Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі
|
Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
|
Оқу мақсаттары
|
Білім алушылар:
|
1-тоқсан
|
Физика – табиғат туралы ғылым
|
Физика – табиғат туралы ғылым
|
7.1.1.1 – Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру
|
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері
|
7.1.1.2 – табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату
|
Физикалық шамалар мен өлшеулер
|
Халықаралық бірліктер жүйесі (SI)
|
7.1.2.1 – физикалық шамаларды олардың SI- жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру
|
Скаляр және векторлық физикалық шамалар
|
7.1.2.2 – скаляр және векторлық физикалық шамалар ажырату және мысалдар келтіру
|
Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі.
Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу .
№1 зертханалық жұмыс. «Кішкентай денелердің өлшемін анықтау»
№2-зертханалық жұмыс. «Физикалық шамаларды өлшеу»
|
7.1.2.3 – үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) және мега (M);
7.1.3.1 – дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып жазу;
7.1.3.2 – кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау;
7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Механикалық қозғалыс
|
Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы
Санақ жүйесі
|
7.2.1.1 – келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру – материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырма-лылығы, траектория, жол, орын ауыстыру
|
Қозғалыстың салыстырмалылығы
|
7.2.1.2 – механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру
|
Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар
|
7.2.1.3 – түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу
|
Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу
|
7.2.1.4 – қозғалыстағы дененің жылдам-дығы мен орташа жылдамдығын есептеу
|
Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері
|
7.2.1.5 – s -тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу;
7.2.1.6 – дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау:
(1) дененің тыныштық күйін,
(2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын;
7.2.1.7 – бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау
|
2-тоқсан
|
Тығыздық
|
Масса және денелердің массасын өлшеу
|
7.2.2.11 – электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу
|
Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу
|
7.2.2.12 – әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану
|
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі.
№3 зертханалық жұмыс. «Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау»
|
7.2.2.13 – тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру;
7.2.2.14 – сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау;
7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Тығыздықты есептеу
|
7.2.2.15 – тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану
|
Денелердің өзара әрекеттесуі
|
Инерция құбылысы
|
7.2.2.1 – инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру
|
Күш
|
7.2.2.2 – күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру
|
Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ
|
7.2.2.10 – масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату
|
№4 зертханалық жұмыс. «Серпімді деформацияларды зерделеу»
|
7.2.2.4 – серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік графигінен қатаңдық коэффициентін анықтау;
7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Деформация
|
7.2.2.3 – пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру
|
Серпімділік күші, Гук заңы
|
7.2.2.5 – Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу
|
Үйкеліс күші.
Үйкеліс әрекетін техникада ескеру
№5 зертханалық жұмыс. «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу»
|
7.2.2.6 – тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау;
7.2.2.7 – үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру
|
Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу
|
7.2.2.8 – күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету;
7.2.2.9 – денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау
|
3-тоқсан
|
Қысым
|
Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы
|
7.3.1.1 – заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау
|
Қатты денелердегі қысым
|
7.3.1.2 – қысымның физикалық мағына-сын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау;
7.3.1.3 – есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану
|
Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы
|
7.3.1.4 – газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру;
7.3.1.5 – сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану
|
Қатынас ыдыстар
|
7.3.1.6 – қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру
|
Гидравликалық машиналар
|
7.3.1.7 – гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін сипаттау;
7.3.1.8 – гидравликалық машиналарды қолдану кезіндегі күштен ұтысты есептеу
|
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
|
7.3.1.9 – атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну
|
Манометрлер. Сорғылар
|
7.3.1.10 – манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау
|
№ 6 зертханалық жұмыс. «Архимед заңын зерделеу»
|
7.3.1.11 – кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу;
7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Кері итеруші күш
|
7.3.1.12 – сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;
7.3.1.13 – есептер шығаруда Архимед заңын қолдану
|
№ 7 зертханалық жұмыс. «Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау»
|
7.3.1.14 – дененің сұйықта жүзу шарттарын зерттеу;
7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Жұмыс және қуат
|
Механикалық жұмыс
Қуат
|
7.2.3.1 – механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;
7.2.3.7 – қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;
7.2.3.8 – механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану
|
4-тоқсан
|
Энергия
|
Кинетикалық энергия.
Потенциалдық энергия
|
7.2.3.2 – механикалық энергияның екі түрін ажырату;
7.2.3.3 – кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану;
7.2.3.4 – жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергияның формуласын қолдану
|
Энергияның сақталуы және айналуы
|
7.2.3.5 – энергияның түрленуіне мысалдар келтіру;
7.2.3.6 – механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану
|
Күш моменті
|
Жай механизмдер
|
7.2.4.1 – «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру;
7.2.4.2 – күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру
|
Дененің массалық центрі
№8 зертханалық жұмыс.
«Жазық фигураның массалар центрін анықтау»
|
7.2.4.3 – жазық фигураның массалық центрін тәжірибеде анықтау
|
№9 зертханалық жұмыс. «Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау»
|
7.2.4.5 – тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау;
7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Иіндіктің тепе-теңдік шарты
|
7.2.4.4 – тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
|
Пайдалы әрекет коэффициенті.
№10 зертханалық жұмыс. «Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтау»
|
7.2.4.6 – көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтау;
7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
|
Жер және Ғарыш
|
Аспан денелері туралы ғылым
|
7.7.1.1 – геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру
|
Күн жүйесі
|
7.7.1.2 – Күн жүйесінің нысандарын жүйелеу
|
Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл)
|
7.7.1.3 – жыл мезгілдерінің ендіктерге байланысты ауысуы және күн мен түннің ұзақтығын түсіндіру
|