Негізгі сұрақтар


Сібір хандығының ішкі және сыртқы саясаты. Көрші елдермен жаугершілік соғыстары



бет4/5
Дата27.10.2023
өлшемі411,96 Kb.
#188670
1   2   3   4   5
Байланысты:
СОӨЖ 2

Сібір хандығының ішкі және сыртқы саясаты. Көрші елдермен жаугершілік соғыстары

Көшім ханның тұсындағы Сібір (Түмен) хандығы (1563-1598)

Э.Дженкинсон картасының негізінде құрылған Абрахам Ортелидің 1570 жылғы картасы

Едігердің орыс патшасының қол астына өтуі Шибан әулеті өкілдерінің наразылығын тудырды. 1555-1563 жылдары Мәскеуде Едігердің, Мұртаза мен оның ұлдары Ахмет-Керей және Көшімнің елшілері келіссөздер жүргізген. Орыс патшасы IV Иванның ноғай биі Исмаилге хатына сәйкес хан тағына 1563 жылы Мұртазаның үлкен ұлы Ахмет-Керей отырды. Шибан әулетінде қалыптасқан дәстүр бойынша ағайынды хандардың біреуі саяси, ал екіншісі әскери функцияларды атқарған. Көшім ханның 1560-шы және 1570-ші жылдары шығысқа ұйымдастырған жорықтарының нәтижесінде Қызыл-Тура мен Есілдің сағасынан бастап, Ом өзені, Барабы даласы, Обь маңындағы жерлерді басып алды. Жергілікті тайпалардың билеушілерімен одақ құрып, төленетін алым-салықтың мөлшерін бекітті. Жаңа шекаралардың бойында кішігірім қалашықтар салдыртты, ал саяси жағдайы тұрақсыз аймақтарға сенімді адамдарын жіберген. Барабы даласында ханның өкілі ретінде ордасы Тон-Тура қаласында (орыс. Воскресенское городище) орналасқан Боян би белгілі. Обь өзенінің жоғары ағысында мекендеген қалмақ тайпалары Көшім ханның одан әрі шығыс аймақтарды бағындыруына кедергі болды.

Көшім ханның Едігер мен Бекболат бастаған әскерімен шайқасы

Көшім хан 1569-1570 жылдары қазақ ханы Хақназарға қарсы әскери жорық ұйымдастырған. Ноғай мырзаларына жөнелтілген орыс елшісі Семен Мальцевтің Мәскеуге жазған хатына сәйкес Хақназар хан, Шығай және Жалым сұлтандар бастаған әскер Ноғай ордасын шабуылдаған. 1570 жылы қазақ ханы басып алған жерлерінен шегініп, ноғай мырзаларымен, түмен (сібір) ханымен бітімге келген. 1570-ші жылдары Түмен (Сібір) хандығының майдан даласындағы белсенділігі батысқа ауысты. Оралдың арғы бетін басып алған Көшім Пермь жерін және салынып жатқан жаңа орыс қалаларын жиі шабуылдаған.

Көшім ханның суреттелген бейнесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет