Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің



Дата05.11.2016
өлшемі157,97 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ



Негізгі орта білім беру деңгейінің

«Өнер» білім саласы пәндерінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

(5–9-сыныптар)

Астана 2013

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.

Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Өнер» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары – Астана, 2013. – 21 б.

Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013



«Музыка» пәнінен оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат


  1. «Музыка» пәні бойынша оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Пәнді меңгеру нәтижесінде оқушы халықтық және әлемдік мәдениеттің мұраларын меңгерген және өмірлік тәжірибеде қолдана білетін, рухани толысқан тұлға ретінде қалыптасады.

  3. Пәнінің оқыту мақсаты:

  1. білім алушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру;

  2. тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту;

  3. әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеру.

  1. Пәнінің оқыту міндеттері:

    1. дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы адам өмірімен байланысы және оның композиторлық шығармашылығындағы рөлі туралы білім беру;

    2. түркі және шығыс халықтарының музыкалық мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру;

    3. әлемдік музыка мәдениетінің жетістіктерін бағалауға үйрету;

    4. кәсіптік және дәстүрлі музыканың негізгі жанрлары туралы түсінік беру;

    5. музыкалық талғамды және эстетикалық қажеттілікті дамыту;

    6. білім алушылардың музыканы тыңдау және оны талдай білуі;

    7. ән, терме және аспапта ойнау біліктерін дамыту;

    8. музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу.

  2. Бағдарлама мазмұны қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті, Шығыс және Батыс Еуропаның классикалық музыканың ең озық үлгілері, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнерімен танысады.

  3. Оқу материалының мазмұнын таңдауда төмендегі негізгі принциптерге сүйенеді:

  1. үздіксіздік принципін ұстана отырып, бастауыш пен орта сынып арасындағы сабақтастық, жүйелілік пен бірізділік айқындалады. Басты тақырыптар мазмұны тереңдей түсіп, музыкалық ұғымдары мен көркемдік талғамы кеңейеді;

  2. пәнаралық интеграция принципін ұстана отырып, музыкалық өнердің тіл және әдебиет, тарих және бейнелеу өнерімен байланыста оқыту;

  3. дербестік принципін ұстана отырып, оқушы музыкалық өнердің жан-жақты дамуы мен түрлі құбылыстарына жеке көзқарасын қалыптастыра отыра, өз пікірін ашық білдіре алуын дамыту;

  4. шығармашылық принципі - оқу материалының негізіне сүйене отыра, оқушының табиғи мүмкіндігін ашып, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өнерге деген ықыласын арттыру;

  5. тәжірибелік әрекет принципі - оқушылардың музыкалық аспаптарда орындауда және ән айту дағдысын қалыптастыруда басты әдіс болып табылады;

  6. түсініктілік принципін ұстана отырып, музыкалық білімнің мазмұнын оқушының жас ерекшелігіне сай құрып, музыкалық сабақтың бүгінгі өмірмен байланыста екендігін анықтау.

7) «Музыка» пәні оқушының тұлғалық тұғырын қалыптастырады: мәдениет, көркемдік талғам, адами құндылықтар. Пәннің мазмұны орта мектептер үшін аса маңызды және өзекті тақырыптардың шешімін табатын пән ретінде құнды. Музыка пәнінің мазмұнында білім алушылардың рухани мұраның негізгі құндылықтарын игеру арқылы шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына ықпал етеді.

6. Музыка сабағындағы негізгі әрекеттердің түрлері:

1) музыка тыңдау – музыка талғамын қалыптастыру, музыканы талдау жасауда, тыңдаған музыка жайлы өз ойын жеткізе білуді меңгеруі тиіс;

2) ән және музыкалық аспаптарда орындаушылық дағдыларын жетілдіре түседі, музыкалық шығармаларды көркем әрі мәнерлі орындауға машықтандыру;

3) білімділік әрекеті музыканың көркемдік құралдарын оқытуды жалғатыра түседі; музыканың жаңа жанрларымен, түрлерімен танысады.

7. «Музыка» оқу курсы 6-сыныпта аяқталады, пән мазмұны түрлі ұлттардың музыкалық мәдениеті мен өнеріне құрметпен қарауға ықпал етеді, вокалмен би жанрларын жүйелейді, Шығыс пен Батыс елдерінің классикалық шығармаларын салыстырады. Негізгі мектептегі «Музыка» бағдарламасының ерекшелігі пәнаралық интеграция болып табылады.

8. Оқу процесі барысында «Музыка» пәні көптеген пәндермен пәнаралық байланыста болады:


  1. «Қазақ тілі»:оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту; дәстүрлі өлең құрау негіздерін үйрену; әуен мен өлеңнің тығыз байланысын анықтау; оқушының музыкалық-поэтикалық қабілетін дамыту;

  2. «Әдебиет»: музыка мен поэзияның көркемдік тәсілдерінен мағлұмат; вокалды (ән, романс, кантата), сахналық (опера, балет), тақырыптық мазмұны бар аспапты шығармалар сияқты музыкалық жанрлардың қалыптасып дамуына әдебиеттің жасаған ықпалы;

  3. «Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы»: музыкалық шығармалардың тарихи оқиғалар мен байланысы, музыкалық шығармаларындағы көрінісі; әрбір тарихи кезеңде пайда болған саз аспаптарының дамуы; музыка өнерінің әрбір тарихи кезеңде қалыптасу жолы;

  4. «География»: әр түрлі халықтардың сан қилы географиялық ортада тұруына байланысты түрлі музыкалық жанрлардың дамуы; Шығыс пен Батыс мәдениеті туралы көзқарасының қалыптасуы;

  5. «Бейнелеу өнері»: оқушылардың шығармашылық ойын дамыту; музыкадағы суреттеу қасиетінен мағлұмат беру; суретшілер мен музыканттар шығармашылығындағы табиғат бейнесі; музыкалық портреттер; бейнелеу өнеріндегі музыкалық көріністер бейнесі;

  6. «Технология»: оқушылардың қолдан жасалған бұйымдарын көрнекілік ретінде пайдалану.

9.Типтік оқу жоспарына сәйкес «Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.

2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
10. «Музыка» пәні бойынша 5 - сынып оқу жүктемесінің көлемі 34 сағат, аптасына 1 сағат.

11. «Айтыс және жыраулық өнер» – 9 сағат:

1) айтыс өнері, айтыс түрлері – қайым, түре және сүре;

2) қысқа қағыспа айтыс;

3) Құлыншақ пен Майлықожа;

4) ұйқас сөздер, 5-7-11 буынды өлең құрау;

5) жыраулардын хан-сұлтандарға айтқан кеңесі – Асан қайғы;

6) Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі;

7) Бұқар жыраудың халыққа айтқан өсиет сөзі;

8) Базар жырау мұрасы;

9) Ақтан жырау - он жаман.

12. «Ғасырлармен сырласқан сазды аспаптар» – 7 сағат:

1) көнеден жеткен аспап - домбыра, дутар, саз;

2) башқұрт халқының мақтанышы болған қурай аспабы;

3) аспанмен тілдескен музыка;

4) киелі аспап – қобыз;

5) монғол халқының көнеден жеткен моринхур аспабы;

6) түркі халықтарындағы үрмелі және ұрмалы аспаптар.

13. «Әлем халықтарының музыкалық театры» – 10 сағат:

1) жапонның «Кабуки» театры;

2) қытай дәстүрлі музыкалық театры;

3) дәстүрлі Үнді театры;

4) биге тіл бітірген үнділер;

5) үндінің сұлу сазды рагасы;

6) корей халықтарының музыкалық театры;

7) маком – өмірден сыр шерткен музыка;

8) Вена классикалық симфониясы;

9) Италия классикалық музыкасы – опера өнері;

10) орыс классикалық музыкасы – балет өнері;

11) романтикалық музыка – Шопен, Лист.

14. «Дәстүр және жаңашылдық» – 8 сағат:

1) ақын Абай бейнесінің операда көрініс табуы;

2) «Қыз Жібек»: жыр-опера-кино;

3) «Жігер» – күй және симфония;

4) «Құдаша» – симфониялық күй;

5) «Сарыжайлау» – ән және күй;

6) ән мен күйге саз берген – Алатау;

7) «Туған жер».

15. Музыка тыңдау: музыка тыңдау оқушының ең басты жұмыс әрекетінің жетекші түрі ретінде қарастырылады; қушылар қазақ халқының және алыс-жақын шет елдердегі – қырғыз, түркмен, якут, башқұрт, хакас, азербайжан, парсы, үнді, жапон, қытай, неміс, итальян, орыс, поляк, венгр халықтарының дәстүрлі классикалық және кәсіби музыкасымен танысады; білім алушылардың музыкалық талғамы дамып жетіліп, түрлі жанрлық ерекшеліктерін ажырата біліп, ең негізгі және басты көркемдеуші құралдарын талдай алуына мүмкіндік туады; музыкалық туындыларды тыңдау арқылы көркемдік талғамы қалыптасып, әлемдік музыкалық мәдениеттің құндылықтарын саралай білуге ұмтылыс жасайды.

16. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: айтыс, қайым айтыс, «Майлықожа мен Құлыншақ ақынның айтысы»; Бұқар жырау «Биік тауға жарасар»; Ақтан жырау «Не жаман»; Базар жырау «Айдан ару нәрсе жоқ»; қырғыздың халық күйі «Қаразгөй» орын; Нұрақ Абдрахманұлы; Якут-Саха халық шығармасы «Ормандағы таң»; башқұрт халық күйі «Жау төбе»; хакастың «Алыпты нымах» жырынан үзінді; Ықылас «Айрауықтың ашы күйі»; қазақтың халық күйі «Нар идірген»; үнді рагасынан үзінді; азербайжан мугамынан үзінді; үндінің «Бхарат‑ натьям» биі; Вивальди А. Лютняға арналған концерт, Ре мажор; Паганини «Каприс»; жапонның «Кабуки» театры спектаклінен үзінді; Моцарт В. А. № 40 симфония, соль минор, экспозиция I бөлім; Бетховен Л. № 3 симфония, «Батырлық», экспозиция I бөлім; Чайковский П. «Аққу көлі» балетінен үзінді; Верди Дж. «Травиата»: Виолетта және Жермон ариясы; Шопен Ф. Полонез Ля мажор, мазурка; Лист Ф. № 2 Рапсодия.

17. Ән орындау барысында оқушылар хор мен ән айту дағдыларын жетілдіре түседі. Әннің тыныс белгілерін дұрыс қолдана отырып, дирижердің нұсқауымен әннің мәтінін нақты әрі түсінікті айтуді меңгереді. Әндер мен қүйлерді музыкалық аспапта өз мәнерінде орындауды меңгере түседі.

18. Ұсынылған әндер: Ж.Дәулетов «Қазақ елі», Н.Тлендиев «Әжеме»,

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», Б.Байқадамов «Туған жер», Ә.Еспаев «Ұстазым», Е.Хасанғалиев «Анаға сәлем», А.Қоразбаев «Үш қоңыр», Закиров Ф. «Чайхана», «Ялла» ансамблінің орындаунда; Закиров Ф., Березяков Е. «Шахризабз».

19. Музыкалық сауаттылық:


  1. дәстүрлі музыка жанрлары мен түрлері: айтыс, жыр, олонхо, карғыра, хоомей, сығыт, былина, рага, маком, раст, шур, чаргях, гагаку, бугаку;

  2. Батыс Еуропа музыкасының жанрлық ерекшеліктері: симфония - сонаталық allegro, опера –увертюра, ария, ариозо, каватина, дуэт, хор; балет – па-де-де, adagio, кордебалет; полонез, мазурка, рапсодия, каприс.

3) музыкалық аспаптар: қурай, шоор, түйдүк, зурна, екобуэ, нәй, ней, вина, ситар, сямисэн, моринхур, кеманча, ғиджак, гусли, чатхан, цинь, цитракото, тайко, дутар, комуз, саз, тар, тамбур, рубаб, лютня, гитара.

3. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
20. «Музыка» пәні бойынша 6-сынып оқу жүктемесінің көлемі 34 сағат, аптасына 1 сағат.

21. «Сөзбен өрілген саз» – 9 сағат:

1) халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Дина;

2) Қайран, Нарын;

3) Құрманғазы жайлы бір толғау;

4) аңыз болған Құлагер;

5) күйге тіл бітірген Қазанғап;

6) ән құдіретін асқақтатқан Мұхит сал;

7) күй құдіреті;

8) сары даланы сазбен тербеткен.

22. «Музыка және сурет» – 7 сағат:

1) Таңбалы тастар сыр шертеді;

2) өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі;

3) музыкадағы табиғат көрінісі;

4) ой толғау;

5) қазақ вальсі;

6) музыка және сурет өнеріндегі өнерпаз бейнесі;

7) тоғысқан екі өнер.

23. «Өнер тұлғалары» – 9 сағат:

1) Қазақстанның скрипка мектебі;

2) өнер ордасы;

3) қазақстанның фортепиано өнері;

4) өнерін өрлеткен топ;

5) оркестрмен тілдескен дирижер;

6) бақтағы бұлбұл дауысы;

7) күйдің Қаршығасы.

24. «Жаңа заманның жаңа әні» – 8 сағат:

1) «Ақмаңдайлымды» әуелеткен Роза Бағланова;

2) «Туған жерін» ән еткен Ескендір Хасанғалиев;

3) «Армандастар» әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов;

4) «Жас қазақ» деп жырлаған Рамазан Елебаев;

5) «Әлияны» әлемге паш еткен Роза Рымбаева;

6) сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев;

7) өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев.

25. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Дина Нүрпейісова «Жеңіс», Махамбет «Қайран Нарын», Құрманғазы «Балбырауын», Ақан сері «Құлагер», Қазанғап «Торы аттың кекіл қақпайы», Мұхит «Үлкен айдай», Абылдың күйі «Абыл», Тәттімбет «Сарыжайлау», Сүгір «Бозінгеннің бүлкілі», Дәулеткерей «Көрұғлы», Халық күйі «Қарасай», Құрманғазы «Алатау», М.Хамзин «Жайлау», Сүгір «Кертолғау», Ғ.Жұбанова «Прелюдия», Л.Хамиди «Қазақ вальсі», Халық әні «Гаухар тас», Н.Меңдіғалиев «Домбыра туралы аңыз», Е.Брусиловский «Бозайғыр», Т.Қажығалиев «Қыз қуу», Ф.Лист. Ноктюрн «Грезы любви», С.Абдинуров «Шертпе», Халық әні «Ағажай, Алтай», Қ.Ахмедияров «Нұрғиса», Ш.Қалдаяқов «Ақ маңдайлым», Е.Хасанғалиев «Атамекен», Ә.Бейсеуов «Армандастар», Р.Елебаев «Жас қазақ»,С.Бәйтереков «Әлия», А.Қоразбаев «Сағындым Алматымды», Н.Тілендиев «Асыл әжем».

26. Ән, аспапта орындау барысында:



  1. хормен ән орындағанда музыкалық шығарманың стильдік ерекшеліктеріне мән беру, шығарманың димамикалық тыныс белгілерін түсіне отырып орындау;

  2. ән айту барысында ер балалардың дауыс мутациясына назар аудару;

  3. домбыра аспабында халық әндері мен күйлерін орындаудағы шеберліктерін шыңдау, ұжыммен бірге музыкалық аспаптарда халық әндері мен күйлерді сүйемелдеуді дамыту.

27. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ақан сері «Қараторғай», Н. Тілендиев «Асыл әжем», Н. Тілендиев «Алатау», Б.Жамақаев «Махаббат вальсі», А.Қоразбаев «Сағындым Алматымды», Е.Хасанғалиев «Атамекен», С.Бәйтереков «Жан досым», Ә.Бейсеуов «Армандастар», Ш.Қалдаяқов «Арыс жағасында», И.Жақанов «Жайлаукөл кештері», С.Сейфуллин «Тау ішінде», Харитонов В. «День Победы».

28. Музыкалық сауаттылық:



  1. музыкалық бейнелердің өнер түрлерімен байланысы арқылы әдебиетте проза мен поэзияда айшықталуы әдеби-музыкалық сауаттылығын толықтай түседі;

  2. музыкалық бейнелердің сурет өнерінде кескінделуі арқылы музыка мен музыкалық образдардың мазмұнын аша біледі;

  3. батыс Еуропа музыкасының жанрлары - ноктюрн, прелюдия, сюита, вальс, лендлер, матеник, камералық музыка және қазақ дәстүрлі күй өнеріндегі жанрлар – ақжелең, тойбастар, қосбасар, толғау т.б. танысады;

  4. эстрадалық аспаптар: бас-гитара, соло-гитара, синтезатор, ұрмалы аспаптар.


4. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
29. Оқушылардың дайындық деңгейлері пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік нәтижелер бойынша бағаланады.

30. Пәндік нәтижелер 5-сынып соңында білім алушылар:



  1. кәсіби және халық музыкасының негізгі жанрларын;

  2. дәстүрлі музыканың қазіргі заман мәдениетінде алатын орнын, кәсіби композиторлар шығармашылығындағы халық музыкасының әсерін;

  3. танымал Қазақстан композиторларының есімдерін;

  4. әлем халықтары эпикалық шығармаларының ең озық үлгілерін;

  5. музыкалық аспаптардың классификациясын;

  6. түркі халықтары музыкасының айырмашылықтарын;

  7. Шығыс музыка мәдениетінің ең үздік жетістектерін;

  8. Батыс Еуропа және орыс музыкасының ең танымал композиторларының есімдерін;

  9. әлемге танымал ең ірі опера және балет театрлары мен концерттік залдарды білуі тиіс.

31. Пәндік нәтижелер 5-сынып соңында білім алушылар:

  1. өмірдегі музыкалық құбылыстарға өз көз-қарасын білдіруді;

  2. халық музыкасын бағалауды, халық әндері мен күйлерге жасылған аранжировкаға өз ойын білдіруді;

  3. музыкалық жанрлар туралы алған білімдерін пайдалана отырып, классикалық, халық, қазіргі заман шығармаларын талдаған кезде, олардың ерекшеліктерін ажырата білуді;

  4. музыканы тыңдауды, талдау жасауды, тыңдаған музыка жайлы өз ойын жеткізе білуді меңгеруі тиіс;

  5. халық әндерін, қазіргі заман және классик композиторларының әндерің өз мәнерінде орындау;

  6. оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру.

32. Пәндік нәтижелер 6-сынып соңында оқушылар:

  1. бейнелеу өнері, әдебиет және музыканың негізгі көркемдеуші құралдарын;

  2. аспапты, вокалды және сахналық жанрларды, музыка және басқа да өнер түрлері арасындағы өзара үндестікті табуды;

  3. қазақ эстрада жанрларын қалыптастырушылар мен жасаушыларды;

  4. қазіргі заман музыкалық өнердегі дәстүр мен жаңашылдықты;

33. Пәндік нәтижелер 6-сынып соңында білім алушылар:

  1. музыканың басқа да өнер түрлерімен байланысын табуды;

  2. әр түрлі бағыттағы музыкалық шығармаларға баға беруді;

  3. музыканың адам өмірімен байланысын сезінуді;

музыканың адам өміріндегі алатын орнын білуі тиіс;

  1. күнделікті естіп жүрген музыканың жақсы жаман аражігін ажыратуды меңгеруі тиіс.

34.Тұлғалық нәтижелер:

  1. қазақстандық музыка өнерінің шынайы құндылықтарын ажырата білу;

  2. қазіргі қоғамдағы музыка өнерінің маңызы жайында көзқарас қалыптастыру;

  3. әлем халықтарының музыкасының сан алуандығын сезіну, басқа халықтардың музыкасымен мәдени байланыстарды таба білу;

  4. өнер шығармаларының адамгершілік қасиетін түсіну;

  5. музыка өнерінің әр түрлі ұлттар мен ұрпақтар арасындағы түсіністік құралы екендігін сезіну;

  6. музыканы өз жақындары мен достарына деген көзқарасын білдіретін тәсіл ретінде пайдалану;

  7. музыкалық шығармаларды талдау барысында өз білімдерін пайдалану арқылы айқындалады.

35. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер:

1) музыканың негізгі көркемдеуші құралдарын ажырату;

2) музыкалық шығармаларға жалпылама талдау жасау дағдыларын қалыптастыру;

3) ғылыми-шығармашылық ізденісін қалыптастыру;

4) көркемдік талғамын қалыптастыру, қазіргі музыка мәдениеті жайында өз ойын емін-еркін жеткізе білу;

5) музыка өнері туралы пікір таластыра білу.




Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
blogs -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) Ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу