Қазақ хандарының Қазақ хандығын құру мен нығайтудағы рөлі


Қасым хан (1511-1518 жж. немесе 1523 ж.)



бет2/6
Дата15.12.2021
өлшемі64,46 Kb.
#100795
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ хандарының Қазақ хандығын құру мен нығайтудағы рөлі

Қасым хан (1511-1518 жж. немесе 1523 ж.). ХVІ ғасырдың бас кезінде қазақ-өзбек соғыстары тұтанды. Табыстарына қанаттанған Шайбани хан шайбанилердің Ұлы Далаға уақытша жүргізген билігін қайтаруды армандады. Шайбани ханмен болған шайқастарда Жәнібек ханның ұлы Қасым сұлтан көзге түсті. Әбден қартайған Бұрындық хан аға хан болып есептелсе де, Қасым сұлтан үлкен беделге ие болды. Ақсүйектер сұлтанды қолдады, өйткені ол мықты қолбасшы ретінде танылған еді.

Назар аударыңдар! Қасым хан Сырдария бойындағы қалаларда билігін орнатты. Бұл қазақтардың оңтүстіктегі этникалық аумағын қалыптастыруына әкелді.

1509-1510 жылдары, қыста Шайбани хан Қасым ханның қоныстарына жорық жасады, тіпті оның Ұлытаудағы ордасын тонады. Бірақ Қасым хан әскер жинап, өзбектерді талқандады. 1510 жылы Шайбани ханның сефевилермен соғыста қаза болуына байланысты Мәуереннахрдың әлсіреуі Қасым ханға Сырдария бойындағы қалаларды, оның ішінде оңтүстіктегі ең шеткі Сайрамды қоса қайтаруына мүмкіндік берді.

1511 жылы Шайбани ханды жеңгеннен кейін Қасым сұлтан ақ киізбен көтеріліп, бүкіл қазақтың ханы болып танылды. Бұрындық хан Ұлы Даладан кетті. Ол Самарқандта қайтыс болды. Қасым хан Дешті Қыпшақтың толыққанды билеушісіне айналды.

Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының күшеюі шайбани сұлтандарының тағы да бір тобын өз қол астындағы тайпаларымен Дешті Қыпшақтан кетуіне мәжбүр етті. Шайбанилер Елбарыс пен Белбарыс Хорезмді басып алып, сол жерде Хиуа хандығын құрады. Осылайша Орта Азияда шайбанилер басқарған екі жаңа мемлекет құрылды. Олар Хорезмде ХVІІІ ғасырдың ортасына дейін билік жүргізді.

1519-1520 жылдардағы әскери жорықтар кезінде Қасым хан ноғайларды бірнеше рет жеңіліске ұшыратып, Қазақ хандығын Еділ жағалауларына дейін кеңейтті. Ноғай-башқұрт ұлыстарының бір бөлігі хандықтың құрамына кірді. Енді бір миллионнан астам көшпелілер

Қасым ханды мойындады. Мемлекетті нығайту мақсатында Қасым хан «Қасым ханның қасқа жолы» атты белгілі заңдар жинағын қабылдады.

Назар аударыңдар! Қасым хан билігінің нәтижесінде қазақ халқы өз этникалық аумағы шеңберінде топтасты. Қасым ханның кезінде Қазақ хандығы толықтай тәуелсіз және егемен мемлекет болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет