8.Ауыспалы оқу бағдарламасының базалық мазмұны.
2012 жылдың 23 тамыз №1080 күнінен жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде информатика пәні 5-ші сыныптан енгізілді.
Сабақтастық қағидасын сақтау үшін 6-8 сыныптарда информатика сабағын беру ауыспалы сипатқа ие, осыған орай 5-9 сыныптарға арналған жана оқу бағдарламасы негізінде 6-8 сыныптар үшін ауыспалы оқу бағдарламасы әзірленді, Аталған оқу бағдарлама әр сыныптың кіріктірілген материалын қамтиды, ол аталған сыныптың және одан дейінгі сыныпта оқитын материалдардан тұрады, яғни 6-сыныпқа арналған оқу бағдарламасы 5-6 сыныптың базалық мазмұның, 7-сынып – 5-6-7 сынып оқу материалдарын, 8-сынып – 6-7-8 сыныптарының оқу материалдарын, 9-сынып – 2011-2013 оқу жылдарында өткен 7-8 сыныптардың оқу материалдарын қамтиды.
6-9 сыныптарға арналған информатика пәні бойынша ауыспалы оқу бағдарламасы 2013-2014 оқу жылдарына ғана арналған.
Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
6 сыныпта – аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;
7 сыныпта – аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;
8 сыныпта – аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;
9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
9. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
Кіріспе (1 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (4 сағат)
информатика, ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері;
ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі;
вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау;
ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары.
Компьютер (9 сағат) :
компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері, пернетақта;
есептеуіш техниканың даму тарихы;
электронды-есептеуіш машинанық кезеңдері,
қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму тенденциясы,
программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі; операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері; файлдар, бумалар және белгішелер;
бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту;
объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою;
ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар.
Алгоритмдеу және модельдеу (6 сағат):
алгоритм және оның атқарушылары, алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар;
алгоритм типтері: сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер;
модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді;
модельдер түрлері.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (27 сағат) :
қарапайым графикалық редакторы;
суретті ашу және сақтау;
графикалық редактордың сурет салу құралдары, суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен жұмыс, масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау, баспадан шығару;
қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзіндісін ерекшелеу;
мәтінді пішімдеу және редакциялау, қаріп, абзац;
графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру; калькулятор, блокнот, дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу;
мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау;
мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері;
қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар;
нөмірленген және маркерлеген тізімдер;
бағандар, беттердің параметрлері, жиек, алдын ала қарау, құжатты баспадан шығару;
кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу;
графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру, суреттер мен жазуларды пішімдеу;
программа интерфейсімен танысу, презентациялар;
мультимедиялық презентациялардың конструкторы, презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру;
кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты слайдтарға кірістіру;
анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету.
Телекоммуникациялар (2 сағат):
компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, ауқымды ақпараттық желілер, интернет, интернетте ақпаратты іздеу, электрондық пошта.
Жобалық іс-әрекет (2 сағат).
10.Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
Кіріспе, (1 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (4 сағат):
информатика, ақпарат;
әлемнің ақпараттық бейнесі;
ақпарат қасиеттері, ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері, ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі;
компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері, сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару;
вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау;
ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары.
Компьютер (10 сағат):
компьютер, компьютердің негізгі құрылғыларының мүмкіндіктері және тағайындалуы, компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі;
жады, программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі;
операциялық жүйе ұғымы және оның функциялары, операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері, файлдар, бумалар және белгішелер, бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту;
объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою;
есептеуіш техниканың даму тарихы;
электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері;
қазіргі заманғы компьютердің архитектурасының даму үрдісі.
Алгоритмдеу және программалау (10 сағат):
алгоритм және оның атқарушылары, алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар, алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер);
программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі;
алфавит, программалау тілінің синтаксисі;
айнымалылар типтері, арифметикалық өрнектерді жазу ережесі;
сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы.
Ақпараттық модельдеу (2 сағат) :
модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді;
модельдер түрлері, модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (20 сағат :
стандартты программалар: графикалық редакторы, мәтіндік редакторы, калькулятор, блокнот, дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу;
мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді редакциялау және пішімдеу;
қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар, нөмірленген және маркерлеген тізімдер,бағандар;
беттердің параметрлері, жиек, алдын ала қарау, құжатты баспадан шығару;
кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу;
графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру, суреттер мен жазуларды пішімдеу;
программа интерфейсімен танысу, презентациялар;
мультимедиялық презентациялардың конструкторы, презентацияларды құру, безендіру шаблондары;
кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты слайдтарға кірістіру;
анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету,
компьютерлік графика, компьютерлік графика түрлері, векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі;
векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі, фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін, мәтіндік блоктар құру;
растрлық графика, растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі, растрлық бейнелердің параметрлері, растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері, түстер, салу құралдары, аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс, қабаттар, мәтінмен жұмыс.
Телекоммуникациялар (2 сағат):
компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, ауқымды ақпараттық желілер, интернет, интернетте ақпаратты іздеу, электрондық пошта, ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік.
Жобалық іс-әрекет (2 сағат).
11.Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
Кіріспе (1 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (6 сағат):
санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, он алтылық), сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару, логика және логикалық операциялар, ақиқат кестелері, компьютердің логикалық негіздері, сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару,
ақпаратты қорғау, вирусқа қарсы программалар, ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары.
Компьютер (2 сағат):
компьютерлік техниканың даму үрдісі және архитектурасы, компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер;
компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі, жады,
операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары.
Алгоритмдеу және программалау (15 сағат):
алгоритм және оның атқарушылары, алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар, алгоритм типтері сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер;
программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі, алфавит, программалау тілінің синтаксисі;
айнымалылар типтері, арифметикалық өрнектерді жазу ережесі;
сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы;
тармақталу операторлары, циклдік алгоритмдер, циклдік алгоритмдерді программалау, тура және кері есепшоты бар циклдер, циклдің алғы шарты, циклдің ілесу шарты.
Ақпараттық модельдеу (2 сағат):
модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді, модельдер түрлері, модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті;
әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу, компьютерде модельді зерттеу және оны құрастырудың негізгі кезеңдері.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (21 сағат):
мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді редакциялау және пішімдеу;
қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар;
нөмірленген және маркерлеген тізімдер;
бағандар, беттердің параметрлері, жиек, алдын ала қарау, құжатты баспадан шығару;
кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу;
графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру, суреттер мен жазуларды пішімдеу;
программа интерфейсімен танысу, презентациялар;
мультимедиялық презентациялардың конструкторы, презентацияларды құру, безендіру шаблондары;
мәтінді құру, кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты слайдтарға кірістіру;
анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету;
компьютерлік графика түрлері;
векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі;
векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі, фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін, мәтіндік блоктар құру;
растрлық графика, растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі, растрлық бейнелердің параметрлері, растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері, түстер, салу құралдары, аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс, қабаттар, мәтінмен жұмыс;
электрондық кестелер, кестелік процессордың терезе интерфейсі, электрондық кестелердің негізгі ұғымдары;
деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу, толтыру маркері, формулаларды енгізу, абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер, функциялар, стандартты функцияларды пайдалану, диаграммаларды құру, кестені баспаға дайындау.
Телекоммуникациялар (2 сағат):
компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, жергілікті желі, ауқымды компьютерлік желі, интернетте ақпаратты іздеу, Интернет ресурстарына қол жетімдік, Интернет қызметтері, ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік.
Жобалық іс-әрекет (2 сағат).
12. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
Кіріспе (1 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Алгоритмдеу және программалау (25 сағат):
алгоритм ұғымы, қасиеттері, алгоритмнің берілу тәсілдері, атқарушы ұғымы, атқарушы командалар жүйесі, алгоритм типтері;
есептер шығару кезеңдері, қадамдап бөліктеу әдісі;
программалау тілі, программа және оның құрылымы, деректер типтері, айнымалы ұғымы, өрнек, меншіктеу, сандық функциялар;
деректерді енгізу және шығару;
сызықтық алгоритмдерді программалау;
файлдармен жұмыс, тармақталу алгоритмдерін программалау;
шартты көшу операторлары, шартсыз көшу операторлары, циклдік алгоритмдерді программалау, параметрі бар циклдер, ДЕЙІН циклы, ӘЗІРШЕ циклы;
массивтер;
символдық деректерге қолданатын амалдар;
графикалық объектілерді программалау, графикалық процедуралар және функциялар.
Ақпараттық модельдеу (4 сағат):
модельдеу, модель ұғымы, модель типтері, модельдеу тәсілдері, компьютерлік модельдер құру.
Жобалық іс-әрекет (4 сағат).
13. 6-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).
Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі тиіс).
6-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
қауіпсіздік техникасының ережесін;
информатика пәні нені оқытатының;
ақпарат ұғымын;
ақпарат түрлерін;
ақпаратты өңдеу тәсілдерін;
ақпарат санының ұғымын;
ақпараттың өлшеу бірлігін;
ақпаратты сығу;
мұрағаттау міндеттерін;
вирусқа қарсы программалар туралы ұғымын;
компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктерін;
компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етудің міндеттері мен түрлерін;
операциялық жүйе түсінігін;
операциялық жүйелерді басқару тәсілдері мен негізгі объектілерін;
ақпараттарды тасымалдаушылар міндетін;
есептеуіш техниканың даму тарихын;
электронды-есептеуіш машиналардың даму кезеңдерін;
дербес компьютердің даму архитектурасының үрдісін;
ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларының міндеттерін;
алгоритм және атқарушы ұғымын;
алгоритмді жазу формасын;
алгоритмді блок-схема түрінде жазуын;
алгоритм типтерін;
модель ұғымын;
модель түрлерін;
графиктік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;
мәтіндік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;
мәтінді редакциялау және пішімдеу тәсілдерін;
калькуляторда жұмыс істеу тәсілдерін;
сандық, дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша программаларда жұмыс істеу тәсілдерін;
мәтіндік құжатты рәсімдеу тәсілдерін;
мәтіндік редактордың мәтіндік процессордан айырмашылығын;
мәтіндік процессордың интерфейсін;
құжатты ашу және сақтау тәсілін;
мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдерін (қаріп, абзац, шегініс, аралық, тізім);
мәтіндік процессорда кестелерді құру және редакциялау тәсілдерін;
бағанға мәтінді орналастыру тәсілдерін;
мәтінге графикалық объектілерді және жазуларды кірістіру командаларын;
слайд ұғымын, слайдтармен жұмыс істеу тәсілдерін;
презентацияда мәтінмен, кестелермен, графикалық объектілермен, бейнемен және дыбыспен жұмыс істеу тәсілдерін;
презентацияларды көрсетудің баптау тәсілдерін;
компьютерлік байланыстардың түрлерін;
Интернетте ақпаратты іздеу әдістерін;
электрондық поштаны пайдалану салаларын;
жобалық іс-әрекетте жұмыс істеу дағдыларын.
6-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
ақпараттың түрін анықтауды;
файлдарды мұрағаттау және мұрағаттан шығаруды;
компьютерде вирусқа қарсы бағдарламалар арқылы ақпараттарды қорғау әдістерін пайдалануды;
компьютердің стандартты графиктік интерфейсін қолдануды;
файлдармен, бумалармен, белгішелермен операциялар орындауды;
әртүрлі алгоритмдерді ауызша және графиктік түрде құруды;
модельді нақты объектіден айыра білуді;
модель түрлерін анықтауды;
қарапайым графиктік редакторлар құралдарымен графиктік объектілерді салуды;
калькулятор арқылы есептеу нәтижелерін табуды;
дыбыстық ақпаратты жазуды;
компьютердің құрылғыларының, енгізу-шығару құрылғыларының міндетін анықтауды;
мәтінді теруді, редакциялауды және пішімдеуді;
мәтіндік үзінділерімен жұмыс істеуді;
қиыстырылған құжаттарды құруды;
тізімдер (нөмірленген және маркерлеген тізім) бар мәтіндік құжаттарды құруды;
мәтіндік құжаттарда кесте салуды;
мәтінге баған орналастыруды;
мәтіндік құжаттарға графикалық объектілерді және жазуларды кірістіруді;
қарапайым мультимедиялық презентациялар құруды;
слайдтардың әсерлерін және көрсетулерін баптауды;
Интернет желісінің ресурстарын қолдануды;
электрондық поштаны пайдалануды.
7- сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
қауіпсіздік техника ережелерін;
информатика пәні нені оқытатының;
ақпарат түсінігін;
ақпарат түрлерін;
ақпараттың өлшеу бірлігін;
ақпаратты кодтау және кодтан шығару тәсілдерін;
компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктерін;
вирусқа қарсы бағдарламалар арқылы ақпаратты қорғау тәсілдерін;
мұрағаттау міндеттерін;
компьютер жадысының құрылғысын;
компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етудің міндеттері мен түрлерін;
операциялық жүйе ұғымын;
операциялық жүйелерді басқару тәсілдері мен негізгі объектілерін;
ақпараттарды тасымалдаушылар міндетін;
есептеуіш техниканың даму тарихын және электронды-есептеуіш машиналардың даму кезеңдерін;
дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісін;
алгоритм және атқарушы ұғымын;
алгоритмді жазу формасын;
алгоритм типтерін;
программалау тілінде программаның құрылымын;
айнымалылар типтерін;
арифметикалық өрнектерді программалау тілінде жазу ережесін;
енгізу, шығару және меншіктеу операторларын;
модель ұғымын;
модель түрлерін;
модельдердің әдістері мен қасиеттерін;
графиктік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;
мәтіндік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;
мәтінді редакциялау және пішімдеу тәсілдерін;
калькуляторда жұмыс істеу тәсілдерін;
дыбысты іске қосу және жазу программаларын;
мәтіндік процессордың интерфейсін;
құжатты ашу және сақтау тәсілін;
мәтіндік процессорда кестелерді құру және редакциялау тәсілдерін;
бағанға мәтінді орналастыру тәсілдерін;
беттердің параметрлерін баптауын;
құжатты баспаға дайындау;
мәтінге графикалық объектілерді және жазуларды кірістіру командаларын;
слайд ұғымын, слайдтармен жұмыс істеу тәсілдерін;
анимация ұғымын, анимация әсерлерін баптауын;
компьютерлік желілердің міндетін;
Интернет желісінің қызметтер міндетін және Интернетте ақпараттар іздеу әдісі;
электрондық поштаны пайдалану саласын;
желіде жұмыс істеу барысында ақпаратты сақтау қажеттілігін;
ақпараттық қауіпсіздікті;
жобалық іс-әрекетте жұмыс істеу дағдысын.
7-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
ақпараттың түрін анықтауды;
файлдарды мұрағаттау және мұрағаттан шығаруды;
компьютерде вирусқа қарсы бағдарламалар арқылы ақпараттарды қорғау әдістерін пайдалануды;
файлдармен, бумалармен, белгішелермен операциялар орындауды;
операциялық жүйенің стандартты графиктік интерфейсін қолдануды;
әртүрлі алгоритмдерді ауызша және графиктік түрде құруды;
айнымалылар типтерін анықтауды;
сызықты құрылымның программаларын құруды;
модель құруды;
мәтінді редакциялау, пішімдеуді;
қиыстырылған құжаттарды құруды;
калькулятор арқылы есептеу нәтижелерін табуды;
дыбыстық ақпаратты жазуды;
мәтіндерді теруді, редакциялауды және пішімдеуді;
беттер параметрлерін баптауды;
тізімдер (нөмірленген және маркерлеген тізім) бар мәтіндік құжаттарды құруды;
мәтінге бағана орналастыруды;
мәтіндік құжаттарға кесте салуды;
мәтіндік құжаттарға графикалық объектілерді және жазуларды кірістіруді;
қарапайым мультимедиялық презентациялар құруды;
слайдтардың әсерлерін және көрсетулерін баптауды;
жергілікті желі арқылы ақпаратты жіберу және қабылдауды;
ақпараттық қауіпсіздікті сақтауды;
электрондық поштамен жұмыс істеуді.
8-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
техника қауіпсіздігі ережесін;
сандарды позициялық және позициялық емес санау жүйелерінде ұсыну қағидаларының айырмашылығын;
сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару ережелерін;
логика ұғымын;
логикалық амалдарын;
логикалық функцияларды жазу ережесін;
компьютердің логикалық негіздерін;
вирусқа қарсы бағдарламалар арқылы ақпаратты қорғау тәсілдерін;
ақпаратты сығуын;
мұрағаттау міндеттерін;
сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды кодтау ережесін;
компьютер жадысының құрылғысын;
дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісін;
компьютердің қосымша құрылғыларының міндетін;
драйвер ұғымын;
алгоритм және атқарушы ұғымын;
алгоритмді жазу формасын;
алгоритмді блок-схема түрінде жазуын;
алгоритм типтерін;
программалау тілі ұғымын;
программалау тілінде программаның құрылымын;
программалау тілінің синтаксисін;
айнымалылар типтерін
арифметикалық өрнектерді программалау тілінде жазу ережесін;
енгізу, шығару және меншіктеу операторларын;
тармақталу алгоритмдерін программалау операторларын;
шартты және шартсыз өту операторларын;
циклдік алгоритмдерді программалау операторларын;
параметрі бар циклдерді, ДЕЙІН циклын, ӘЗІРШЕ циклын;
графиктік операторлар және процедураларын;
модель ұғымын;
модель түрлерін;
модельдерді құру кезеңдерін;
құжатты ашу және сақтау тәсілдерін;
мәтінді редакциялау және пішімдеудің негізі тәсілдерін;
мәтіндік процессорда кестелерді құру және редакциялау тәсілдерін;
мәтінге графикалық объектілерді және жазуларды кірістіру командаларын;
слайд ұғымын, слайдтармен жұмыс істеу тәсілдерін;
презентацияларды көрсетудің баптау тәсілдерін;
компьютерлік графика түрлерін;
графикалық файлдардың пішімін;
векторлық объектілермен қарапайым амалдарды орындау;
растрлық бейнелердің параметрлерін;
растрлық графиканың сурет салу құралдарын;
растрлық графикада аймақтарды ерекшелеуін;
электрондық кестенің негізгі ұғымдарын;
деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеуін;
электрондық кестелердегі сілтемелер қағидасын;
стандартты функцияларды пайдалануын;
диаграммалар және графиктерді салуын;
компьютерлік желілердің міндетін;
жергілікті желіні ұйымдастыру қағидаларын;
ақпараттық қауіпсіздікті.
8-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыруды;
компьютердің қосымша құрылғыларын баптауды;
сандарды екілік, сегіздік, ондық және он алтылық санау жүйелерінде жаза білуді;
есептерді шығарғанда логикалық функцияларды пайдалануды;
ақпаратты кодтау және кодтан шығаруды;
компьютерде вирусқа қарсы бағдарламалар арқылы ақпараттарды қорғау әдістерін пайдалануды;
файлдарды мұрағаттау және мұрағаттан шығаруды;
ауызша және графиктік түрде алгоритм құруды;
айнымалылар типтерін анықтауды;
сызықты құрылымды алгоритмдерге программа құруды;
тармақталу және цикл бар алгоритмдер негізінде программалар құруды;
программалау ортасында жұмыс істеудің графиктік тәртібін пайдалануды;
графиктік объектілерді құруды;
модельдер құруды;
қарапайым ақпараттық модельдер құруды;
мәтіндік процессорда мәтіндерді теруді, редакциялауды және пішімдеуді;
тізімдер (нөмірленген және маркерлеген тізім) бар мәтіндік құжаттарды құруды;
мәтіндік құжаттарда кесте салуды;
мәтінге бағана орналастыруды;
мәтіндік құжаттарға графикалық объектілерді және жазуларды кірістіруді;
векторлық графикада жай фигураларды салуды;
векторлық объектілермен қарапайым амалдар орындауды;
растрлық графикада объектілерімен жұмыс істеуді;
растрлық бейнелердің параметрлерін өзгертуді;
растрлық графикада ерекшеленген аймақтармен, қабаттармен жұмыс істеуді;
қарапайым мультимедиалық презентацияларды құруды;
слайдтардың әсерлерін және көрсетулерін баптауды;
электрондық кестелерге деректерді енгізуді ұйымдастыруды;
электрондық кестелер арқылы қарапайым кестелік есептеулер жүргізуді;
диаграмма және графиктарды салуды;
жергілікті желі арқылы ақпаратты жіберу және қабылдауды.
9-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
қауіпсіздік техника ережесін;
алгоритм ұғымын және қасиеттерін;
алгоритмді ұсыну тәсілдерін;
атқарушы ұғымын;
алгоритм типтерін;
қадамдап бөліктеу әдісінің мәнін;
негізгі алгоритмдік конструкциясының құрылымын;
программалаудың технологиясы мен әдісін;
программа және оның құрылымы ұғымын;
команда және міндетін;
деректер типтерін;
сандық функцияларды;
сызықтық алгоритмдерді программалау;
программаны алгоритмнен айырмашылығын;
тармақталу алгоритмдерін программалау операторларын;
шартты және шартсыз көшу операторларын;
циклдік алгоритмдерді программалау операторларын;
параметрі бар циклдерді, ДЕЙІН циклын, ӘЗІРШЕ циклын;
алғы шартты циклдің ілесу шартты циклден айырмашылығын;
символдық деректерге қолданылатын операцияларын;
графикалық объектілерді программалауды;
программалау тілінде графикалық тәртіптің жұмыс ерекшеліктерін;
жобалық іс-әрекетте жұмыс істеу дағдыларын.
9-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды;
программа және алгоритм айырмашылығын түсіндіруді;
алгоритмдік конструкцияларды программалау тіліне аударуды;
сызықтық алгоритмдерді құру және программалауды;
сызықтық алгоритмдерде өрнектерді және функцияларды пайдалануды;
тармақталу, цикл құрылымдарын пайдалана отырып программалау тілінің бірінде программалар құруды;
шамалық өндеулер алгоритмін программалауды;
графикалық объектілерді программалауды;
программалау тілі арқылы модельдер құруды.
Жеке тұлғалық нәтижелер
өз меншік жеке және топтық іс-әрекетін жоспарлауды;
оқу және практикалық іс-әрекетте коммуникативтік құзыреттілік пен ақпараттық мәдениетті;
қабылданған ақпаратқа талдау және сын көзбен бағалау дағдыларын.
өз іс-әрекетінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары мен ақпараттық көздерді пайдалану;
салауатты өмiр салтының құндылықтарын және негiзгi гигиеналық, эргономиялық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың құрал-жабдықтарын пайдалану, техникалық шарттарын қабылдай білу;
жеке меншік өмір туралы ақпаратқа дұрыс көзқараспен қарауды;
оргтехникаға ұқыпты қарауды.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:
оқыту, тестілеу-программалары және тренажер-программаларымен жұмыс істеуді;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен қоса сандық тұрмыстық техниканы басқару, оны баптау;
қарапайым құрылымды құжаттарды, суреттерді салуды;
ақпараттық объектілерді құруды, оның ішінде оқу жұмыстарының нәтижесін рәсімдеу;
жеке ақпараттық кеңістікті ұйымдастыруда, жеке ақпараттық объектілері коллекциясын құру;
мәтіндік және мультимедиалық объектілерді жасауды;
оқу іс-әрекетінде электрондық кестелер мүмкіндіктерін пайдалану;
кестелік процессор арқылы есептерді шығару және есептеулерді автоматтандыру;
деректер қорында ақпараттарды сақтау;
күнделік өмірде кездесетін объектілері мен жағдайларды модельдеу;
векторлық және растрлық графикалық объектілерді, видеобъетілерді құруды;
дүниежүзілік ауқымды желіден ақпарат алуды.
Достарыңызбен бөлісу: |