Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі


Халықаралық стандарттарға сәйкес негізгі құралдарды



бет8/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#84287
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
Дип.-Негізгі-құралдардың-есебін-ұйымдастыру-және-оны-талдау

2.2 Халықаралық стандарттарға сәйкес негізгі құралдарды
жіктеу және бағалау

Есеп саясатының бұл бөлімінде шаруашылық субъектісін материалдық активтерді негізгі құралдарға апаруға критерилерін анықтап алу керек. Негізгі құралдардың есебі, бухгалтерлік есептің маңызды да күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады және ол халықаралық қаржылық есептіліктің 16 «Негізгі құралдар» стандартымен реттеледі. 16 ХҚЕС қолданылатын келесідей негізгі құралдар өндірістік қызметте қолданылса да 16 ХҚЕС бойынша есебі жүргізілмейді: орманды жерлер және басқа табиғатты пайдалануды қалпына келтіруші басқа да объектілері, минералды қазбалар мен басқа да осыған ұқсас орны толтырылмайтын табиғи ресурстар, оларды іздеу және өндіру (16 ХҚЕС 2.б).


16 «Негізгі құралдар» ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдарға, бір мерзімнен артық уақыт ішінде компания өндіріс немесе тауарлармен қызметтерді жеткізу үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсатта қолданатын активтер жатады. Ол үшін активтерді негізгі құрал ретінде бухгалтердің тануы жеткіліксіз.
Негізгі құрал тану дегеніміз, оларды бухгалтерлік баланс қосу үшін есепке қабылдауды білдіреді.
Негізгі құралдардың объект актив ретінде тану бір мезгілде екі шартты орындауды білдіреді (16 ХҚЕС 7.б).
Неізгі құралдар – материалдық активтер олар:
А) компания немесе тауарлы – материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;
Ә) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:
А) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;
Ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны. Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу болжанатын кезең.
Негізгі құралдардың объектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда алады деп сендіруге болатын болса:
А) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп сендіруге болатын болса;
Ә) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.
Негізгі құралдар дегеніміз – ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс - әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
2-ҰҚЕС-ның 16 - «Негізгі құралдар» бөлімінде негізгі құралдарға келесідей анықтама беріледі:
«Негізгі құралдар – бұл:

  1. өндірісте қолдануға немесе әкімшілік мақсаттар үшін немесе басқа тұлғаларға жалға өткізу үшін тауарларды және қызмет көрсетулерді жеткізуге арналған;

  2. күтілетіндей, бір жылдан артық қолданылатын материалдық активтер».

Ұсынылған анықтамалардан үш негізгі белгі айырықшаланады:

  1. материалдық нысанының болуы;

  2. кәсіпорынның қалыпты қызмет процесінде мақсатты сипатының қолданылуы (сату үшін арналмаған);

  3. қолданылуының ұзақ мерзімі (кем дегенде бір айналымнан артық).

2-ҰҚЕС - ның 1 - параграфы 3 – тармағы 1 – тармақшасына сәйкес актив – бұл өткен оқиғалар нәтижесінде болашақ пайда алу күтілетін ұйымдармен немесе жеке кәсіпкерлермен бақыланатын ресурс.
Осылайша, ұлттық стандарттар принциптеріне сәйкес кәсіпорын активтермен байланысты болашақ экономикалық пайда алатынын жоғары деңгейдегі ықтималдылығын бекітуге болатын жағдайда негізгі құралдардың объектісі актив ретінде танылады.
Халықаралық стандарттарға ұқсастық бойынша, болашақ экономикалық пайда алу ұйымның:

  1. активке байланысты игілік алатынына;

  2. өз мойнына сәйкесінше тәуекелдерді алатынына қатысты анықтылығын білдіреді.

Егер актив экономикалық пайда әкелмейтін болса, онда оны сатып алуға кеткен шығындар есепті кезең шығыстарына есептен шығарылады.
Халықаралық стандарттарда және 2-ҰҚЕС – нда активті қолданудан болашақ экономикалық пайда алу міндеттеленеді, сондықтан 6 – «Негізгі құралдардың есебі» ҚБЕС бойынша негізгі құралдар объектілерін тану принциптері бойынша негізгі айырмашылық болып осы жағдай табылады.
Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 6 «Негізгі құралдар есебі» БЕС мен 16 «Негізгі құралдар» ҚЕБХС – на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:

  • Бастапқы құн немесе өзіндік құнмен – активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай қаражаттың немесе оның баламасының сомасы;

  • Ағымдағы құнмен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға бойынша негізгі қаражаттық құны;

  • Өткізу құнымен (әділ бағаның) – мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома;

  • Жойылу құны – шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;

  • Амортизациялық құнмен – жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;

  • Баланстық құнмен – жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома. Баға түсуден болатын залал – активтің баланстық құны оның орнын толтыратын құннан артқан сома.

Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жүргізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың 2- ҰҚЕС-ның 16 - «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті баланстық шоты бойынша тікелей бастапқы құнын арттырады және қатар бір мезгілде 5320 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болатын қосымша төленбеген капитал» 54 бөлікшенің баланстық шоты бойынша көрсетілді.
Осы қатынас хатқа сәйкес, жазу мерзімі аса көп емес, сондай – ақ едәуір тозу дәрежесі бар негізгі құрал объектілерінің бастапқы индекстерін белгілегенде негізгі құралдардың қызмет ету мерзіміне байланысты индексті көшендету әдістемесі қолданылады. Бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша тозу дәрежесі бар негізгі құрылғылардың құнын ұлғайтушы алынған бастапқы индекстері 1 графасынан 30% - кем, 31-50% тозу дәрежесі 2 графадан, 51- ден 64% - іне дейінгі тозу дәрежесі 3 графадан, 65- тен 79% - ке дейінгі тозу дәрежесі – 4 графадан, 80- нен жоғары тозу дәрежесі 5 графадан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет