Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған



бет5/5
Дата17.10.2019
өлшемі124,89 Kb.
#50166
1   2   3   4   5
Байланысты:
Оку багдарламасы Физика 7-9 090317 (1)


  • 9 – сынып:

    Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі

    Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

    Оқу мақсаттары


    Білім алушылар:

    1-тоқсан

    Кинематика негіздері

    Механикалық қозғалыс

    9.2.1.1 – Материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалы-лығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру

    Векторлар және оларға амалдар қолдану.

    Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары



    9.2.1.2 – векторларды қосу, азайту, векторды скалярға көбейту;

    9.2.1.3 – вектордың координаталар осіне проекциясын анықтау, векторды құраушыларға жіктеу



    Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс, үдеу

    9.2.1.4 – уақыттан тәуелділік графиктерінен орын ауыстыруды, жылдамдықты, үдеуді анықтау;

    Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру

    9.2.1.5 – түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолдану;

    9.2.1.6 – түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі координата мен орын ауыстыру теңдеулерін есептер шығаруда қолдану



    № 1 зертханалық жұмыс. «Теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау»

    9.2.1.7 – теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін эксперименттік жолмен анықтау;

    9.1.3.2 – эксперименттің нәтижесіне әсер ететін факторларды талдау және экспери-ментті жүргізуді жақсарту жолдарын ұсыну;

    9.2.1.8 – теңүдемелі қозғалыс кезiндегi орын ауыстырудың және жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктерін тұрғызу және оларды түсіндіру


    Дененiң еркiн түсуi, еркiн түсу үдеуi

    9.2.1.9 – еркін түсуді сипаттау үшін теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдану

    № 2 зертханалық жұмыс. «Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу»

    9.2.1.10 – теңайнымалы және бірқалыпты қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдана отырып, горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау;

    9.2.1.11 – горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс жылдамдығын анықтау ;

    9.2.1.12– горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын сызу


    Қисықсызықты қозғалыс; материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы

    Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар



    9.2.1.13 – дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттау;

    9.2.1.14 – сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын өрнекті есептер шығаруда қолдану



    Центрге тартқыш үдеу

    9.2.1.15 – центрге тартқыш үдеу формуласын есептер шығаруда қолдану

    Астрономия негіздері

    Жұлдызды аспан

    9.7.2.1 – абсолюттік және көрінерлік жұлдыздық шамаларды ажырату;

    9.7.2.2 – жұлдыздырдың жарқырауына әсер ететін факторларды атау



    Аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі

    9.7.2.3 – аспан сферасының негізгі элементтерін атау;

    9.7.2.4 – жұлдызды аспанның жылжымалы картасынан жұлдыздардың аспан координатасын анықтау



    Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысы, жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт

    9.7.2.5 – әртүрлі ендіктегі жұлдыздардың шарықтау айырмашылығын түсіндіру;

    9.7.2.6 – жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақытты сәйкестендіру



    Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары

    9.7.2.7 – Кеплер заңдарының негізінде аспан денелерінің қозғалысын түсіндіру

    Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен анықтау

    9.7.2.8 – Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығын немесе өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін қолдануды түсіндіру

    2-тоқсан

    Динамика негіздері

    Ньютонның бiрiншi заңы, инерциялық санақ жүйелерi

    9.2.2.1 инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіру;

    9.2.2.2– Ньютонның бірінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану



    Механикадағы күштер

    9.2.2.3 – ауырлық күші, серпімділік күші, және үйкеліс күші табиғатын түсіндіру

    Ньютонның екiншi заңы, масса

    9.2.2.2 – Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану

    Ньютонның үшінші заңы

    9.2.2.5 – Ньютонның үшінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану

    Бүкiләлемдiк тартылыс заңы

    9.2.2.6 – Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану

    Дененің салмағы, салмақсыздық

    9.2.2.10 – үдеумен қозғалған дененің салмағын анықтау;

    9.2.2.11 – салмақсыздық күйді түсіндіру



    Денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы.

    Жердің жасанды серіктерінің қозғалысы



    9.2.2.9 – бірінші ғарыштық жылдамдықтың формуласын есептер шығаруда қолдану;

    9.2.2.7 – ғарыш аппараттардың орбиталарын салыстыру;

    9.2.2.8 – тартылыс өрісіндегі дененің қозғалысын сипаттайтын шамаларды анықтау


    3-тоқсан

    Сақталу заңдары

    Дене импульсі және күш импульсі

    9.2.3.1 – дене импульсі мен күш импульсін ажырату

    Импульстің сақталу заңы.

    Реактивтi қозғалыс



    9.2.3.2 – импульстің сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану;

    9.2.3.3 – табиғаттағы және техникадағы реактивті қозғалысқа мысалдар келтіру;

    9.2.3.4 – Байқоңыр ғарыш айлағының аймақтық және халықаралық маңыздылығына баға беру


    Механикалық жұмыс және энергия

    9.2.3.5 – механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік тәсілдермен анықтау;

    9.2.3.6 – жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру



    Энергияның сақталу және айналу заңы

    9.2.3.7 – энергияның сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану

    Тербелістер және толқындар

    Тербелмелі қозғалыс

    9.2.5.1 – еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру;

    9.2.5.2 – эксперименттік әдіспен амплитуда, период, жиілікті анықтау;

    9.2.5.3 – формулаларды қолданып, период, жиілік, циклдік жиілікті анықтау


    Тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі.

    Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі



    9.2.5.4 – тербелмелі процесте энергияның сақталу заңын сипаттау;

    9.2.5.5 – гармониялық тербелістердің графиктері бойынша координатаның, жылдамдықтың және үдеудің теңдеулерін жаза білу



    Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері

    9.2.5.6 – әртүрлі тербелмелі жүйедегі тербелістің пайда болу себептерін түсіндіру;

    9.2.5.7 – маятниктер тербелісі периодының әртүрлі параметрлерге тәуелділігін зерттеу



    № 3 зертханалық жұмыс. «Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау»

    9.2.5.8 – математикалық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау;

    9.2.5.9 – период квадратының маятник ұзындығына тәуелділік графигін тұрғызу және талдау;

    9.1.3.1 – алған нәтижені түсіндіру және қорытынды жасау


    Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс

    9.2.5.10 – еріксіз тербеліс амплитудасының мәжбүрлеуші күштің жиілігіне тәуелділігін график бойынша сипаттау;

    9.2.5.11 – резонанс құбылысын сипаттау



    Еркін электромагнитік тербелістер

    9.4.4.1 – тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістерді сапалық түрде сипаттау

    Толқындық қозғалыс

    9.2.5.12 – толқын жылдамдығы, жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолдану;

    9.2.5.13 – көлденең және бойлық толқындарды салыстыру



    №4 зертханалық жұмыс. «Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау»

    9.2.5.14 – су бетіндегі толқындардың таралу жылдамдығын эксперимент түрінде анықтау

    Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық

    9.2.5.15 – дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау;

    9.2.5.16 – дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру;

    9.2.5.17 – резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру;

    9.2.5.18 – жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттау;

    9.2.5.19 – табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбыстықолдануға мысалдар келтіру


    Электромагниттік толқындар

    Электромагниттік толқындар шкаласы



    9.4.4.2 – механикалық толқындар мен электромагниттік толқындардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру;

    9.4.4.3 – электромагниттік толқындар шкаласын сипаттау және әртүрлі диапазондағы толқындардың қолданылуына мысалдар келтіру;

    9.4.4.4 – шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясына сапалы сипаттама беру


    4-тоқсан

    Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар

    Жылулық сәуле шығару

    9.6.1.1 – жылулық сәуле шығару энергиясының температураға тәуелділігін сипаттау

    Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы

    9.6.1.2 – Планк формуласын есептер шығаруда қолдану

    Фотоэффект құбылысы

    9.6.1.3 – фотоэффект құбылысын сипаттау және фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіру;

    9.6.1.4 – фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын есептер шығаруда қолдану;



    Рентген сәулелері

    9.6.1.5 – рентген сәулесін электромагниттік сәулелердің басқа түрлерімен салыстыру;

    9.6.1.6 – рентген сәулесін қолдануға мысалдар келтіру



    Радиоактивтілік.

    Радиоактивті сәулеленудің табиғаты



    9.6.2.1 – α, β және γ – сәулеленудің табиғаты мен қасиеттерін түсіндіру

    Резерфорд тәжірибесі, атомның құрамы

    9.6.1.7– α-бөлшегінің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесін сипаттау

    Атом ядросы

    Ядролық өзара әрекеттесу, ядролық күштер.

    Массалар ақауы, атом ядросының байланыс энергиясы



    9.6.1.8 – ядролық күштердің қасиеттерін сипаттау;

    9.6.1.9 – атом ядросының масса ақауын анықтау;

    9.6.1.10 – атом ядросының байланыс энергиясы формуласын есептер шығаруда қолдану


    Ядролық реакциялар.

    Радиоактивті ыдырау заңы



    9.6.1.11 – ядролық реакцияның теңдеуін шешуде зарядтық және массалық сандардың сақталу заңын қолдану;

    9.6.2.2 – радиоактивті ыдыраудың ықтималдық сипатын түсіндіру;

    9.6.2.3 – радиоактивті ыдырау заңын есеп шығаруда қолдану


    Ауыр ядролардың бөлінуі, тізбекті ядролық реакция.

    Ядролық реакторлар



    9.6.2.4 – тізбекті ядролық реакциялардың өту шарттарын сипаттау;

    9.6.2.5 – ядролық реактордың жұмыс істеу принципін сипаттау



    Термоядролық реакциялар.

    Радиоизотоптар, радиациядан қорғану



    9.6.2.6 – ядролық ыдырау мен ядролық синтезді салыстыру;

    9.6.2.7 – радиактивті изотоптарды қолданудың мысалдарын келтіру;



    9.6.2.8 – радиациядан қорғану әдістерін сипаттау




    Элементар бөлшектер

    9. 6.3 – элементар бөлшектерді жіктеу

    Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі

    Физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы

    9.8.1.1 – адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына физика және астрономияның дамуының ықпалын түсіндіру;

    Экологиялық мәдениет

    9.8.1.3 – жаңа технологиялардың қоршаған ортаға ықпалының артықшылығы мен қауіптілігін бағалау;


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет