Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі


Негізгі құралдарға кейін жұмсалатын күрделі шығындар



бет24/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#84287
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
Дип.-Негізгі-құралдардың-есебін-ұйымдастыру-және-оны-талдау

2.4 Негізгі құралдарға кейін жұмсалатын күрделі шығындар

Негізгі құралдарды пайдалану барысында біртіндеп тозады, тозған бөлшектерін жөндеуді немесе толығымен, иә болмаса тұтастай объектіні түгелімен ауыстыруды талап етеді. Сондықтан негізгі құралдар оъектілеріне, пайдалы қолданылатын барлық мерзімі ішінде кейінгі күрделі қаржы және ағымдағы шығын жұмсайды. 6 «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына және оған әдістемелік ұсыныстарға сәйкес негізгі құралдарға кейінгі күрделі қаржы жұмсау пайдалы қызмет ету мерзімі басында бағаланған, қолданудан түскен болашақ экономикалық тиімділікті ұлғайтқан жағдайда бастапқы құнды арттырады. Кейінгі барлық шығындар жасалған кезеңдегі шығындар деп танылуы тиіс.


Негізгі құрал объектілеріне байланысты 16 «Негізгі құралдар» атты қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес кейінгі шығындар актив жағдайын жақсартқанда, оның өнімділігін бастапқы есептелген нормативтен жоғарылатып, арттырса ғана актив есебінде танылады. Болашақтағы экономикалық тиімділікті ұлғайтуға және негізгі құралдардың бастапқы құнын арттыруға әкелетін мысалдар мыналар:

    1. негізгі құрал объектілерінің пайдалы қолдану мерзімін ұлғайтатын, оның қуаттылығын арттырып, жетілдіру;

    2. өндірілетін өнімнің сапасын жақсарту үшін машина тетіктерін, детальдарын жеткізу;

    3. бұрын есептелген өндірістік шығынды едәуір қысқартуды қамтамасыз ететін жаңа өндірістік процестерді енгізу.

Объектінің техникалық жағдайын сақтау мен ұстау мақсатымен жасалатын негізгі құралдарды жөндеу мен пайдалануға жұмсалатын шығындар бастапқы құнды ұлғайтады, олардың пайда болу сәтіндегі ағымдағы шығындар ретінде танылады.
Негізгі құрал жабдықтарды алғаннан кейін шығындарды есептеу тәртібі бастапқы бағалауда ескерілген жағдайларға және кейінгі шығындардың орны толып, өлшеді ме деп мойындауға байланысты.
Қазақстан Республикасының «Салықтар және басқа бюджетке міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 113б. 2 тармағына сәйкес меншікті негізгі құралдарды жөндеуге (күрделі, ағымдағы) арналған нақты іс жүзіндегі сома негізгі құралдардың әрбір тобы бойынша салықтық жылдың соңында топшаның баланс құнының белгіленген проценті шегінде жылдық жиынтық табыстан шегеріледі. Көрсетілген шектен асатын негізгі құралдарға шыққан нақты іс жүзіндегі сома негізгі құралдардың тиісті салықтық топшамасының құндық балансын ұлғайтады. Жылдық жиынтық табыстан шегерілуге тиісті негізгі құралдарды жөндеуге шыққан шығындарды ай сайын есептеу үшін, сондай-ақ топтың құндық балансына қосылуға тиісті соманы анықтау үшін «Салық салу мақсатымен негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есептеу тізімдемесі» қолданылады.
2005 жылдың 1.01 бастап негізгі құралдардың әрбір тобы бойынша негізгі құрал-жабдықтардың нақты іс-жүзіндегі шығындар сомасы салықтық кезең соңында топтың баланстық құнынан мынадай мөлшерде шегеріледі:

Топ №

Топ атауы

Шекті мөлшері №

I

Үйлер, құрылыстар

15

I I

Ғимараттар, құрылыстар

15

I I I

Беріліс қондырғылары

15

IV

Күш машиналары мен жабдықтар

25

V

Жұмыс машиналары мен жабдықтар

25

V I

Басқа да машиналар мен жабықтар

25

V I I

Ұшқыр көлік

25

V I I I

Компьютерлер, сырттағы, шет аймақтағы құрылғылар мен мәліметтерді өңдеу жөніндегі жабдық

20

IX

Басқа топтарға кірмеген кесімді берілген активтер

15

«Салық салу мақсаты үшін негізгі құралдарды жөндеуге шығатын шығындар есебінің тізімдемесі» қолданылады.


Салық салынатын табыстан ұстап қалулар туралы жинақтап қорыту мақсатымен заңды тұлға «Негізгі құралдарды жөндеу мен амортизацияға аударымдар тізімдемесін» жүргізеді.
Негізгі құралдарды жөндеу орындалғаны жөнінде қосылған құн салығы, яғни «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» Кодекстің 235 б. 1т.сәйкес қосылған құн салығы атап көрсетілген шот – фактуралар ұсынылуы бойынша материалдармен жабдықтаушыларға төленуге тиісті салық сомасы да есепке жатқызылуы тиіс.
Егер салық төлеуші басқа есепті кезеңді қолданса, онда жөндеу шығындары есепті кезең соңындағы топшаның құндық балансына белгіленеді.
Республикалық және жергілікті бюджеттерден алынған жәрдем ақша есебінен жасалатын жөндеу шығындары ұстап қалуға жатқызылмайды және топшаның құндық балансын ұлғайтпайды.
Егер кесімді белгіленген активтер есебі салық салу мақсатымен объект бойынша жүргізілсе, топша құндық балансының белгіленген 5 процентінен асатын жөндеу шығындары жөндеуге шығын жұмсалған тиісті негізгі құралдардың құнын өсіруге жатқызылады.
Ұйымдастыру – техникалық белгілері, жөндеу жұмыстарының сипаты, олардың қауырттығы бойынша күрделі және ағымдағы жөндеу көлемін айқындайды. Ағымдағы жөндеу негізгі құралдарды дұрыс және жұмысқа жарамды жағдайда ұстауға арналады, мұндайда тозған детальдардың санаулысы ауыстырылады және жоспар бойынша кезекті жөндеуге, бояуға, қабырғаларды әктеуге және т.б. дейінгі дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету мақсатымен жабдық механизмдерін реттеу жасалады. Ағымдағы жөндеу кестеде алдын -ала қарастырылған мерзімде өткізіледі. Жөндеу жұмыстары негізгі құралдарды пайдаланатын жерде немесе арнайы бөліп берілген жерде жөндеу бригадаларының күшімен атқарылады.
Жөнделетін объектілерді бөлшектеу барлық тозған тораптарды, детальдарды және конструкцияларды қалпына келтіру немесе ауыстыру жасалынатын жөндеу түрлері күрделі жөндеу деп саналады. Жабдықтар мен транспорт құралдары үшін – бұл мерзімділігі бір жылдан асатын, агрегаттарды толығымен бөлшектеу, барлық тозған детальдар мен тетіктерді ауыстыру немесе қалпына келтіру, агрегаттарды құрастыру, реттеу және түзеу жасалатын жөндеу. Автотранспорт құралдары үшін күрделі жөндеу машина маркасына байланысты 20-дан 50 мың км.-ге дейінгі машина жүрісінен соң жүргізіледі. Үйлер мен ғимараттар үшін бұл – тозған конструкциялармен детальдарды алмастыру немесе жөнднлетін объектінің пайдалану мүмкіндіктерін жақсартатын, олардан гөрі берік және тиімділеріне ауыстыру жасайтын жөндеу.
Күрделі жөндеу өткізу үшін негіздеме болып қызмет ететін басқарушы құжат–ақаулар тізімдемесі. Мұнда кестеде көзделген жөндеу мерзімдері, негізгі құралдардың осы объектісі үшін орындалу қажет жұмыс түрлері, ауыстыруға жататын детальдер, тетіктер, жөндеудің сметалық құны көрсетіледі. Ақаулар тізімдемесін жасау күрделі жөндеуді жоспарлауды және негізгі құралдарды жөндеуге беру кезегін белгілеуді жеңілдетеді.
Ақаулар тізімдемесі негізінде күрделі жөндеу бойынша жұмысқа наряд-тапсырыстар жазылады. Бұған жұмыстың техникалық шарттарын, жұмыс сы және т.б. тіркейді. Наряд-тапсырыстың бір данасы жөндеу шеберханасына, екіншісін бухгалтерияға, үшіншісі бас механик бөлімінде қалады. Субъектінің жөндеу цехтарында әрбір жөнделетін объектіге көп сызық жолды карточкалар ашып, оларда жөндеу шығындарын жинақтайды.
Ағымдағы жөндеуге кеткен шығындарды субъект өндіріс шығындарына кіргізіп, оларды меншікті қаражатынан төлейді.
Жөндеу жұмыстары субъектінің өз күшімен, басқа жақтағы ұйымды таратып және аралас әдіс-амалмен жасалуы мүмкін.
Егер жөндеу қосалқы өндіріс жұмысшыларының күшімен, яғни жөндеу цехымен атқарылса, шығындар 8030 «Қосалқы өндіріс» бөлімшесінің шотында жиналады, мұндайда мынадай жазбалар жазылады:



Шаруашылық операциялардың мазмұны

Дебет

Кредит

Сома

1

Негізгі құралдарды жөндеуге материалдар босатылады

8010 «Материалдар»

1310-1350 «Материалдар»

58000

2

Жұмысшыларға еңбекақы есептелді

«Қызметкерлердің еңбегін өтеу»

3430«Қызметкерлермен еңбекті өтеу бойынша есеп айырысулар»

42000

3

Аударымдар (әлеуметтік салық) сомасына

923 «Еңбекті өтеуден аударымдар»

3150 «Әлеуметтік салық»

6328


4

Ай соңында орындалған жөндеу жұмыстарының есебін шығару үшін қосалқы өндірістің барлық шығындары көшіріледі:













а) материалдық шығындар

8030 «Қосалқы өндіріс»

1310 «Материалдар»

58000






ә) еңбекті өтеу бойынша шығындар

8030 «Қосалқы өндіріс»

922 «Қызметкерлердің еңбегін өтеу»

42000





б) ақша аудару

8030 «Қосалқы өндіріс»

923 «Еңбекті өтеуден аударылатын ақша»

6328


5

Кешенді баптар кіретін қосалқы өндіріс шығындарына бір элементті шығыстардан басқасы













а) бір уақытта қосалқы өндіріске жатқызылатын қосымша шығындар сомасына

924 «Қосалқы өндірістің қосымша шығындары»

8040 «Қосымша шығындар»

21000





ә) негізгі өндірістің қосалқыға қызмет көрсетуі

8030 «Қосалқы өндіріс»

8040 «Қосымша шығындар»

21000




б) жөндеуді өткізу үшін меншікті өндірістің жартылай өнімдері пайдаланылады

8030 «Қосалқы өндіріс»

8020 «Меншікті өндірістің жартылай өнімдері»

7000

Жөндеу жұмыстары біткен соң объектілер «Жөнделген, қайта құрылған және жаңғыртып, жетілдірілген объектілерді қабылдау-тапсыру актісі» тапсырыс берушілерге беріледі.
Егер жөндеу жыл бойы бір қалыпты болмай жүргізілсе, онда мұндай біркелкі еместіктің өнімнің өзіндік құнына әсерін шығарып тастау қажет. Шығындарды өндіріс шығындарына біркелкі кіргізу үшін жыл ішінде резерв жасау қажет. Бұл үшін шаруашылық жүргізуші субъект жөндеу қорын құрады және ай сайын шығарылған шығын сомасына қарамастан, өндіріс шығындарына жатқызылатын жылдық жоспарлық шығындардың 1/12 мөлшерінде ақша аударады.



Шаруашылық операциялардың мазмұны

Дебет

Кредит

Сома

1

Жөндеу қорын құрғанда

7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар», 7110 «Тауарларды өткізу бойынша шығындар»

4240 «Басқа да» субшот «Негізгі құралдарды» жөндеуге арналған алдағы шығындық резерві»

70000

2

Орындалған жұмыстың келісім-шарттық құнына мердігердің шоты ұсынылады

4240 «Басқа да» субшот «Негізгі құралдарды» жөндеуге арналған алдағы шығындық резерв»

4110 «Төленуге тиіс шоттар»

53 400

3

Қосылған құн салығы сомасына (16%)

1420 «Өтелетін қосылған құн салығы»

4110 «Төленуге тиіс шоттар»

8010

4

Қосылған құн салығы есебіне жатқызу

3130 «Қосылған құн салығы»

1420 «Өтелетін қосылған құн салығы»

8010

5

Мердігерлерге берешек өтелді

3310 «Төленетін шоттар»

1040 «Ағымдық шоттағы ақша»

61944

6

Егер құрылған резерв іс жүзінде шығарылған шығын сомасынан артса, онда жыл соңында айырмашылыққа түзетпе жасалады

7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар», 7110 «Тауарларды», 8010 «Негізгі құралдарды жөндеу», 2930 «Бітпеген құрылыс»

3440 «Басқа да» қосалқы шот (субшот) негізгі құралдарды жөндеуге арналған алдағы шығындар резерві»

(16600)


7

Егер жөндеу қоры құрылмаса және қозғалмайтын объектілердегі жөндеу цехтарынан тыс шаруашылық тәсілмен жөндеу жүргізілсе, онда:

2930 «Бітпеген құрылыс», 2400 «Негізгі құралдарды жөндеу», 7440 «Жалпы және әкімшілік шығындар», 7110 «Тауарларды өткізу шығындары»

1310-1317 «Материалдар», 3310 «Төленуге тиіс шоттар», 3350 «Қызметкерлермен еңбекті өтеу бойынша есеп айырысулар», 3150 «Әлеуметтік салық»

56000

Жаңғыртып, жетілдіру шығындары құрастырмалы детальдарға, қосалқы бөлшектерге, тетіктерге, құрылғыларға жұмсалатын шығындардан, ақша аударылатын және басқалардан қалыптасады. Олар бухгалтерлік есептің шоттарында негізгі құралдарды жөндеу шығындарына ұқсас көрсетіледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет