Қазақ хандарының Қазақ хандығын құру мен нығайтудағы рөлі


Тәуекел хан (1583 жылдан кейін)



бет5/6
Дата15.12.2021
өлшемі64,46 Kb.
#100795
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ хандарының Қазақ хандығын құру мен нығайтудағы рөлі
хаттама
Тәуекел хан (1583 жылдан кейін). Хақназардан кейін Бұхара ханы қолдауымен Шығай (1580-1582 жж.) хан болды. Оның билігін Тәуекел мұрагерлікке алды. Оның кезінде біраз уақыт Бұхараға вассалдық тәуелділік сақталды. Бірақ 1583 жылдың бас кезінде Тәуекел хан Дешті Қышпаққа кетіп, дербес билік жүргізе бастады.

Далаға келген Тәуекел хан қазақ сұлтандарын біріктірді және Бұхара ханымен Ташкент пен Сырдария бойындағы қалалар үшін күресті бастады. 1598-1599 жылдары Бұхара хандығында саяси дағдарыс басталған кезде, Тәуекел хан Сырдария бойындағы қалалар, Ташкент, Ферғана мен Самарқандты алды және Бұхараға қарай жылжыды. Бұл жерде ол жеңіліске ұшырады және ауыр жараланды. Қазақ және Бұхара хандықтарының арасында бітім жасалды. Қазақ хандығы Ташкентті, сондай-ақ Сырдария бойындағы қалаларды өзінде сақтап қалды. Бұл облыстардың Қазақ хандығының құрамына енуінің үлкен тарихи маңызы болды. Қазақ мемлекеттілігі нығайып, қазақтардың билігі Ташкент, Түркістан мен Әндіжанға таралды.

Сол тұста Қазақ хандығының солтүстік пен солтүстік-батыстағы жағдайлары күрт әлсіреді. ХVІ ғасырдың соңында Сарысудан солтүстікке және Аралдан солтүстік-шығысқа қарай қазақ далаларын ноғайлар басып алды. Бұған қоса, орыстар келгеннен кейін қазақтарды Далаға ағылған башқұрттар мен Сібір татарлары ығыстырды. Бұхара ханы ІІАбдаллах Сібір ханы Көшіммен одақтас еді. Бұл екі хан бірігіп, Қазақ хандығына қарсы әрекет етті. Сондықтан 1594-1595 жылдардағы Мәскеу өкіметімен келіссөздерде Тәуекел хан Орыс патшалығымен әскери одақ жасауға ұмтылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет