Қазақ хандарының Қазақ хандығын құру мен нығайтудағы рөлі


Есім хан (1598-1628 жж.) және Тұрсын хан (1613-1628 жж.) кезіндегі Қазақ хандығы



бет6/6
Дата15.12.2021
өлшемі64,46 Kb.
#100795
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ хандарының Қазақ хандығын құру мен нығайтудағы рөлі
хаттама
Есім хан (1598-1628 жж.) және Тұрсын хан (1613-1628 жж.) кезіндегі Қазақ хандығы. Шайбанилерден (1500-1598 жж.) кейін Мәуереннахрда бір жарым ғасырдан астам уақыт бойы Аштархан ұрпақтары билік жүргізді. Қазақ хандары олармен Ташкент және Сырдария бойындағы қалалар үшін тартысты.

Тәуекелдің өлімі қарсаңында қазақ сұлтандарының арасында бірнеше бәсекелес топ болды. Бұл Қазақ хандығының бөлінуіне әкеп соқты. 1598 жылы Есім сұлтан хан атағын ресми түрде мұрагерлікке алды. Ол өз астанасы етіп Түркістанды таңдады. Есім хан көптеген жыл бойы билік үшін Тұрсын сұлтанмен күрес жүргізді. 1613 жылы Аштархани Имамкули хан Тұрсын сұлтанды Есім хан қазақтардың жоғарғы ханы және Ташкент билеушісі деп жариялады. Тұрсын хан (Тұрсын Мұхаммед хан) өз ақшасын соғып, негізгі салықтарды өз пайдасына ала бастады, яғни Бұхара ханының вассалы болудан қалды. Оның билігі Сырдария бойындағы бірқатар қала мен ферғаналық Әндіжанға таралды. Ол Қазан және Сібірмен сауда байланыстарын орнатты. Есім хан өзінің қол астындағы тайпалармен Жетісудың оңтүстігіне қарай кетті.

1620-1622 жылдары Имамкули хан мен Тұрсын ханның арасында соғыс тұтанды.

Тұрсын хан 100 мыңдай жауынгер жинады, олардың бестен бір бөлігін қырғыз тайпаларының билеушілері шығарды. Шайқастың шешуші сәтінде Имамкули хан шегініп, Қазақ хандығының егемендігін мойындады.

Қазақ хандығының бөлінуі осы аралықта тереңдей түсті. Есім ханның ойраттарға қарсы жорығын пайдаланып, Тұрсын хан оның ордасын қиратып, ханның отбасын тұтқынға алды. Сайрамның айналасында екі қазақ ханының әскері арасында шайқас өтіп, Тұрсын хан жеңіліске ұшырады. Кейін Есім хан Ташкент пен Түркістанды басқару құқығын иеленді. Есім хан өлімінің дәл уақыты белгісіз. Ол Түркістанға жерленген. Есім хан Қазақ хандығының бөліну кезеңінде де орасан беделді сақтап қалған, ержүрек жауынгер және дана билеуші ретінде есте қалды. Ол «Есім ханның ескі жолы» деген атау алған заңдар жинағын бекіткен.

Қорытынды. ХV ғасырдың соңы мен ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығы Ұлы Дала мен Орталық Азиядағы өте күрделі әскери-саяси жағдайдан аман шықты. Сыртқы басқыншылық пен билік үшін ішкі күреске қарамастан, қазақ мемлекеттілігі сақталды. Алғашқы қазақ хандарының есімдері тарихи дереккөздерде және халықтың тарихи жадында сақталды. Билеушілердің күш-жігер жұмсауының арқасында қазақтардың этникалық аумағы кеңейді және әртекті әскери-саяси қатерден кейін қалпына келтірілді. Осының арқасында қазақтар өз этникалық аумағы шегінде өздері үшін қолайлы көш жолдары бойынша көшіп-қону мүмкіндігін алды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет