Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
|
Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
|
Оқыту мақсаттары. Білім алушылар:
|
Күні
|
1-тоқсан
|
|
5.1
Ғылым әлемі
|
Ғылымның рөлі
|
5.1.1.1 ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау
|
|
Зерттеу сұрағы
|
5.1.2.1 зерттеу сұрағы мен болжамды тұжырымдау
|
|
Зерттеуді жоспарлау
|
5.1.3.1 зерттеу жоспарын құрастыру;
5.1.3.2 зерттеу жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін тұжырымдау
|
|
Деректерді жинау және жазу
|
5.1.4.1 нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтау;
5.1.4.2 бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркеу
|
|
Деректерді талдау
|
5.1.5.1 қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептейді және тенденцияларын анықтау
|
|
Қорытынды және талқылау
|
5.1.6.1 зерттеу сұрағы бойынша қорытынды тұжырымдау
|
|
5.1
Адам. Жер. Ғалам
|
Макро- және микроәлем
|
5.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарын ажырата білу және мысалдар келтіру
|
|
Жер туралы жалпы мағлұматтар
|
5.2.2.1 Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіру
5.2.2.2 Жердің құрылысы мен құрамын атау
|
|
Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері
|
5.2.3.1 Жер қабықтарын және олардың құрамдас бөліктерін сипаттау
|
|
Жердегі тіршілік
|
5.2.4.1 Жерде тіршіліктің пайда болуын сипаттау;
5.2.4.2 тіршілік етуге қажетті жағдайларды анықтау
|
|
Жер бетін бейнелеу тәсілдері
|
5.2.5.1 «жоспар» және «шартты белгілер» ұғымдарын түсіндіру;
5.2.5.2 шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің планын оқу;
5.2.5.3 бір тәсіл бойынша жергілікті жердің түсірілімін жасау (көз мөлшермен түсіру, полярлық түсіру, бағдарлық түсіру);
5.2.5.4 тіркеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым пландарын сызу
|
|
Материктер мен мұхиттар
|
5.2.6.1 материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттау;
5.2.6.2 мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау
|
|
Халық географиясы
|
5.2.7.1 дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын, негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау;
5.2.7.2 нәсілдік белгілердің қалыптасу факторларын анықтау;
5.2.7.3 нәсілдер теңдігін дәлелдеу
|
|
2-тоқсан
|
|
5.2
Заттар және материалдар
|
Заттардың құрылысы мен қасиеттері
|
5.3.1.1 бөлшектердің сұйық және газтектес заттарда таралуын түсіндіру;
5.3.1.2 заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіру;
5.3.1.3 заттардың қасиеттерін: тығыздығын, аққыштығын, жылу және электрөткізгіштігін, созылғыштығын, иілімділігін сипаттау;
5.3.1.4 физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату
|
|
Заттардың жіктелуі
|
5.3.2.1 қоспалар мен таза заттарды ажырату;
5.3.2.2 қоспалардың түрлерін сипаттайды және бөлу әдістерін ұсыну;
5.3.2.3 құрамы белгілі ерітіндіні дайындау;
5.3.2.4 еріген заттың массалық үлесін есептеу;
5.3.2.5 заттарды ерігіштігі бойынша, металдар және бейметалдарға жіктеу
|
|
Заттардың түзілуі және алынуы
|
5.3.3.1 кейбір табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысалдар келтіру;
5.3.3.2 зертханалық жағдайда заттарды бөліп ала алу
|
|
3-тоқсан
|
|
5.3
Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер
|
Өлі табиғаттағы үдерістер
|
5.4.1.1 өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер);
5.4.1.2 өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарларын түсіндіру
|
|
Тірі табиғаттағы үдерістер
|
5.4.2.1 тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау;
5.4.2.2 тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін сипаттау;
5.4.2.3 микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қолдану;
5.4.2.4 уақытша микропрепарат дайындау;
5.4.2.5 фотосинтез үдерісін түсіндіру;
5.4.2.6 өсімдіктерде пигменттердің болуын зерттеу;
5.4.2.7 фотосинтездің жүруі үшін қажетті жағдайларын зерттеу
|
|
5.3
Энергия және қозғалыс
|
Энергия түрлері мен көздері
|
5.5.1.1 энергия түрлерін ажырату;
5.5.1.2 температура мен жылу энергиясын ажырату;
5.5.1.3 термометрді пайдалана отырып температураны өлшеу;
5.5.1.4 ғимараттарда жылу оқшаулағыштарын пайдаланудың практикалық әдістерін түсіндіру;
5.5.1.5 жылулық ұлғаюды сипаттау;
5.5.1.6 энергияның өзара айналымына мысалдар келтіру
|
|
Қозғалыс
|
5.5.2.1 тірі және өлі табиғатта қозғалыстың маңыздылығына мысалдар келтіреді және түсіндіру;
5.5.2.2 әртүрлі жануарлардың қаңқа түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу;
5.5.2.3 денелер қозғалысының себебін анықтау
|
|
4-тоқсан
|
|
5.4
Экология және тұрақты даму
|
Экожүйелер
|
5.6.1.1 экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау;
5.6.1.2 экожүйе түрлерін жіктеу;
5.6.1.3 экологиялық факторлардың экожүйе қызметіне ықпал етуін түсіндіру;
5.6.1.4 табиғи және жасанды экожүйелерді салыстыру
|
|
Тірі ағзалардың сан алуандығы
|
5.6.2.1 ағзаларды тірі табиғат дүниелеріне жіктеу;
5.6.2.2 біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттау
|
|
Табиғатты қорғау
|
5.6.3.1 Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін атау;
5.6.3.2 өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу;
5.6.3.3 Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының маңыздылығын анықтау
|
|
5.4
Әлемді өзгертетін жаңалықтар
|
Әлемді өзгертетін жаңалықтар
|
5.7.1.1 әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру
|
|
Болашақ жаңылықтары
|
5.7.2.1 болашақ ғылыми зерттеулер үшін зерттеу идеяларын ұсыну
|
|
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
|
Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
|
Оқыту мақсаттары. Білім алушылар:
|
Күні
|
1-тоқсан
|
|
6.1
Ғылым әлемі
|
Ғылым рөлі
|
6.1.1.1 жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын тізіп атау
|
|
Зерттеу сұрағы
|
6.1.2.1 тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыларды анықтау
|
|
Зерттеуді жоспарлау
|
6.1.3.1 жоспар бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;
6.1.3.2 қауіпсіз жұмыс жүргізудің жағдайларын анықтау
|
|
Деректерді жинау және тіркеу
|
6.1.4.1 Халықаралық бірліктер жүйесінің өлшем бірліктерін пайдалану
|
|
Мәліметтерді талдау
|
6.1.5.1 алынған деректерді графикалық түрде көрсету
|
|
Қорытынды және талқылау
|
6.1.6.1 алынған қорытындыларды түрлі формада көрсету
|
|
6.1
Адам. Жер. Ғалам
|
Макро- және микроәлем
|
6.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін атау
|
|
Жер туралы жалпы мағлұматтар
|
6.2.2.1 Жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру;
6.2.2.2 Жердің қасиеттерін түсіндіру
|
|
Жер өрістері және олардың құрамдас бөліктері
|
6.2.3.1 Жер қабықтарының өзара байланыс тәсілдерін түсіндіру
|
|
Жердегі тіршілік
|
6.2.4.1 Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды салыстыру;
6.2.4.2 адамның Жерде тіршілік етуінің қазіргі жағдайларын бағалау
|
|
Жер бетін бейнелеу тәсілдері
|
6.2.5.1 географиялық карталар мен шартты белгілерді жіктеу;
6.2.5.2 шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқу;
6.2.5.3 масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу;
6.2.5.4 географиялық координаттарды анықтау;
6.2.5.5 сағаттық белдеулер картасын пайдаланып, уақытты анықтау
|
|
Материктер мен мұхиттар
|
6.2.6.1 жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау;
6.2.6.2 жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтау
|
|
Халық географиясы
|
6.2.7.1 халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтау;
6.2.7.2 халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға беру;
6.2.7.3 дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төмен аймақтарын анықтап, себептерін түсіндіру
|
|
2-тоқсан
|
|
6.2
Заттар және материалдар
|
Заттардың құрылысы мен қасиеттері
|
6.3.1.1 атом мен молекулаларды, қарапайым және күрделі заттарды айыра білу;
6.3.1.2 атомның негізгі бөлшектерін және олардың орналасуын сипаттау;
6.3.1.3 заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттау
|
|
Заттардың жіктелуі
|
6.3.2.1 заттарды органикалық және бейорганикалық заттар күйінде жіктеу;
6.3.2.2 тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны айыра біледі және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау;
6.3.2.3 бейтараптандыру үдерісін түсіндіру
|
|
Заттардың пайда болуы мен оларға қол жеткізу
|
6.3.3.1 жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
6.3.3.2 тұрмыстық химия өнімдерін қолдану саласын және оларды қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру;
6.3.3.3 Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану салаларын анықтау;
6.3.3.4 Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын атау және көрсету;
6.3.3.5 пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
|
|
3-тоқсан
|
|
6.3
Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер
|
Өлі табиғаттағы үдерістер
|
6.4.1.1 өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдеу (таудың жасалу, мүжілу үдерістері, табиғатта заттардың айналымы);
6.4.1.2 табиғаттағы заттардың химиялық айналымын түсіндіру
|
|
Тірі табиғаттағы үдерістер
|
6.4.2.1 жасуша компоненттерін анықтау
6.4.2.2 тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіру;
6.4.2.3 ағзалардың қоректену типтерін ажырату;
6.4.2.4 толыққанды тамақтану рационын құру;
6.4.2.5 азық-түлік өнімдеріндегі органикалық заттардың болуын тестілу;
6.4.2.6 ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануын модельдеу;
6.4.2.7 тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты зерттеу;
6.4.2.8 ағзадан бөлініп шығатын өнімдерді атау;
6.4.2.9 тірі ағзалардың тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясын зерттеу
|
|
6.3
Энергия және қозғалыс
|
Энергия түрлері мен көздері
|
6.5.1.1 энергия көздерін атау;
6.5.1.2 энергияны шығарумен және оның жұтылуымен байланысты үдерістерді атау және мысалдар келтіру;
6.5.1.3 электр энергиясының бірлігін атау;
6.5.1.4 электр энергиясының құнын есептеу;
6.5.1.5 энергияны алудың баламалы көздерін ұсыну;
|
|
Қозғалыс
|
6.5.2.1 қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру және түсіндіру;
6.5.2.2 қатты денелер, сұйықтар мен газдардың қысымдарын айыра білу;
6.5.2.3 адам қаңқасының құрылысын сипаттау;
6.5.2.4 бұлшық еттің құрылысын сипаттау;
6.5.2.5 тірі ағзалар үшін қысымның мәніне мысалдар келтіру;
6.5.2.6 тиісті құралдарды қолдана отырып, атмосфералық және артериялық қысымды өлшеу және қорытынды жасау
|
|
4-тоқсан
|
|
6.4
Экология және тұрақты даму
|
Экожүйелер
|
6.6.1.1 экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын график түрінде көрсету және түсінду;
6.6.1.2 экожүйе ауысымдарының себептерін түсіндіру;
6.6.1.3 экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру
|
|
Тірі ағзалардың сан алуандығы
|
6.6.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану;
6.6.2.2 жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу
|
|
Табиғатты қорғау
|
6.6.3.1 өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау;
6.6.3.2 экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну
|
|
6.4
Әлемді өзгертетін жаңалықтар
|
Әлемді өзгерткен жаңалықтар
|
6.7.1.1 әлемді өзгерткен жаңалықтардың маңызын талқылау;
6.7.1.2 жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қазақстандық ғалымдардың үлесін талқылау
|
|
Болашақ жаңалықтары
|
6.7.1.3 ғылыми зерттеулердің бағыттарының болашақтағы дамуына болжам жасау
|
|