Қазақ хандарының Қазақ хандығын құру мен нығайтудағы рөлі


Хақназар хан билігі кезіндегі Қазақ хандығының қайта өрлеуі (1538-1580 жж.)



бет4/6
Дата15.12.2021
өлшемі64,46 Kb.
#100795
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ хандарының Қазақ хандығын құру мен нығайтудағы рөлі
хаттама
Хақназар хан билігі кезіндегі Қазақ хандығының қайта өрлеуі (1538-1580 жж.). 1550 жылдардың басында, Қасым ханның ұлы Хақназар ханның кезінде Қазақ хандығы қайта өрлей бастады. Аласапыран жылдары Хақназар билік үшін күреске қатысуға тым жас болған еді. Ол өз ұлысында, батыстағы ноғайлардың қамқорлығында болды. 1549 жылы ол түрікмендермен болған шайқаста көзге түсті. 1555 жылы моғолдардың қазақтар мен қырғыздардың қыстауларына жасаған шапқыншылығын тойтара отырып, моғол ханының баласын жеңді. Баласы үшін кек алу мақсатында моғол ханы Хақназарға таңдаулы әскерін жіберіп, оны жеңіліске ұшыратты. Бірақ Хақназар өз күшін жылдам қалпына келтірді.

Хақназар ханның билік жүргізуі отыз жылдан астам уақытқа созылды. Бұл уақытта мемлекет өмірінде өрлеу байқалды. Ол ұлыстық жүйені жүздік жүйемен алмастырды. Хақназарға белгілі бір уақытқа батыс жерлерін қайтарудың, Сібір хандығының есебінен солтүстіктегі өз иеліктерін кеңейтудің, 1579 жылы Мәуереннахрдың билеушісімен одақтық шарт жасасудың сәті түсті. Хақназардың кезінде Қазан (1552 ж.) және Астрахань (1556 ж.) хандықтарын талқандағаннан кейін, Сібірді бағындыруға бағытталған Орыс патшалығымен сауда қатынастарын орнату жүзеге асырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет