Негізгі сұрақтар



бет1/5
Дата27.10.2023
өлшемі19,8 Kb.
#188670
  1   2   3   4   5
Байланысты:
СОӨЖ 2

Негізгі сұрақтар:

)Сібір хандығы ХV ғасырда Батыс Сібірде ірге тіккен феодалдық мемлекет. Алтын Орданың құлдырауынан және одан Шайбани ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған хандық.

)Сібір хандығы ХV ғасырда Батыс Сібірде ірге тіккен феодалдық мемлекет. Алтын Орданың құлдырауынан және одан Шайбани ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған хандық.

Шайбани өулетінен шыққан Бұқар ханы Мұртазаның баласы Көшім 1563 жылы тайбұғалықтардан тақты тартып алып, Батыс Сібірдің ханы атанады. Алайда Көшім өз билігін бірден орната алмады, ол өзінің үстемдігін 7 жыл бойы жергілікті ақсүйектермен, сұлтандармен, мырзалармен қанды шайқас жүргізіп қана өз билігін мойындатқан . Көшім билігінің хандықта түпкілікті орнауына әскери күш пен Көшімнің беделді шығу тегі негіз болды. Көшім атабабалары Шайбани әулетінің бұл жерлерді ежелден бері иеленіп, ал тайбұғалықтар Шайбандықтарға бағынышты болғаны көшпенділер мен сібір халықтарын кейіннен ғана тыныштандырған. Тек 1570-1571 жылдар аралығында ғана Көшім бұрынғы Шайбан ұлысының түгел аумағын, сонымен қоса Шайбандықтардың Тобыл өзені бойындағы Түмен хандығын, Ертіс бойындағы тайбұғалықтарды және Есілдің Ертіске құяр сағасында орналасқан кішігірім Сары-Қасқа ханның хандығын біріктіріп, бір орталық –Искер қаласына бағындырып, орталықтанған мемлекет құрады. Бұл кезден бастап хандық Орал маңы, Батыс Сібір, Солтүстік Қазақстан алып жатқан аумағы бүтіндей Францияны сыйдырып алатын ұлан-ғайыр аумақты иеленді. Орал таулары Мәскеу русі мен Сібір хандығының аралығындағы табиғи шекара болып саналатын. Көшім құрған хандық аумағы үлкен үшбұрышқа ұқсас келетін. Оның бір бұрышы Тобылда, келесі бұрышы Ертісте, ал басы Обь өзінің төменгі ағысында орналасқан. Батысында Сібір хандығы шекарасы Ор өзенінің Жайыққа құяр сағасын арқылы өтетін Уфа маңы Ноғай Ордасымен, Оралда Қазан хандығымен, солтүстікбатысында Перьммен шектескен. Ал бұл мемлекеттің солтүстігі Обь өзеніне дейін, оңтүстігінде Тобыл және Есіл өзендерінің жоғарғы ағысы мен Қазақ хандығын солтүстігімен шектескен. Осылайша Көшім құрған сібір хандығы ұлаңғайыр аумақты алып жатқан феодалдық мемлекет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет