Қазақ хандарының Қазақ хандығын құру мен нығайтудағы рөлі



бет1/6
Дата15.12.2021
өлшемі64,46 Kb.
#100795
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ хандарының Қазақ хандығын құру мен нығайтудағы рөлі
хаттама

Тақырып 3.3.2 Қазақ хандарының Қазақ хандығын құру мен нығайтудағы рөлі

Бұрындық хан (1480-1511 жж.). Керей ханның ұлы Бұрындық хан өз аумағын кеңейту үшін көп күш жұмсады. Оған Әбілхайыр ханның ұрпағы Мұхаммед Шайбани ханмен күресуге тура келді. 1495 жылы Бұрындық хан Орталық Қазақстанға билігін орнатты. Ол билік еткен соңғы жылдары Қазақ хандығының шегаралары Жайық өзеніне дейін жетті. ХV ғасырдың соңында Моғолстанның ыдырауы және Жетісу қазақтарының Бұрындық ханның билігін мойындауы қазақ тайпаларының бір мемлекетке бірігуіне ықпал етті.

Назар аударыңдар! Бұрындық хан қазақ хандарының билігін болашақ Кіші және Ұлы жүз жерлеріне таратты.

Көшпелі өзбектердің Дешті Қыпшақтан кетуі және Шайбанилер мемлекетінің құрылуы. Орда Ежен ұрпақтары шайбанилердің Шығыс Дешті Қыпшақта билік жүргізуіне мүмкіндік бермейтінін көріп ХVІ ғасырдың басында Мұхаммед Шайбани хан өзінің қол астындағы тайпаларды Мәуереннахрға алып кетті. Олар өздерімен бірге «өзбек» этнонимін ала кетті. Бұл ұғым бұдан былай қазақтарға қатысты қолданылмайтын болды. Дарынды қолбасшы Шайбани хан Мәуереннахрды жаулап алып, оны Темір мен Шағатай ұрпақтарының соңғы өкілдерімен (олардың ішінде Захир ад-Дин Мұхаммед Бабыр да бар), сондай-ақ Иран сефевилерімен болған күресте қорғап қалды. Мәуереннахрда Шайбани әулеті басқарған жаңа мемлекет пайда болды. Шайбанилердің астанасы Бұхара болды, сондықтан бұл мемлекетті Бұхара хандығы деп атады. Мәуереннахрға келген далалық тайпалар отырықшылыққа көше бастады және құрылып келе жатқан өзбек этносының құрамына енді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет