Сібір хандығы жергілікті көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы түрік және т.б. тайлардың бірігуінен құрылған. Оның құрамына және дағы жартылай тәуелсіз князьдар, мырзалар, бектер, билер тархандар мен оғландардың иелігі кірген. Бұл иеліктер енді жоғарғы билікке бағынатын болды. Хандық тұрғындары екі топқа бөлінген. Өз князьдары мен ханға жасақ төлейтін қара халық пен феодалдық тархандар тобынан құралған. Бұл тархандар тобы мырзалар, бектер және оғландардан тұрды. Негізінен хандықтың мемлекеттік құрылымы Көшпелі Өзбектер мемлекеті мен Ноғай ордасының құрылысымен ұқсас келетін. Көшім ханның билігінің гүлденген кезінде оған Қазан хандығы, Астрахан хандығы, Ноғай Ордасы , Қазақ хандығы, Бұқара, Үргеніш, Түркістан және де Ташкент пен Саураннан мырзалар келіп Көшімге қызмет атқарған
Олардың көбісі өзінің ұлыстары мен адамдарын бірге ертіп алатын және хан оларға жер үлестіріп беретін. Хан олардың ішкі істеріне көп араласпай, басқаруды түгелдей соларға тапсырған. Осылайша біртіндеп Көшімнің айналасында феодалдық қауым –бектер, мырзалар, тархандар, князьдар, оғландар, жасауылдар шоғырласып, оның билігінің негізгі әлеуметтік тірегі болып қалыптасты. Мемлекеттегі екінші адам –бас уәзір Қараша болды. Ол хандықтың аса маңызды сұрақтары мен мәселелерді шешкен және аса бай адам болды. Оның қарамағында Искер қаласының маңындағы ең үлкен және ең мықты ұлыс болды. Алайда, Ермакпен соғыс қимылдары кезінде Қараша уәзірдің жасаған опасыздығы ханның ел арасындағы беделін қатты түсіріп, мемлекеттің күйреуіне әкеліп соқтырды. Қоғамдық құрылыстың негіз –туыстық қатынас негізінде қалыптасқан. Халықтың басым көпшілігі ауыл-ауыл болып өмір сүрді, яғни үлкен отбасылармен. Бұл отбасылар ұлыстарға бөлінген және олардың жасауыл бекіткен өз князьдары болатын. Селькуптар, остяктар мен вогулдарға бағынышты жерлердің тұрғындары жүздіктерге бөлінген, мұнда жүздік ең басты әкімшілік бірлік болып саналған. Елді мекендерде сонымен қоса жасақ жинауға міндетті ондықтар тағайындалаған, бұл ондықтардың тағы бір қызметі ханға керек кезде жауынгерлерді жасақтап жіберу кіретін. Сібір қазақтарының қоғамында құл иеленушілік те болды. Құлдар негізінен тұтқынға түскен адамдар болатын, олар үй шаруашылығына жұмсалған.