Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі


Ұйымның экономикалық саясаты



бет6/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#84287
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Дип.-Негізгі-құралдардың-есебін-ұйымдастыру-және-оны-талдау

1.3 Ұйымның экономикалық саясаты
Экономиканың қай саласында болмасын, әсіресе нақты сектордағы ұйымдарда есеп саясаты әдетте міндетті түрде болады. Яғни ұйымның ең негізгі ақпарат көзі болып табылады. Біз одан ұйымның табыс көзін, қызметін, есебінің жүргізілу әдістерін тағы да басқа әрекеттерімен танысуымызға болады.
“САК - комбинат Продоформление” ААҚ-ың есеп саясаты 14-тараудан тұрады. Онда 1-тарау, ұйымның жалпы сипаттамасы келтірілген. Оны біз дипломдық жұмыстың 1.2. Ұйымның техника-экономикалық сипаттамасы бөлімінде жазып өткенбіз. Яғни онда ұйымның аталуы, тіркелген жері, ашылған және бекітілген уақыты көрсетіледі және де заңды аталуы, қызмет түрі, өндіретін өнім түрі, өнім атаулары жазылған. Сондай-ақ Акционерлік Қоғамның қатысушылары, олардың үлестері, құқықтары мен міндеттері келтірілген.
2-тарау ұйымның есеп саясатының жалпы ережелері жазылады.
3-тарау Қаржылық инвестициялар. Мұнда Акционерлік Қоғамның инвестициялары туралы мәлімет алуға болады. АҚ тиісті заңдылықтарға сәйкес жарғылық капиталға үлестерін акция ретінде салады. Сондай-ақ Акционерлік Қоғам акция, облигация және басқа да құнды қағаздарды алады және табыс табу мақсатында оларды қор биржаларында қайта сатады. Басқа ақша-қаржыларын қоғам депозиттік шоттарда сақтайды.
4-тарау. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау (жұмыстың, қызметтің) және өндірістік шығындар есебі.
АҚ өндірістің цехтық құрылымдарына ие. Әр цехта өндірістік шығындар қойылған номенклатура бойынша негізгі және қосымша өндіріс, жалпы өндірістік шығындар баптары бойынша есептеледі. Өндірістік шығындардың жиынтық есебі №10 журнал-ордерде және машинограммада да жүргізіледі. Бұл құжатта өндірістік шығындар экономикалық элементтері бойынша жазылады. Ал шығығындар және өнім өндіру есебінің аналитикалық есебі өнімнің әр түріне ашылған карточкаларда жүргізіледі. Аяқталмаған өндіріс есебіне әр айдың соңында инвентаризация жүргізіліп отырады. Инвентаризациялау мәліметтері өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтауда да әсерін тигізеді. Жалпы өндірістік шығындар ай сайын өндірістік есеп шоттарында есептеліп, бөліп таратылады. Яғни, Типтік шоттар жоспарының 8-бөлімінде есепке алынады. Яғни 8000 - “Негізгі өндіріс” бөлімше шоттары (8000-8040), 8020 - “Өзіндік өндірістің жартылай фабрикаттары” бөлімше шоттары (8020-8040), 8030 – “Көмекші өндіріс” бөлімше шоттары (8030-8040), 8040 – “Үстеме шығындар” бөлімше шоттары (8040-8040), өнімнің өзіндік құнына енбейтін жалпы өндіріс шығындары ай сайын 7200 – “Жалпы және әкімшілік шығындар” бөлімше шотында есептеледі. Өндірісте болған ақауы бар өнімдер және жөндеуге келмейтін ақаулардың құны 8010 – “Негізгі өндіріс” шотында бөліп есептелінеді. Шығындар есебі барлық өндірісте нормативтік әдіс бойынша есептеледі. Норманың өзгеруі яғни ауытқулар сомасы жедел анықталып отырады.
1 – бөлімде өнімді өндіру және оны сату қарастырылған.
Өндірістегі дайын өнім есебі 1320 – “Дайын өнім” шотында есепке алынады. Онда өнім нақты өзіндік құны бойынша есептеледі. Дайын өнімнің бухгалтериядағы және қоймадағы есебі жедел-бухгалтерлік (сальдолық) әдіспен жүргізіледі. Өнімді жөнелту және сату бойынша коммерциялық шығындар 7100 – “Тауарды (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар” – шотында есепке алынады. Және де бұл кезең шығындары есепті кезеңнің соңында 5410 – “Жиынтық табыс” шотымен есептен шығарылады. Негізгі құралдарды сату және есептен шығару сондай-ақ материалдық емес активтерді сату және есептен шығару 7410 – “Материалдық емес активтерді сату бойынша шығындар”, 7420 – “Негізгі құралдарды сату бойынша шығындар” шоттарында есепке алынады. Тауарлар есебі 1330 –“Тауарлар” шотында кіріс етілген құны бойынша есептеледі. Дайын өнімді, тауарларды сату қолма-қол немесе қолма-қолсыз есеп айырысу жолымен жүргізіледі. Кейбір жағдайларда бартерлік жолмен жүргізіледі.
6-тарауда негізгі құралдар мен материалдыќ емес активтердің есеп саясаты ашып көрсетілген. Онда негізгі құралдардың есебі олардың инвентарлық жазбаларында есептеліп, инвентарлық тізім жасалынады. Кәсіпорын негізгі құралдардың қозғалысы үшін алғашқы типтік құжат жүргізеді. Негізгі құралдардың инвентаризациялау жылына 1 рет (1 желтоқсан), ал қозғалмайтын мүлік үшін 3 жылда – 1 рет жүргізіледі. Бухгалтерияда негізгі құралдар бастапқы құнымен инвентарлық карточкаларда жүргізіледі. Амортизацияны есептеу қойылған нормаларға байланысты есептелінеді. Амортизациялық есептеудің жедел әдісттері қолданылмайды. АҚ салық заңдылығына сәйкес негізгі құралдардың салық есебін жүргізеді және технологияның құрал-жабдықтармен негізгі құралдарды жөндеуді бөледі. МЕА сатып алу құнымен бағаланса, интеллектуалды меншік, егер кәсіпорынның өзінде тәжірибелі түрде пайда болса, онда тәуелсіз аудитордың қорытындысымен бағаланады. МЕА-дің амортизациясы олардың нормативті мерзіміне байланысты есептелінеді.
7- тарау. Ақша-қаражат салымдарының есеп саясаты.
ҒТП-ң жаңа құралдарын алу үшін, АҚ ұзақ мерзімде несиелер мен қаржылық инвестицияларды тартуды көздеп отыр. Инвестициялар есебі Типтік шоттар кестесінің 3000 – “Несиелер” деп аталатын бөлімше шотында есептелінеді.
8-тарау. тауарлы-материалдық құндылықтардың есеп саясаты жазылған. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі қоймаларда карточкалармен (№М-17) және машинограммаларда жүргізіледі. Бухгалтериядағы есеп жедел есепті бухгалтерлік әдіс қолданады (сальдолық). (Сандық есепті бухгалтерия жүргізбейді.)
Тауарлы-материалдық құныдылықтар келесідей ретпен бағаланады:

  • құрылуға құрылғылар - әр бірлігінің құнымен;

  • материалдар мен шикізаттар – орташа өзіндік құнымен;

  • сатып алынған жартылай фабрикаттар – алғашқы сатып алынған өзіндік құнымен (ФИФО әдісі);

  • мұнай өнімдері мен тығыз-отын – соңғы сатып алынған өзіндік құнымен (ЛИФО әдісі);

  • тауарлы-материалдық құндылықтардың барлық түрінің есебінде де типтік құжаттар қолданылады.

Өндіріске жіберу қатаң нормаланады: есептен шығару тікелей өндіріс шығындарына бағытталады. Тауарлы-материалдық құндылықтарды инвентарлау мен қайта бағалау қойылған реттен жүргізіледі.
9- тарау. Ақша қаражатының есеп саясаты.
АҚ өзіне қызмет ететін банкте есеп айырысу, валюталық және басқадай шоттарға ие болады. 1010 –“Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” -шотында кәсіпорынның ақша қаражатының қозғалысы есептеледі.
1020 –“Ұлттық валюта түріндегі ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ақшалар”- шотында есеп жүргізеді.
10- тарау. Есептеудің есеп саясаты.
АҚ өз қызметінде есепті жүргізуді жалпыға бірдей қатаң белгіленген нормативті актілерге жалпымемлекеттік есеп саясатына сүйенеді. АҚ өзінің барлық бюджеттік және бюджеттік емес есептеулерін 63 – бюджетпен есеп айырысу шотында жүргізіледі.
11-тарау. Қаржылық нәтижелерді талдау пайданы, қорларды, заимдардың есеп саясаты.
Алынған табысты белгілі бағыттарға байланысты ораналастыруға акционерлердің жалпы жиналысы шешеді. Арнайы қорлардың қаражаттарын шығындау, сол ұйымның т±жырымдалѓан жүйесімен сәйкес жүзеге асырылады. Мұндағы ең маңызды, басыңқы бағыт – табысты салымдарға салу және өндірісті дамыту. Банктен кредит алу мен заимдар алу тек қана АҚ-ң кеңесімен жүзеге асырылады. Мақсатты қаржыландыру көздері алынбайды.
12 –тарау. Салық салу мен салық есебінің есеп саясатын жүргізу.
АҚ өз қызметінің барысында қаржылық және өндірістік есептің Қазаќстан Республкасыныњ Салық Кодексінде берілген талаптарға сай келуі керек. АҚ табыстар мен шығындардың барлық түрлеріне салық жүйесінің есеп регистрлеріне сүйене отырып ұйымдастырады. АҚ бухгалтерлік есеп пен салық есебінде есептеу әдісін қолданады.
13- тарау. Есепті жалпы ұйымдастыру, есепші қызметкерлердің мамандығын жоғарылату мен дайындаудың есеп саясаты.
Өз бухгалтерлік есебінде АҚ Қазаќстан Республикасыныњ мемлекеттік комитетінің жасаған типтік мамандырылған және типтік жекеленген құжаттарды қолданады. Кәсіпорындардағы есеп жүргізу – компьютерленген. Көптеген машинограммалар журнал-ордер принципімен жасалған. АҚ тауарлы-материалдық құндылықтарды есептейтін жедел-бухгалтерлік әдісті қолданады. Өндіріске кететін шығындар есебі нормативті әдіске сәйкес жүргізіледі. Бухгалтер-ма-мандардың квалифи-кациясын көтеру 3 жылда – 1 рет өтеді, немесе өндірістік қажеттілік туса, не болмаса қысқа мерзімді семинарларды ұйымдастыру арқылы болады.
14- тарау. Ішкі және сыртқы бақылауды қамтамасыз ету есеп саясаты.
Өтіп жатқан шаруашылық операцияларға алдын-ала жүргізілетін ішкі бақылау – бас бухгалтермен бухгалтерия аппаратына беріледі. Келесі ішкі бақылауды ревизиялық комиссия жүргізеді, ал Бақылау Кеңесімен тығыз байланыста болады. Сыртқы аудит “К-AUDIT” ЖШС аудиторлық қызмет көрсетуші компаниямен келісім-шарт арқылы жүзеге асырылады. Аудиторлар 7 жылдай АҚ-ң ревизиялық комиссиясымен жұмыс істейді. Ішкі және сыртқы бақылауды жүргізу жоспары осы АҚ-ң тұжырымдамасымен болады. АҚ-ң есеп саясаты 4 данадан тұрады, олардың әрқайсысы бір-біріне тең. Бірінші дана – аудандық салық инспекциясы үшін;
Екінші дана – кәсіпорынға қызмет етуші үшін; Үшінші дана – “Financial Management Group” ЖШС құрылтайшысы үшін; Төртінші дана - “САК” АҚ – “Продоформление” комбинаты үшін. Кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты - өз жұмысындары қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетудің күрделі жолы, бүран қосылатын, тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе емес. Кәсіпорын егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, алдына қойран мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негзгі міндеттеріне жататындар:
- жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сүраныстарына сай қызмет көрсету;
- өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану;
- кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
- ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
- өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;
- кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
- баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру.
Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары межелеген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына жетуге бағытталғаны жөн. Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жарынан - өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуте тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретінде көзқарасты қарайды. Кәсіпорын экономикасы микро және макроэкономикамен тығыз байланысты. Микроэкономика бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекелеген экономикалық құбылыстарды қамтитын экономикалық ғылымның бір бөлігі. Осы салалардағы тауарлар және қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды, тағы басқаларды қамтиды. Ал макроэкономика әр елдің ұлттық экономикасы.
Акционерлік қоғамның қызметінің мақсаты пайда тауып оны Акционерлердің мүддесіде, өндірісті дамытута, кәсіпорын коллетивінің және қоғамға қарайтын ұйымдардың әлеуметтік жагдайын жақсартута пайдалану. Қоғам этикеткалық орамдық, кітаптық, газеттік-журналдық, бланкілік, жарнамалық және өзге де полиграфиялық өнім өндіріп өткізумен, көтерме және жеке саудамен, кәсіпорындарга, ұйымдарға, жеке тұлаларға қызмет көрсетумен және Қазақстан Республикасының заңдарымен тиім салынбаған қызмет түрімен айналысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет