Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі


Негізгі құралдарды талдау



бет26/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#84287
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Дип.-Негізгі-құралдардың-есебін-ұйымдастыру-және-оны-талдау

3 Негізгі құралдарды талдау
3.1 Негізгі құралдардың құрамын және қамтамасыз
етілуін талдау
Қоғамда негізгі құралдардың құрылымын, өзгерісін және жағдайын оқып білуге ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, бұлар қоғамның ұзақ мерзімді активінің үлес салмағының көп бөлігін алады.
Негізгі құралдар кез-келген өндірістің маңызды факторының бірі болып табылады. Олардың жағдайы мен тиімді пайдаланылуы қоғамның шаруашылық қызметінің нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
Нарықтық қатынастың құрылуы түрлі тауар өндірушілер арасында бәсекелестікті туғызды. Мұнда қолда бар ресурсты барынша тиімді пайдаланатындары ғана жеңе алады.
Нарықтық экономикаға көшу шарттары еңбек ұжымдарын өндірістің бүкіл материалдық – заттық факторларын, соның ішінде негізгі қорларды тиімді пайдалануды арттыру резервтерін үнемі іздестіруге итермелейді. Бұл резервтерді дәл экономикалық талдау көмегімен анықтауға және пайдалануға болады.
Негізгі қорлар жағдайы мен пайдалануы талдау жұмысының аса маңызды аспектілерінің бірі болып табылады, өйткені дәл солар ғылыми –техникалық прогресті материалдық іске асырушылар, ал ғылыми – техникалық прогрес кез-келген өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы.
Қоғамның негізгі қорларын барынша толық және ұтымды пайдалану оның бүкіл техникалық – экономикалық көрсеткішінің жақсаруына, яғни еңбек өнімділігінің өсуіне, қор қайтарымының артуына, өнім өндірудің ұлғаюына, оның өзіндік құнының төмендеуіне, қаржы салымдарының үнемделуіне ықпал етеді. "САК - комбинат Продоформление" Ашық Акционерлік Қоғамы өндірістік даму дәрежесі негізгі өндірістік қордың ұтымды пайдалануына байланысты. "САК - комбинат Продоформление" ААҚ негізгі қорлардың пайдалануын талдау үшін негізгі қорлардың көлемін, құрылымын, динамикасын және техникалық жағдайын бағалау керек.
Өндірістік қуат негізгі қорлардың құрамының әркелкі болуына тікелей байланысты болады. Қордың бір бөлігі өндірістік процеске тікелей қатысады, өндірілген өнімнің көлеміне тура ықпал етеді. Енді бір бөлігі өндіріс процесіне тікелей қатыспағанымен өндірістің қалыпты барысын қамтамасыз ету үшін қажет болады.
"САК - комбинат Продоформление" Ашық Акционерлік Қоғамы негізгі құралдар өндірістік негізгі құралдар және өндірістік емес негізгі құралдар болып бөлінеді. Міне осы негізгі құралдардың құрамын және құрылымын талдау үшін төмендегі кесте жасалынды.
№ 3.1 кестеден көріп отырғанымыздай "САК - комбинат Продоформление" Ашық Акционерлік Қоғамындағы негізгі қорлар көлемі 2005 жылы 100639,55 мың теңгені, 2006 жылы 90180,82 мың теңгені, ал 2007 жылы 89907,96 мың теңгені құрады. Соңғы жылды 2005 жылмен салыстырғанда 10731,59 мың теңгеге, ал 2006 жылмен салыстырғанда 272,86 мың теңгеге төмендеген. Негізгі құралдардың ең көп үлесін ғимараттар құрайды, ал 2005 жылы 49,49 пайызы, 2006 жылы 5027 пайызды және 2006 жыл 49,91 пайызды құрап отыр. Соңғы жылды 2005 жылмен салыстырғанда 0,42 пайызға жоғарлағанын, ал 2006 жылмен салыстырғанда 0,36 пайызға төмендегенін көреміз. Одан кейінгі орынды басқа да негізгі құралдар алады, олар 2005 жылы 29,92 пайызды, 2006 жылы 31,99 пайызды және 2007 жылы 29,78 пайызды құрады. Бұлар соңғы жылы 2005 жылмен салыстырғанда 0,14 пайызға және 2006 жылмен салыстырғанда 2,21 пайызға төмендеген. Келесі кезекті машиналар мен жабдықтар алады, олар 2005 жылы 16,83 пайызды, 2006 жылы 13,82 пайызды, ал 2007 жылы 14,49 пайызды құрап отыр. Соңғы жылды 2005 жылмен салыстырғанда 2,34 пайызға төмендеген, ал алдыңғы жылмен салыстырғанда керісінше 0,67 пайызға жоғарлағанын көреміз. Ал құрылыстар 2005 жылы 1,47 пайызды, 2006 жылы 1,51 пайызды, ал 2006 жылы 1,466 пайызды құрады. 2007 жылы құрылыстар 2005 жылмен салыстырғанда 0,004 пайызға және 2006 жылмен салыстырғанда 0,04 пайызға төмендеген. Көлік құралдары негізгі құралдардың аз үлесін құрайды, олар 2005 жылы 1,36 пайыз, 2006 жылы 1,52 пайыз және 2007 жылы 3,55 пайыз болды. Соңғы жылды 2005 жылмен салыстырғанда 2,19 пайызға, ал 2006 жылмен салыстырғанда 2,03 пайызға жоғарлағанын байқаймыз. Ең аз үлесін берілістік құрылғылар құрайды, олар 2005 жылы 0,93 пайыз, 2006 жылы 0,89 пайыз және 2007 жылы 0,81 пайыз болды. Салыстыра келе берілістік құрылғылар 2007 жылы 2005 жылға қарағанда 0,12 пайызға және 2006 жылға қарағанда 0,08 пайызға төмендегенін көреміз.
Барлық негізгі құралдардың ішінде өндірістік негізгі құралдар 2005 жылы 69,14 пайызды, 2006 жылы 67,12 пайызды және 2007 жылы 69,41 пайызды құрады. 2007 жылды 2005 жылмен салыстырғанда 0,27 пайызға және 2006 жылмен салыстырғанда 2,29 пайызға жоғарлағанын көреміз, ал өндірістік емес негізгі құралдар керісінше 0,27 пайызға төмендеп отыр. Олар 2005 жылы 30,86 пайызды, 2006 жылы 32,88 пайызды және 2007 жылы 30,59 пайызды құрады.
Өндіріс процесінде негізгі құралдардың рөлі әртүрлі. Олардың бір бөлігі еңбек затына тікелей әсер етеді де, активті болып табылады, ал екінші бөлігі еңбекке қажетті жағдайлар жасайды және пассивті болып табылады.
Өнеркәсіптің көптеген салаларында қордың актив бөлігіне машиналар мен жабдықтарды, транспорт құралдарын жатқызады. Қордың пассив бөлігін ғимараттар мен құрылыстар құрайды. Алдағы есептеулерде негізгі құралдардың актив бөлігіне өндіріс көлемінің өсуіне, еңбек өнімділігінің жоғарлауына және қор қайырымының құны қозғалысын анықтауға әсер ететін машиналар мен жабдықтардың құны жатқызылады.
Қордың актив бөлігінің үлес салмағын арттыру техникалық жарақтанудың өсуіне, қоғамның өндірістік қуатының ұлғаюына, қор қайырымының артуына ықпал етеді. Сонымен бірге, негізгі құралдардың пассив бөлігі де аз роль атқармайды, өйткені еңбекке қалыпты жағдайдың болмауы кадрлардың көп өзгеруіне, еңбектің өнімділігінің төмендеуіне әкеледі. Бұдан басқа, оның өндірістік емес салаларының қызмет аясын кеңейтуге, олардың хал – ауқатын жақсартуға ықпал ететін белгілі үлесі болғаны тиімді, өз кезегінде өндіріс тиімділігінің өсуіне әсер етеді.
"САК - комбинат Продоформление" Ашық Акционерлік Қоғамының негізгі құралдарының қозғалысына талдау жүргіземіз. Бұл талдау № 3.2 кестеде келтірілген.
3.2-кесте
Негізгі қорлардың қозғалысын талдау, мың теңге
(2006 жыл есебімен)





Көрсеткіштер

Жыл
басында

Келіп түскені

Істен шыққаны

Жыл соңында

1

Ғимараттар

45332,10

23585,65

24048,52

44869,23

2

Құрылыстар

1357,22

729,45

768,34

1318,33

3

Берілістік
Құрылғылар

807,09


1768,33


1850,04


925,38


4

Машиналар мен
Жабдықтар

12467,50


5298,13


4738,43


13027,2


5

Көлік құралдары

1372,15

2437,54

615,38

3194,31

6

Басқа да негізгі
құралдар
Барлығы
Оның ішінде:
- өндірістік
- өндірістік емес

28844,76
90180,82


60528,97
29651,85



2284,43
36103,53


32050,77
4052,76



4355,68
36376,39


30170,67
6205,72



26773,51
89907,96


62409,07
27498,89



№ 3.2. кестеден көріп отырғанымыздай 2007 жылдың басында "САК - комбинат Продоформление" Ашық Акционерлік Қоғамында негізгі құралдар көлемі 90180,82 мың теңгені құрады. Осы жыл ішінде 36103,53 мың теңгенің құралдары келіп түсіп, істен шыққан. Жыл соңында негізгі құралдар көлемі 89907,96 мың теңгені құрады. Ғимараттар жыл басында 45332,10 мың теңге болды. 23585,65 мың теңгенің ғимараты алынып, 24048,52 мың теңгенікі істен шықты. 729,45 мың теңгеге жаңа құрылыстар салынып, 768,34 мың теңгенің тозуы есептелді. Берілістік құрылғылар жыл басында 807,09 мың теңге болды. Жыл ішінде 1768,33 мың теңгенің құрылғылары алынып 1850,04 мың теңгенің құрылғылары істен шықты. Жыл соңында 725,38 мың теңгені құрады. Сол сияқты машиналар мен жабдықтар 5298,13 мың теңгеге алынды, 4738,43 мың теңгенің машиналары мен жабдықтары ескіріп, істен шығарылды. Олар жыл басында 12467,50 мың теңгені және жыл соңында 13027,2 мың теңгені құрады. Ал көлік құралдары жыл басында 1372,15 мың теңгені және жыл соңында 3194,31 мың теңгенің көлігі алынып, 615,38 мың теңгенікі істен шықты. Басқа да негізгі құралдар жыл басында 28844,76 мың теңге болды, 2284,43 мың теңгенің құралдары алынып, 4355,68 мың теңгенің құралдары істен шығарылды. Жыл соңындағы қалдық 26773,51 мың теңгені құрады.


Барлық негізгі құралдардың ішінде өндірістік негізгі құрал 32050,77 мың теңгеге алынды және 30170,67 мың теңгеге істен шығарылды, ал өндірістік емес негізгі құралдар 4052,76 мың теңгеге алынды және 6205,72 мың теңгеге істен шығарылды.
Банктер және басқа инвесторлар қоғамның мүлкінің құрамын текскргенде негізгі құралдардың техникалық деңгейіне, өнімділігіне, экономикалық тиімділігіне, физикалық және моральдық жағынан тозуына көп көңіл бөледі. Сонымен қатар, жаңа техника енгізу, жаңа объектілерді іске қосу және негізгі құралдарды жөндеу бойынша жоспардың орындалуы тексеріледі. Жаңа жабдықтың жалпы көлемінің үлесі және әрбір бөліктің үлесі бойынша, сонымен қатар автоматталған жабдықтың үлесі анықталады. Жас құрамы мен моральдық тозуын сипаттау үшін қорлар пайдалану ұзақтығы бойынша топталады ( 5,5-10, 10-20 және 20жылдан жоғары ).
Негізгі құралдар қозғалысының жалпылама бағасын жаңару, істен шығу, өсу және ұдайы өндіріс коэффициенті береді, сонымен қатар негізгі құралдардың техникалық жағдайын бейнелейді.
Жаңару коэффициенті ( Ко ) жыл ішінде келіп түскен негізгі құралдардың құнын ( Фп ) жыл аяғындағы негізгі құралдар құнына ( Фк ) бөлеміз.
Ко = Фп / Фк яғни Ко = 17454 / 175751 = 0,10
Жаңару коэффициентін барлық негізгі құралдар, оның актив бөлігі, өндірістік негізгі құралдардың жеке топтары және жабдықтың негізгі түрлері бойынша мақсатқа сай етіп есептеу керек. Сонымен қатар оларды барлық келіп түскен негізгі құралдар бойынша және қозғалысқа енгізілуі бойынша жеке-жеке есептеуге болады. Соңғы жағдайда бұл коэффициентті енгізу коэффициенті деп атайды ( кв ).
Талдау жүргізу кезінде жаңару коэффициентінің актив бөлігін барлық негізгі құралдармен салыстырып, оның қай бөлігі жаңаруға көп септігін тигізіп отырғанын анықтау керек. Жаңару коэффициентінің актив бөлігінің көп болуы қоғамда жаңару осы актив бөлігінің есебінен болып отырғанын көрсетеді және ол қор қайтарымының көрсеткішіне әсер етеді.
Негізгі құралдардың жаңаруы жаңадан сатып алу немесе қолда бар құралдарды модернизациялау есебінен болуы мүмкін.
Істен шығу коэффициенті (Квыб) – істен щыққан негізгі құралдар құнын (Фвыб) жыл басындағы негізгі құралдардың құнына (Фн) бөлеміз.
Квыб = Фвыб / Фн Осы 2002 жылы істен шыққан негізгі құралдар болған жоқ.
Істен шығу коэффициентін барлық негізгі құралдар, оның актив бөлігі, өндірістік негізгі құралдардың жеке топтары және жабдықтардың негізгі түрлері бойынша мақсатқа сай есептеу керек. Сонымен қатар оларды барлық істен шыққан негізгі құралдар бойынша және жою бойынша жеке-жеке есептеуге болады. Соңғы жағдайда бұл коэффициентті өтімділік коэффициенті (Кликв) деп атайды.
Талдау жүргізу кезінде істен шығу коэффициентінің актив бөлігін барлық негізгі құралдармен салыстырып, оның қай бөлігі істен шығуға көп септігін тигізіп отырғанын анықтау керек. Істен шығу коэффициентінің актив бөлігінің көп болуы қоғамда істен шығу осы актив бөлігінің есебінен болып отырғанын көрсетеді және ол қор қайтарымының көрсеткіштеріне әсер етеді.
Өсу коэффициенті ( Кпр ) – бұл негізгі өндірістік қордың өсу сомасын (Фпр) жыл басындағы негізгі өндірістік қордың құнына (Фн) бөлеміз.
Кпр = Фпр / Фн Кпр = 319507 / 654624 = 0,48
Өсу коэффициентінің салыстырмалы талдау методикасы негізгі құралдардың жаңару және істен шығу коэфициенттерінің талдау методикасына ұқсас.
Талдау жүргізу кезінде негізгі құралдардың жаңару, істен шығу және өсу коэффициенттерін байланыстырып қарау керек. Қосымша мәліметтер алып негізгі құралдардың жаңару жаңа құрылыс немесе ескі жабдықтарды өнімділігі жоғары жаңасына ауыстыру есебінен жүргізіле ме, соны анықтап негізгі құралдарды пайдалану тиімділігі туралы тиісті қорытынды жасалады.
Негізгі құралдардың ұдайы өндіріс коэффициенті капитал салымының негізгі құралдардың енгізілетін құнына қатынасы ретінде анықталады.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайының жалпы көрсеткіші тозу және жарамдылық коэффициенттері болып табылады.
Тозу коэффициенті ( Ки ) – негізгі құралдардың тозу сомасын ( И ) негізгі құралдардың бастапқы құнына ( Ф ) бөлеміз.
Ки = И / Ф Ки = 13120 / 654624 = 0,02
Жарамдылық коэффициенті ( Кг ) – негізгі құралдардың қалдық құнын (Фо) негізгі құралдардың бастапқы құнына ( Ф ) бөлеміз.
К г Фо Ф 1 – Ки 731243 / 654624 = 1,12
Тозу және жарамдылық коэффициенттері кезең басы мен соңына есептеледі. Тозу коэффициенті төмен ( жарамдылық коэффициенті жоғары ) болған сайын негізгі құралдардың техникалық жағдайы жақсы болады.

3.3- кесте


Негізгі қордың жаңару, істен шығу және өсу деңгейін
Талдау, мың теңге (2007 жыл есебімен)






Коэффициенттер

Есептеу

Коэфф. Деңгейі

1

Барлық негізгі қордың жаңаруы
- барлық келіп түскендері бойынша ( Ко )
іске қосылғандары бойынша ( Кв )

32050,77 / 89807,96


32050,77 / 89807,96

0,356
0,356



2

Өндірістік қордың жаңаруы
- барлық келіп түскендер бойынша ( Ко )
- іске қосылғандары бойынша ( Кв )

32050,77 / 89807,96

32050,77 / 89807,96



0,356

0,356


3

Негізгі өндірістік қордың актив бөлігінің жаңаруы
- барлық келіп түскендері бойынша ( Ко )
- іске қосылғандары бойынша ( Кв )

7735,67 / 1621,51


7735,67 / 1621,51



0,477

0,477


4

Барлық негізгі қордың істен шығуы
- барлық істен шыққандары бойынша ( К выб )
- жойылғандары бойынша
( К ликв )

30170,67 / 90180,82


9436,50 / 90180,82



0,335

0,105


5

Негізгі өндірістік қордың істен шығуы
- барлық істен шыққандары бойынша ( К выб )
- жойылғандары бойынша
( Кликв )

30170,67 / 90180,82


9436,50 / 90180,82





0,335

0,105



6

Негізгі өндірістік қордың актив бөлігінің істен шығуы
- барлық істен шыққандары бойынша ( Квыб )
- жойылғандары бойынша
( Кликв )

5353,81 / 13839,65


1280,90 / 13839,65



0,387

0,093



7

Өсуі ( Кпр )
- барлық негізгі қорлар бойынша
- өндірістік негізгі қорлар бойынша
- негізгі өндірістік қордың актив бөлігі бойынша

1880,1 / 90180,82

1880,1 / 90180,82


2381,86 / 13839,65



0,0208

0,0208

0,172


3.3 кестеден көріп отырғанымыздай негізгі қордың жаңару коэффициенті жоғары болып отыр, ол 0,48 пайызды құрайды. Жаңа актиы бөлігі көп септігін тигізіп отыр, ол 0,48 пайызды құрайды. Бұл қоғамдағы жаңару осы актив бөлігінің есебінен болып отырғанын көрсетеді. Жойылған негізгі қордың көпшілігі пассив бөлігінің әсерінен болғанын көрсетті. Негізгі өндірістік қордың өсу коэффициенті 0,11 пайызды, ал оның актив бөлігі 0,42 пайызды құрады. Бұл негізгі өндірістік қордың өсуі актив бөлігінің есебінен болғанын көрсетеді.
3.4-кесте
Негізгі құралдардың тозуын талдау
( 2007 жыл есебімен )






Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жыл басында

Жыл соңында

Ауытқу
( +, - )

1

Негізгі құралдардың
бастапқы құны

мың тг


110029


109986,3


- 42,7


2

Негізгі құралдардың
пайдалану уақытындағы
тозуы

мың тг

19848

26573

+ 6725

3

Негізгі құралдардың
тозу деңгейі


0,1804


0,2416


+ 0,0612


4

Негізгі құралдардың
жарамдық деңгейі


0,8196


0,8174


- 0,0022


3.4.кестеден көріп отырғанымыздай, негізгі құралдардың бастапқы құны жыл басында 417772 мың теңгені құрап отыр. Салыстыра келе 215219 мың теңгеге көбейгенін көреміз. Ал негізгі құралдардың пайдалану уақытындағы тозуы 51641 мың теңгеге жоғарлап отыр. Ол жыл басында 35399 мың теңгені және жыл соңында 87040 мың теңгені құрады. Негізгі құралдардың пайдалану уақытындағы тозуының жоғарлауына байланысты тозу деңгейі де 0,034 пайызға жоғарлап отыр. Жыл басында тозу деңгейі 0,174 пайызды және жыл соңында 0,208 пайызды құрады. Тозу деңгейінің төмен, ал жарамдылық деңгейінің жоғары болуы негізгі құралдардың технологиялық жағдайы жақсы екенін көрсетеді. Бірақ жыл соңына қарай тозу деңгейі жоғарлап, ал жарамдылық деңгейі керісінше төмендеп отыр. Бұл негізгі құралдардың техникалық жағдайының нашарлай бастағанын көрсетіп отыр.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет