параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб, квадрат, трапеция және олардың қасиеттері мен белгілері;
пропорционал кесінділер туралы теоремалар;
үшбұрыштың тамаша нүктелері;
Пифагор теоремасы;
сүйір және доғал бұрыштардың тригонометриялық функциялары;
жазықтықтағы координаталар әдісі;
үшбұрыштың және кейбір төртбұрыштардың аудандары.
Векторлар (16 сағат):
вектор ұғымы;
коллинеар векторлар;
вектордың ұзындығы (модулі) және бағыты;
векторлардың теңдігі, векторларды қосу және оның қасиеттері, векторларды азайту, векторды санға көбейту;
векторлардың коллинеарлық критерийі;
векторды санға көбейтудің қасиеттері;
жазықтықтағы векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу;
тікбұрышты координаталар жүйесіндегі векторлар, вектордың координаталары;
векторлардың арасындағы бұрыш;
вектордың координаталық осьтердегі проекциялары;
векторлардың скалярлық көбейтіндісі;
тікбұрышты координаталар жүйесінде түзудің берілуінің әртүрлі тәсілдері (екі нүктемен, нүкте және бұрыштық коэффициентімен берілген түзудің теңдеулері);
есептерді шешуде векторларды қолдану.
Жазықтықтағы түрлендірулер (10 сағат):
жазықтықты түрлендіру, қозғалыс және оның қасиеттері;
фигуралардың теңдігі және оның қасиеттері;
жазықтықтағы қозғалыстар – осьтік және центрлік симметриялар, параллель көшіру, бұру;
гомотетия, ұқсастық түрлендіру және оның қасиеттері;
шеңберге іштей сызылған бұрыштар және олардың қасиеттері;
шеңбердің хордалары мен қиюшы кесінділерінің пропорционалдығы туралы теорема;
шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар;
дұрыс көпбұрыштар;
іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын, қабырғаларды, периметрді және ауданды байланыстыратын формулалар;
дұрыс көпбұрыштарды салу;
бізді қоршаған әлемдегі көпбұрыштар.
Үшбұрыштарды шешу (7 сағат):
синустар және косинустар теоремалары;
үшбұрыштарды шешу;
геометриялық есептерді және практикалық мазмұнды есептерді шешуде тригонометрияны қолдану.
Шеңбердің ұзындығы және дөңгелектің ауданы (6 сағат):
шеңбердің ұзындығы, π саны;
шеңбердің доғасының ұзындығы;
бұрыштың радиандық өлшемі;
дөңгелектің және оның бөліктерінің (сегменттің және сектордың) ауданы.
Стереометрия элементтері (6 сағат):
стереометрия аксиомалары және олардың қарапайым салдарлары;
кеңістіктегі екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуы;
түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш;
түзулердің, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы;
параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, олардың қырларының өзара орналасуы, биіктік;
цилиндр, конус, шар және олардың кескіндері;
бізді қоршаған әлемдегі кеңістіктік геометриялық фигуралар.
«Қайталау. Есептер шығару (6 сағат)».
5. Оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелері бойынша бағаланады.
Пәндік нәтижелер «білуі тиіс» және «меңгеруі тиіс» аспектілерімен көрсетілген.
бұрыштың биссектрисасының және кесіндінің ортасының анықтамаларын;
кесінділерді және бұрыштарды салыстыруды;
теореманы, теореманың шарты мен қорытындысын, теореманы дәлелдеуді, теоремалардың түрлерін;
сыбайлас бұрыштардың анықтамасын;
сыбайлас бұрыштардың қасиеттерін;
вертикаль бұрыштардың анықтамасын;
вертикаль бұрыштардың қасиеттерін;
үшбұрыштың анықтамасын, үшбұрыштардың түрлерін;
үшбұрыштың медианасының, биссектрисасының және биіктігінің анықтамаларын;
үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы;
үшбұрыштар теңдігінің белгілерін;
теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін;
перпендикуляр түзулердің анықтамасын;
берілген түзуге перпендикуляр мен көлбеудің анықтамасын;
перпендикуляр түзулердің қасиеттерін;
тікбұрышты үшбұрыштың анықтамасын;
тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін;
үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатыстарды;
үшбұрыштың теңсіздігін;
сүйір бұрышы 30º және 45º болатын тікбұрышты үшбұрыштардың қасиеттерін;
параллель түзулердің анықтамасын;
параллельдік аксиомасын;
екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған бұрыштардың анықтамаларын;
түзулердің параллельдік белгілерін;
параллель түзулердің қасиеттерін;
үшбұрыш бұрыштарының қосындысы туралы теореманы;
шеңбердің анықтамасын;
радиустың, диаметрдің, доғаның және хорданың анықтамаларын;
шеңберге жүргізілген жанаманың анықтамасын;
диаметр мен хорданың перпендикулярлығы туралы теореманы және оған кері теореманы;
шеңберді қиюшының анықтамасын;
шеңберге одан тыс жатқан нүктеден жүргізілген жанамалардың қасиетін;
центрлік бұрыш пен доғаның градустық өлшемінің анықтамасын;
екі шеңбердің өзара орналасуын;
үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің анықтамасын;
үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің анықтамасын;
нүктелердің геометриялық орны ұғымын;
кесінділердің ұштарынан және бұрыштың қабырғаларынан бірдей қашықтықта жатқан нүктелердің жиынын;
«геометриялық салу» ұғымының мәнін;
салу есептерін шешу кезеңдерін;
салудағы талдаудың мәнін;
салу есептерін шешудегі дәлелдеуді және зерттеуді;
сызбаларды орындаудың қарапайым ережелерін. 7-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар келесі біліктерді меңгеруі тиіс: сызу құралдарымен жұмыс істеу;
фигуралардың белгілеулерін дұрыс оқи білу және жаза білу;
геометриялық фигураларды кескіндеу;
есептің шарты бойынша сызбаларды орындау;
сызбалардан геометриялық фигураларды танып білу және олардың өзара орналасуын ажырата білу;
қоршаған әлемдегі геометриялық фигураларды танып білу;
фигуралардың оқып игерілген қасиеттеріне және олардың арасындағы қатынастарға сүйеніп және қосымша салуларды қолдана отырып, геометриялық есептерді шешу;
суретте нүктелерді, кесінділерді және түзулерді белгілеу, кесінділерді және транспортирдің көмегімен бұрыштарды салыстыру, бұрыштың биссектрисасын жүргізу;
нүктелердің, кесінділердің және түзулердің өзара орналасуын анықтау және сипаттау;
суретте аталған фигураларды өзара орналасуы бойынша кескіндеу;
кесінділерге амалдар орындау;
сүйір, тік, доғал және жазыңқы бұрыштарды ажырата білу;
сүйір, тік, доғал және жазыңқы бұрыштарды кескіндеу;
суреттен вертикаль және сыбайлас бұрыштарды табу;
берілген бұрышпен вертикаль немесе сыбайлас болатын бұрышты салу;
вертикаль немесе сыбайлас бұрыштардың біреуінің белгілі градустық өлшемі бойынша екіншісінің градустық өлшемін табу;
суреттен берілген үшбұрыштарды және олардың қабырғаларын, төбелері мен бұрыштарын табу;
үшбұрыштарды кескіндеу және олардың периметрін табу;
үшбұрыштың биссектрисасын, биіктігін және медианасын салу;
сүйірбұрышты, тікбұрышты және доғалбұрышты үшбұрыштарды ажырата білу және оларды суреттерде кескіндеу;
қабырғалары әртүрлі, теңбүйірлі және теңқабырғалы үшбұрыштарды ажырата білу және оларды суреттерде кескіндеу;
есептерді шешуде теңбүйірлі және теңқабырғалы үшбұрыштардың қасиеттерін пайдалану;
кесінділердің ұзындықтарын және бұрыштардың шамасын өлшеуге, сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолдануға, салуға арналған есептерді шешу;
сызу құралдарының көмегімен кесіндіні және бұрышты тең екі бөлікке бөлу;
бұрыштың биссектрисасын салу;
кесіндінің орта перпендикулярын жүргізу;
берілген түзуге перпендикуляр түзуді салу;
белгілі элементтері бойынша тікбұрышты үшбұрышты, үшбұрышты салу;
кесіндіні берілген қатынаста бөлу;
төртінші пропорционал кесіндіні салу. 8-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар білуі тиіс: төртбұрыштың, дөңес төртбұрыштың анықтамаларын;
төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы;
параллелограмның анықтамасын және оның элементтерін;
параллелограмның қасиеттері мен белгілерін;
тіктөртбұрыштың, ромбтың және квадраттың анықтамаларын, белгілерін және қасиеттерін;
Фалес теоремасын;
пропорционал кесінділер туралы теореманы;
трапецияның, теңбүйірлі және тікбұрышты трапециялардың анықтамаларын және олардың элементтерін;
үшбұрыштың орта сызығының анықтамасын және оның қасиеттерін;
трапецияның орта сызығының анықтамасын және оның қасиеттерін;
үшбұрыштың төрт тамаша нүктелерінің атауларын;
үшбұрыштың медианаларының, биіктіктерінің, биссектрисаларының және қабырғаларына жүргізілген орта перпендикулярлардың қасиеттерін;
тікбұрышты үшбұрыштағы сүйір бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің анықтамаларын;
Пифагор теоремасын және оған кері теореманы;
негізгі тригонометриялық тепе-теңдікті және кейбір басқадай тепе-теңдіктерді;
тікбұрышты үшбұрыштарды шешудің негізгі әдістерін;
кесінді ортасының координаталарының формуласын;
тікбұрышты координаталар жүйесіндегі екі нүктенің арақашықтығының формуласын;
түзу мен шеңбердің теңдеулерін;
теңшамалы және теңқұралған фигуралардың анықтамаларын;
аудандарды өлшеу аксиомаларын, аудандардың өлшем бірліктерін;
тіктөртбұрыш, квадрат, үшбұрыш, параллелограмм және трапецияның аудандарын табу формулаларын. 8-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар келесі біліктерді меңгеруі тиіс: қоршаған әлемдегі заттарды суреттеуде геометриялық тілді пайдалану;
талдау жүргізу, салыстыру, жалпылау, нақтылау, аналогияны қолдану, ой қорыта білу;
сызу құралдарымен жұмыс істеу;
есептің шарты бойынша сызбаларды орындау;
қоршаған әлемдегі геометриялық фигураларды танып білу;
0-ден 90-қа дейінгі бұрыштардағы тригонометриялық функциялардың мәндерін анықтау, белгілі бір мәні бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табу;
үшбұрыштардың, төртбұрыштардың қабырғаларын, бұрыштарын және аудандарын табу;
фигуралардың оқып игерілген қасиеттеріне және олардың арасындағы қатынастарға сүйеніп, қосымша салуларды, алгебралық және тригонометриялық аппаратты қолдана отырып, геометриялық есептерді шешу;
параллелограмды, тіктөртбұрышты, квадратты, ромбты және трапецияны сипаттауды және ажырата білу;
суреттен төртбұрыштарды және олардың қабырғаларын, төбелері мен бұрыштарын табу;
суретте төртбұрышты, оның диагональдары мен биіктіктерін кескіндеу;
параллелограмның элементтерінің арасындағы қатыстарды бейнелейтін есептерді шешу;
циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні тең n бөлікке бөлу;
пропорционал кесінділерді салу;
берілген екі кесіндінің қатынасындай етіп кесіндіні қатынасқа бөлу;
трапецияның белгісіз элементтерін табуға арналған есептерді шешу;
үшбұрыш пен трапецияның орта сызықтарының қасиеттерін қолдануға арналған есептерді шешу;
үшбұрыштың тамаша нүктелерін пайдаланып есептерді шешу;
сүйір бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің мәндерін табуға арналған есептерді шешу;
тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін сүйір бұрыштың тригонометриялық функцияларын қолдану;
тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларын табу үшін Пифагор теоремасын қолдану;
қабырғалары бойынша үшбұрыштың тікбұрышты болатынын тексеру;
геометриялық есептерді шешуде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану;
sinα, cosα, tgα және ctgα мәндерінің біреуінің белгілі мәні бойынша қалғандарының мәндерін табу;
үшбұрыш элементтерінің жуық сандық мәндерін табуға арналған есептерді шешу;
синус, косинус, тангенс және котангенстің белгілі мәндері бойынша бұрышты салу;
кесінді ортасының координаталарын оның ұштарының координаталары бойынша табу;
нүктелердің арақашықтығын (кесіндінің ұзындығын) осы нүктелердің координаталары бойынша табу;
тікбұрышты координаталар жүйесіндегі екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын пайдаланып есептер шешу;
центрінің координаталары мен радиусы бойынша шеңбердің теңдеуін жазу;
берілген теңдеуі бойынша шеңбердің центрінің координаталары мен радиусын табу;
екі нүкте арқылы өтетін немесе координаталық осьтердің біреуіне параллель болатын түзудің теңдеуін табу;
түзулердің, түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің қиылысу нүктесін табу;
берілген элементтері бойынша квадраттың, тіктөртбұрыштың, параллелограммның, үшбұрыштың және трапецияның аудандарын есептеу;
тіктөртбұрыштың, квадраттың, үшбұрыштың, параллелограммның және трапецияның аудандарын табу формулаларын қолдану. 9-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар білуі тиіс: бағытталған кесіндінің және вектордың анықтамасын;
дөңгелектің және сектордың аудандарының формулаларын;
сегменттің ауданын есептеу ережесін;
стереометрия аксиомаларын және олардың қарапайым салдарларын;
түзулердің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуының түрлерін;
кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін;
параллель жазықтықтардың анықтамасын;
түзу мен жазықтықтың параллельдігінің анықтамасын;
түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыштың анықтамасын;
түзулердің, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының анықтамасын. 9-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар келесі біліктерді меңгеруі тиіс: қоршаған әлемдегі заттарды суреттеуде геометриялық тілді пайдалану;
талдау жүргізу, салыстыру, жалпылау, нақтылау, аналогияны қолдану, ой қорыта білу;
сызу құралдарымен жұмыс істеу;
жазық және кеңістіктік геометриялық фигураларды кескіндеу;
есептің шарты бойынша сызбаларды орындау;
фигураларды түрлендіру;
сызбалардан геометриялық фигураларды танып білу, олардың өзара орналасуын ажырата білу;
қоршаған әлемдегі геометриялық фигураларды танып білу;
дөңес және дөңес емес көпбұрыштарды ажырата білу;
векторларға амалдар қолдану, вектордың ұзындығын және координаталарын, векторлардың арасындағы бұрышты есептеу;
фигуралардың оқып игерілген қасиеттеріне және олардың арасындағы қатынастарға сүйеніп және қосымша салуларды, алгебралық және тригонометриялық аппаратты, симметрия түсінігін қолдана отырып, геометриялық есептерді шешу;
жазық және кеңістіктік фигураларды ажырата білу;
векторларды суретте кескіндеу және белгілеу немесе жазылудан вектордың басы мен ұшын ажырата білу;
жазықтықтағы екі және бірнеше векторлардың қосындысын табу;
суретте екі вектордың қосындысы мен айырымын геометриялық түрде кескіндей білу;
векторлардың қосындысын табу үшін үшбұрыш, параллелограм және көпбұрыштар ережелерін қолдану;
вектордың санға көбейтіндісін табу;
коллинеар векторларды ажырата білу;
векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу;
векторлардың жіктелуін суретте кескіндеу;
векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеуге арналған есептерді шешу;
вектордың координаталарын оның басы мен ұшының координаталары бойынша табу;
бірнеше векторлардың қосындысының (айырымының) және вектордың санға көбейтіндісінің координаталарын табу;
есептерді шешуде координаталары берілген векторлардың теңдігі мен коллинеарлық шарттарын пайдалану;
координаталары бойынша вектордың ұзындығын табу;
векторлардың скалярлық көбейтіндісін табу;
координаталары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісін табу;
векторлардың арасындағы бұрыштың косинусын табу;
есептеуге және дәлелдеуге арналған есептерді шешуде векторлардың скалярлық көбейтіндісін пайдалану;
екі нүктемен, нүкте және бұрыштық коэффициентімен берілген түзудің теңдеулерін табу;
түзудің бұрыштық коэффициентін табу;
геометриялық есептерді шешуде түзулердің параллельдік және перпендикулярлық шарттарын пайдалану;
осьтік және центрлік симметриялар, параллель көшіру, бұру кезіндегі фигуралардың бейнелерін салу;
гомотетия кезіндегі әртүрлі фигуралардың бейнелерін салу;
түзулердің және жазықтықтардың өзара орналасуын сызбаларда көрнекі түрде бейнелеу;
призманың, пирмиданың, цилиндрдің, конустың, шардың кескіндерін салу. Тұлғалық нәтижелер:
мемлекеттік тілді және өз ана тілін білуі, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауы тиіс;
адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуы, этикалық нормаларды сақтай білуі тиіс;
өздігінен білім алу, өзін-өзі дамыту және өз мүмкіндігін жүзеге асыру қабілеттілігі болуы тиіс;
оқу және танып білу ынтасының қалыптасуы тиіс;
математикалық оқу қызметінің үдерісіне және нәтижесіне бақылау жасай білуі тиіс;
білім беру, қоғамдық пайдалы, оқу-зерттеушілік, шығармашылық және басқа да қызмет түрлерінде құрдастарымен, үлкен және кіші жастағылармен қарым-қатынас жасау мен ынтымақтастықта болуда коммуникативтік дағдыларды меңгеруі тиіс.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер: индукциялық және дедукциялық ойлау тәсілдерін қолдануы, геометриялық есептерді шешудің әртүрлі жолдарын көре білуі тиіс;
геометриялық шамаларды табуға байланысты (қажеттілігіне қарай анықтамалықтарды және техникалық құралдарды пайдаланып) практикалық есептерді құрастыра және шығара білуі тиіс;
жазық геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылыми ақпараттарды жинақтай, талдай, өңдей және пайдалана білуі тиіс;
компьютерлік программалардың көмегімен жазық және кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін зерттеуде тәжірибе жинақтауы тиіс.