3.1 -

прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру.



9.3.3.1 -

прозалық және поэзиялық шығармалардағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, оқырманға әсерін бағалау.



4. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

5.3.4.1 -

мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру



6.3.4.1-мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру.

7.3.4.1-мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау

8.3.4.1-мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау.

9.3.4.1-мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау.

5.

Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәлімет-терді оқу



5.3.5.1-

қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу.



6.3.5.1-

қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді мәтін мазмұнымен салыстыру, қарама-қайшы ақпараттарды анықтау.



7.3.5.1-

қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну.



8.3.5.1-

қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктерді бақылау.



9.3.5.1-

қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру.



6.

Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау



5.3.6.1-

тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.



6.3.6.1 -

тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланысты-ру.



7.3.6.1-

тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу.



8.3.6.1 -

тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру.



9.3.6.1 -

мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып сыни тұрғыда баға беру.



4) 4-бөлім «Жазылым»:

Білім алушылар

Дағдылар


Оқу мақсаттары

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

1.

Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру




5.4.1.1 -

ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу.



6.4.1.1-мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазу.

7.4.1.1 -

мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу.




8.4.1.1 -

мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, пікір, интервью жазу.



9.4.1.1 -

мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, аннотация, шолу, нұсқаулық жазу.



2.

Эссе жазу





5.4.2.1 -

эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу



6.4.2.1 -

эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу.



7.4.2.1 -

эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу

себептерін айқын көрсетіп жазу.


8.4.2.1 -

эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну.



9.4.2.1 -

эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазу.



3. Көркемдегіш құралдарды қолданып жазу

5.4.3.1 -

жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу



6.4.3.1 -

жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу.



7.4.3.1 -

жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу.



8.4.3.1 -

жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу.



9.4.3.1 -

жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып жазу.



4.

Мәлімет-терді жинақтау



5.4.4.1 -

мәліметтер

ді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау


6.4.4.1 -

мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау



7.4.4.1 -

тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну.



8.4.4.1 -

тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану.



9.4.4.1 -

тақырып бойынша түрлі стильдегі мәтіндер құрауда мәліметтерді жинақтап, дереккөздеріне сілтеме көрсетіп жазу.



5. Орфогра-фия және пунктуация


5.4.5.1 -

жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану



6.4.5.1 -

жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.



7.4.5.1 -

тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер);

оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.


8.4.5.1 -

тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер); сөйлем ішінде қойылатын


тыныс белгілерді орынды қолдану.

9.4.5.1-

тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазу; сөйлем ішінде қойылатын

тыныс белгілерді орынды қолдану.


5)5-бөлім «Тілдік бағдар»:

Білім алушылар

Дағдылар


Оқу мақсаттары

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

1.

Сөз таптары



5.5.1.1-мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау.


6.5.1.1-

  • мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану.

7.5.1.1 -

мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану.





-

  • -




5.5.1.2. -лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану


6.5.1.2 -

лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану



7.5.1.2 -

салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы

шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану







-


-


5.5.1.3 -

сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану.



6.5.1.3-

реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.



7.5.1.3 -

топтау сан есімдерін

жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.


8.5.1.1 -

болжалдық және бөлшектік сан есімдерді

жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.





5.5.1.4 -

жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану




6.5.1.4 -

өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.



7.5.1.4 -

одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызша жұмыстарда орынды

қолдану.


8.5.1.2 -

еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану.





5.5.1.5 -

болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану.


6.5.1.5 -

етістіктің шақтарының (нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ,жедел өткен шақ, ауыспалы келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану.



7.5.1.5 -

етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану.



8.5.1.3 -

етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.



9.5.1.1 -

өздік, өзгелік, ортақ және ырықсыз етістің қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.



5.5.1.6 -

мекен және мезгіл үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану


6.5.1.6 -

сын-қимыл (бейне) және мөлшер

үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану


7.5.1.6 -

мақсат және себеп-салдар үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану.


8.5.1.4 -

күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану.


9.5.1.2 -

мекен және мезгіл үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану.


5.5.1.7 -

ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану


6.5.1.7 -

талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін және себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану.


7.5.1.7 -

септеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану.


8.5.1.5 -

демеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану.



9.5.1.3 -

ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану.


2.

Сөйлем


5.5.2.1-

жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру.



6.5.2.1 -

жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастыру.



7.5.2.1-

жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.



8.5.2.1-

жазба жұмыстарында себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.



9.5.2.1-

жазба жұмыстарында (шартты, қарсылықты, мезгіл, себеп, қимыл-сын, мақсат бағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.



31.Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарға арналған «Қазақ тілі және әдебиеті» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда барлық сынып бойынша әр тарауда қамтылуы тиіс оқу мақсаттарының көлемі белгіленген.

32. Тоқсандағы бөлімдер мен бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.

Негізгі орта білім беру деңгейінің

5-9-сыныптарына арналған

«Қазақ тілі және әдебиеті» оқу пәнінен

жаңартылған мазмұндағы

үлгілік оқу бағдарламасына

қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет