Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі


Басқа да негізгі құралдар



бет16/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#84287
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Байланысты:
Дип.-Негізгі-құралдардың-есебін-ұйымдастыру-және-оны-талдау

Басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорттық мүлік, мұражай құндылықтары.

  1. Бітпеген құрылыс.

Қолда бар негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі қолданылмайды, өйткені олар:

  • Тоқтатылып қойылады (жұмыс жасамайды) – уақытша қолданылмайды;

  • Қоймада тұрады (қорда) – жөнделген, жоқтатылған, апат жағдайында қолда ныстағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор құрайды;

  • Жалға берілген немесе алынған – басқа ұйым тапсырған немесе басқа ұйымнан алынған жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі құралдар.

Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 6 «Негізгі құралдар есебі» БЕС мен 16 «Негізгі құралдар» ҚЕБХС – на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:

  • Бастапқы құн немесе өзіндік құнмен – активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай қаражаттың немесе оның баламасының сомасы;

  • Ағымдағы құнмен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға бойынша негізгі қаражаттық құны;

  • Өткізу құнымен (әділ бағаның) – мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома;

  • Жойылу құны – шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;

  • Амортизациялық құнмен – жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;

  • Баланстық құнмен – жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома. Баға түсуден болатын залал – активтің баланстық құны оның орнын толтыратын құннан артқан сома.

Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жүргізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес.. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың 2-ҰҚЕС-ның 16- «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті баланстық шоты бойынша тікелей бастапқы құнын арттырады және қатар бір мезгілде 5320 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болатын қосымша төленбеген капитал». Осы қатынас хатқа сәйкес, жазу мерзімі аса көп емес, сондай – ақ едәуір тозу дәрежесі бар негізгі құрал объектілерінің бастапқы индекстерін белгілегенде негізгі құралдардың қызмет ету мерзіміне байланысты индексті көшендету әдістемесі қолданылады. Бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша тозу дәрежесі бар негізгі құрылғылардың құнын ұлғайтушы алынған бастапқы индекстері 1 графасынан 30% - кем, 31-50% тозу дәрежесі 2 графадан, 51- ден 64% - іне дейінгі тозу дәрежесі 3 графадан, 65- тен 79% - ке дейінгі тозу дәрежесі – 4 графадан, 80- нен жоғары тозу дәрежесі 5 графадан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет